Редакция таңдауы
Құрбан айтта қандай санитарлық талаптарды сақтау керек?
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық комитетінің мамандары Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Маусым, 2023
Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы жемқорлықпен ұсталды
Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Маусым, 2023
Балық шаруашылығындағы бетбұрыс
Мұнайлы өңір экономикасын өрге сүйрейтін саланың бірі – балық шаруашылығы. Қазір Жайық-Каспий бассейніндегі су айдындарынан маржан сүзуді кәсіп еткен 21 балық шаруашылығы бар. Оның ішінде 19 серіктестік балық аулайды, ал екеуі тауарлы су маржанын өсіреді. Бұл кәсіпорындарда 614 адам тұрақты, 3 217 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.
22 Маусым, 2023
Жақында «Jusan Analytics» 2012-2022 жылдар аралығындағы еліміздің банк секторына шолу жасап, қаржылық қызметтер нарығының трансформациясын қарастырды. Аталған жылдары қаржы саласында біршама өзгеріс болып, әлемдік қаржы дағдарысынан кейін нарықта банк секторының активтері 10 жыл ішінде 3 есеге жуық өсіп, ұлттық валюта 3 есеге құнсызданған.
22 Маусым, 2023
Астана келіссөзі: Абыройлы миссия аяқталды
Елордада Сириядағы ахуалға байланысты ұйымдастырылған Астана келіссөздерінің соңғы раунды өтті. Екі күнге созылған келіссөздерден кейін ұйымдастырылған пленарлық отырыста Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш халықаралық кездесулердің қорытындысымен бөлісті. Оның айтуынша, Астана процесі аясында Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі 20-шы халықаралық кездесу нәтижелі аяқталған.
22 Маусым, 2023
Мемлекет басшысының тапсырмасымен осыдан екі жыл бұрын экономика, өнеркәсіп, қаржы, әлеуметтік және басқа да салалар бойынша сомасы 36 триллион теңгені құрайтын 10 Ұлттық жоба әзірленді. Оның ішінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Ұлттық рухани жаңғыру», «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Жасыл Қазақстан», «Қауіпсіз ел» және «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» жобалар енген еді.
22 Маусым, 2023
Өткен жылдары еліміздің ІЖӨ динамикасы қалпына келтірілгеннен кейін биыл экономикада нақты мәнде 4-5% өсім жоспарланып отыр. Ресейдің Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі (АКРА) елімізде өнеркәсіптік құрылымды әртараптандырудың кезең-кезеңімен ұлғаюын атап өтті.
22 Маусым, 2023
Биылғы жылдың 4-тоқсанында ел аумағы арқылы Ресейдің табиғи газы Өзбекстанға тасымалдана бастайды. Біздің тарап Орталық Азия аймағындағы энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және қаражат алу бөлігінде бұл газ транзитіне мүдделі болып отыр.
22 Маусым, 2023
Салымшы және инвестициялық табыс
Биылғы мамыр айына дейін ел азаматтарының зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге, яғни 6,9 %-ға өскен. Ал соңғы төрт айда зейнетақы жарналарының сомасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 663,42 млрд теңгеге жетіп, өсім 27%-ды құрады. Бұл былтырғыдан 139,88 млрд теңгеге артық. Осыған қарап-ақ, зейнетақы жинақтарының өсімділігі инвестициялық табыстан да маңызды рөл атқарып отырғандығын бағамдауға болады. Өткен төрт айда қор салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген, Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы 481,8 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артқан.
22 Маусым, 2023
Сақтандыру қорында қордаланған мәселе көп
Ел арасында міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына қатысты сын-пікір айтылып жүр. Оның дені сақтандыру пакетіндегі медициналық көмектің қолжетімділігіне қатысты қордаланған түйткілдер. «Ақ жол» демократиялық партиясында өткен дөңгелек үстелде Медициналық сақтандыру қорына қатысты көптің көкейінде жүрген мәселе қаралды.
21 Маусым, 2023
Жүрегі екі рет тоқтап қалған бала
Жазатайым таушымылдық гүлінің спирттік тұнбасын сумен шатастырып ішіп қойған Дастанның анасы ұлын бір ажалдан аман алып қалған Балалар жедел жәрдемі дәрігерлеріне алғысын жаудырды.
21 Маусым, 2023
Ұлт ұясы – Ұлытаудың ұлылығын ұлықтаған әндер аз емес. Бірақ солардың арасында ақын Сайлаухан Нәкенов пен композитор Жақсыкелді Сейіловтің шығармашылық бірлігінен дүниеге келген «Ұлытау» әнінің шоқтығы биік.
21 Маусым, 2023
Биылғы ҰБТ-да қандай заңсыздықтар тіркелді?
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев биылғы ҰБТ-да білімдерін сынаған мектеп түлектерінің «креативті шпаргалкалары» жайлы сөз қозғап, талапкерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2023
Қазақстанда Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасы әзірленеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Халықаралық еріктілер форумының екінші күнінде Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2023
Ерен еңбегімен көзге түскен еріктілер «Шапағат» медалімен марапатталады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2023
Президент еріктілердің жұмысын жоғары бағалады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Халықаралық еріктілер форумына қатысты. Президенттің айтуынша, Қазақстанда еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2023
Республикалық бюджет есебі бекітілді
Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша депутаттар Конституциялық соттың «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауын тыңдады.
21 Маусым, 2023
Құрылтай жүктеген міндеттер қалай жүзеге асады?
Қазіргідей алмағайып заманда ұлтты адастырмай, өзі армандаған азаттық жолына алып шығатын бір үлкен басқосу керек еді. Кезінде ел басына күн туғанда хандар мен билер үш жүздің игі жақсыларын Ордабасыдағы құрылтайға шақырғаны белгілі. Бүгінде қару емес, идеологиялар қақтығысқа түскен руханият майданында да жаһанданудың иіріміне жұтылып кетпес үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық құрылтай» деген атаумен халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым өмірге келді.
21 Маусым, 2023
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ғалымдары «Asfen.forum: жаңа буын – 2023» технологияларды коммерцияландыру реакторы алаңында ғылыми жаңалықтарын бизнес өкілдеріне таныстырды. Жиырмадан астам жоба ішінен іріктелген 12 әзірлеме инвестициялық тартымдылығымен қатар, әлеуметтік сипаты жағынан да ерекшеленді.
21 Маусым, 2023