Редакция таңдауы
Жастар поэзиясы – неміс тілінде
Орталық Азия, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан топырағында түлеген жырлар кәрі құрлықта қанатын қомдап, Алмания руханиятына ат ізін салды. Түбі бір түркі халықтары жас шайырларының шоғыр-шоғыр жырлары тұтасқан қалың антологияға енген әр елдің жыры ана тілінде һәм неміс тіліне тәржімәланған нұсқасы қоса жариялануымен де құнды. Уақыт өткен сайын тамыры терең қазақ жырларының өрісі кеңіп-ақ келеді. Соның бір мысалы, Гёте топырағына барып, неміс оқырмандарымен сырласатын осы антология.
16 Мамыр, 2023
2023 жылғы журналистика саласы бойынша Пулитцер сыйлығы (Pulitzer Prizes)
Пулитцер сыйлығы (Pulitzer Prizes) – жыл сайын Нью-Йорктегі Колумбия университетінде тағайындалатын АҚШ-тың журналистика, әдебиет және музыка саласындағы беделді марапаты. Оның негізін қалаған – америкалық журналист және баспагер Джозеф Пулитцер. Осы сыйлықты ұсыну туралы Дж.Пулитцер 1904 жылғы өсиетінде жазып кеткен.
16 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның барлық азаматы мемлекетіміздің өткеніне, бүгініне және болашағына, ұлтымыздың рәміздеріне және оның мәдени өзегіне қатысы бар екенін сезінуі керек», деді.
16 Мамыр, 2023
Керекудегі кең ауқымды жаңарту
Екібастұздың жылу жүйесі мен жылу-энерго орталығындағы жабдықтарды жаңғыртуға биыл 26,3 млрд теңге жұмсалмақ. Жергілікті бюджеттер мен Үкіметтің резервінен 19 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. «ОАЭК» АҚ және ERG компанияларымен жасалған меморандумдарға сәйкес биыл Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жалпы ұзындығы 49 шақырым жылу құбырлары, энергия көздеріндегі 40-қа жуық қазандық жабдығы жаңарады.
16 Мамыр, 2023
Ұлттық құраманың бас бапкері Президентке бокс қолғабын тарту етті
Бүгін 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауов, сондай-ақ бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлері Ақорда резиденциясында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Мамыр, 2023
«Қазақтың Ломаченкосы». Әлем чемпионының лақап аты қайдан шыққан?
Әлем чемпионы атанған 21 жастағы Махмұд Сабырхан - Қазақстан спортының басты жұлдыздарының бірі. Алайда, бокстан аса хабары жоқ жанкүйерлер оны өз атымен емес, «қазақтың Ломаченкосы» деген лақап атымен таниды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы атанды
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина әлемдік рейтингте алғаш рет үздік бестіктің қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Мамыр, 2023
Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игере алмаған министрліктерді атады
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджеттің атқарылу деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Мамыр, 2023
Жасанды интелектінің мақсаты қандай?
ChatGPT - ең жылдам дамып келе жатқан қолданба, себебі ол іске қосылғаннан кейін 2 айдан кейін 100 миллионнан астам рет жүктелген.
16 Мамыр, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мәселелері талқыланды.
16 Мамыр, 2023
Инвестиция тартудан Орталық Азияда көшбасшымыз
Әлемнің 40-тан астам елінен келген ірі инвесторлар инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту мәселесін, бұл бағыттағы Орталық Азия мен Қазақстанның мүмкіндіктерін Азия және Тынық мұхит аймақтық даму институттарының қауымдастығы (ADFIAP) мүшелерінің 46-кездесуінде талқыға салды. Өңірдегі ауқымды жобалардың атқарушысы – Еуразия Даму Банкі (ЕАДБ) қабылдаушы ұйым ретінде жұмыс істеді. Халықаралық конференция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен ашылды.
16 Мамыр, 2023
Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді.
16 Мамыр, 2023
Қызылорда қаласы мен 7 аудан орталығы күре жол мен теміржолды жағалай қоныс тепкен Сыр өңірінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі іске қосылғалы бері алыс-беріс, барыс-келіс артып, тіршілік жандана түсті. Одан бөлек, жылдан-жылға облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу аясы ұлғайып, қазір көп елді мекенге қиналмай жетуге мүмкіндік туды.
16 Мамыр, 2023
Ерлікпен қаза тапқан құтқарушы «Айбын» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Мамыр, 2023
Қатардағы жауынгерден генералға дейін
1991 жылғы тамыз дағдарысы жетпіс жыл үстемдік құрған кеңес одағының құлауына алып келді. Осы тұста еліміз де егемендік алып, 1992 жылдың 7 мамырында Қарулы күштеріміз құрылды. Содан бері 31 жыл өтті. Осы уақыт ішінде елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін қаншама қыруар шаруа атқарылды. Ол кезең де бүгінде тарих қойнауына енді.
15 Мамыр, 2023
Бақытты шаңырақ – берекелі ұлт тірегі
Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті. Іс-шараға ата-аналар комитеттері, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымының өкілдері қатысты. Алқалы жиынның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және рухани-адамгершілікке негізделген отбасылық құндылықтарды дамыту мен насихаттауда ата-аналар қауымының белсенділігін арттыру.
15 Мамыр, 2023
Елордалық көрермен үшін өткен демалыс күндерінің тартуы мол болды. Соның бірі де бірегейі – «Астана Опера» театры сахнасында тұсауы кесілген Иржи Килианның «Кішкентай өлім» балетінің премьерасы десек, артық айтқандығымыз емес. Заманауи хореографиядағы ең әсерлі балеттердің бірі саналатын айтулы өнер туындысы театрсүйер қауым арасында үлкен резонанс туғызды.
15 Мамыр, 2023
Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында атой салып, Көк туды биікте желбіреткен қазақтың батыр ұлдарын жанкүйер қауым елорда әуежайынан сый-құрмет көрсетіп күтіп алды. Жаһандық жарыста жасындай жарқылдаған жерлестеріміздің жеңісіне ортақтасқан дүйім жұртшылық спортшыларға ізгі тілектерін жолдады.
15 Мамыр, 2023
Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның 1933 жылы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаны туралы куәлігі сақталған. Куәлік бланкісі орыс тілінде жазылған. Сол жағында көрнекті қайраткердің 6 х 4,5 суреті мен куәліктің соңында институт директорының, тіл және әдебиет бөлімі меңгерушісінің және секретардың қолы қойылып, мөрі басылған.
15 Мамыр, 2023
Күннен де, желден де қуат алады
Жезқазғанның жанында қуаты 1,2 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталды. Бұл нысанның құрылысына 378 млн теңгеден аса қаржы тартылды.
15 Мамыр, 2023