Редакция таңдауы
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Іле-Балқаш резерватының аумағында 150 га алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Маусым, 2023
Ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау қажет – Мәжіліс депутаты
Мәжіліс депутаттары Премьер-министр Әлихан Смайыловқа «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларынан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауал жолдаған. Әлихан Смайылов сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Маусым, 2023
Креативті индустрияға жататын қызмет түрлері заңмен бекітілді
Креативті индустрияға жататын экономикалық қызметтің 43 негізгі түрі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Маусым, 2023
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай іс-шара өтті
Іс-шараға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2023
Білім беру саласында қаржы жымқыру схемалары анықталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Маусым, 2023
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті
Бір жыл ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, оның ішінде күріш, картоп, сәбіз сияқты өнімдердің бағасы 9,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Маусым, 2023
Мемлекеттік қызметтегі әйелдің рөлі
Мемлекеттік қызметте әйелдер ерлермен тең мансап құра ала ма? Олардың жұмыс уақыты қандай болуы керек? Қызметке қабылдау және жұмыстан шығару кезінде олардың құқықтары сақтала ма? Жалпы, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі қандай? Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған диалог алаңында сарапшылар осы мәселелерді талқылады.
23 Маусым, 2023
90-жылдар басында Қызылорданың Құмкөл кенішінде алғашқы мұнай өндіріліп, аграрлық сала атанып келген өңір өнеркәсібіне үлкен өзгеріс енгізілді. Осыған дейінгі 5-6 жыл жер қойнауындағы «қара алтын» қорын зерттеуге, инфрақұрылым тартуға жұмсалған-ды. Осылайша, Сырда тың кәсіпке жол ашылып, жергілікті кадрлар даярлауға баса мән берілді. Дегенмен соңғы жылдары отыз жылдан астам ел өзегін жалғаған өндіріс қарқыны бәсеңдеп келе жатқаны байқалады.
23 Маусым, 2023
Есірткі саудалаушылар есіріп барады
Елімізде соңғы бес айда 600-ден аса есірткі сатушы ұсталса, оның 99-ы – әйел. Ішкі істер министрілігі, әсіресе Телеграм желісінде есірткі саудалаушылар саны өсіп бара жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Соңғы 5 айдың өзінде есірткі жарнамалайтын 2200-ден астам сайт бұғатталған. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында құзырлы орган өкілдері мәлімдеді.
23 Маусым, 2023
Уыстағы ураннан ұлысқа пайда бар ма?
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамына қарасты уран өндіруші 20-дан астам кеніштің 15-і Түркістан облысында орналасқан. Статистикалық мәліметке сәйкес өңірдің тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өткен жылы 425,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 350,0 млрд теңге болған екен.
23 Маусым, 2023
Адамзат баласы виртуалды әлемге неғұрлым енген сайын қылмыскерлер, соның ішінде алаяқтар да заман көшінен қалмау үшін өздерінің қитұрқы әрекеттерін интернет және цифрлы технологиялар арқылы жүзеге асыра бастады. Дегенмен оған қарсы жасалып жатқан шаралар да көп. Мамандардың айтуынша, шынайы өмірдегі алаяқтықтан гөрі интернеттегі алаяқтық өзінің артында көп ізін қалдырады. Сондықтан сауатты түрде оның ізіне түсе білсе, мұндай қылмыскерлердің түр-түсін анықтап, құрықтау аса қиындық туғызбайды.
23 Маусым, 2023
Ұлттық спорт – идеологиялық құрал
Түркістанда Президенттің төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтай қоғамдағы диалогтің жылдан-жылға нығайып келе жатқанын көрсетті.
22 Маусым, 2023
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық идеологиямызды дамыту жөнінде нақты бағыт-бағдарды белгілеп берді.
22 Маусым, 2023
Еңбек адамына кәсіп бастауға ештеңе кедергі бола алмайды. Ең бастысы, ниет болса болғаны. Қазір шағын және орта шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл бағытта отбасымен тұшпара түйіп, қымыз өндіруге ниетті жетісулықтар үлгі. Біз халықтың көңілін тапқан кәсіпкерлердің шаңырағына барып, жұмысымен танысып қайттық.
22 Маусым, 2023
Он екі қасиет немесе «Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет»
Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың «Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада салаға қатысты тың ойлар айтылып, ұлы даламыздың данышпандары Әбу Насыр әл-Фараби, хакім Абай, басқа да ғалым, ойшылдардың адам туралы, оның қадір-қасиеті туралы нақыл сөздері ұтымды пайдаланылып, бүгінгі мемлекеттік қызметшінің қандай қасиеттерге ие болу қажеттігі көрсетілген.
22 Маусым, 2023
Қылмысқа қарсы қуатты тұжырымдама
Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық форум өтті.
22 Маусым, 2023
Жұбы жарасқан тәртіп сақшылары
Олар – бір мамандықты өмірлік кәсіп етіп, қоғам тыныштығын күзетіп жүрген жұбайлар. Отанмен бірге отбасының да бірлігі мен татулығын сақтап өмір сүру – жауапты іс. Полиция қызметінің бар ауыртпалығын бірге көтеріп, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан тәртіп сақшыларының қатарында Жәнібек пен Әйгерімнің шаңырағын да ерекше айтуға болады.
22 Маусым, 2023
Бұл күндері Алматыда Әзербайжаннан шыққан әйгілі қылқалам шебері Баби Бадаловтың «To See, To Read, To Tell» атты алғашқы көрмесі өтіп жатыр. Күзге дейін жалғасатын дербес көрменің өзіндік ерекшелігі, Бадаловты «бейнелеу өнеріндегі ақын» десек те болады.
22 Маусым, 2023
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Маусым, 2023
1 шілдеде шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады
Заңдастырудың аяқталуына 10 күннен аз уақыт қалды. Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар және әкімшілік полиция басқармаларының процессингтік орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 Маусым, 2023