Редакция таңдауы
Бұйырған несібесін жерден терген еңбекқор жұрт үшін жауапты кезең басталды. Жыл өткен сайын дариядағы су деңгейі төмендеп, «Егінші жылда, балықшы күнде арманда» дегендей, киген диқандар биыл да жерге алғашқы дәнді үмітпен тастады. Осы жылы облыстағы егін көлемі 195,6 мың гектар болмақ. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 83,9 мың гектарға себіледі.
03 Мамыр, 2023
Жаңа экономикалық саясат: басым бағыттар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керектігін ескертті. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажеттігін қаперге салды. «Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті» деп кесіп айтты Мемлекет басшысы.
03 Мамыр, 2023
Елімізде инфляция көрсеткіші жылдық мәнде қатарынан екінші ай баяулап, сәуірде 16,8 пайыз болды. Бұған дейін ақпанда – 21,3, ал наурызда – 18,1 пайыз болған еді. Жылдық мәнде азық-түлік тауарларының бағасы – 17,9 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 18,2 пайыз, ақылы қызметтер 13,7 пайызға өсті.
03 Мамыр, 2023
Осы жылдың үш айының қорытындысы бойынша елімізде электр энергиясын өндіру 31 млрд кВт-сағатты құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға артық. Осы уақытта электр энергиясын тұтыну 30,9 млрд кВт-сағатқа (жылдық өсім – 1,4%) жеткен.
03 Мамыр, 2023
Жасанды интеллект саласындағы жарыс
Жасанды интеллект (AI) көмегімен ауқымды деректерді талдайтын «Presight AI» компаниясы мен «Astana Hub» халықаралық технопаркі «AI Battle» жарысын өткізді. Жарыс жасанды интеллект, үлкен деректер және машиналық оқыту саласындағы стартап-идеялар деңгейін көтеруге әрі бизнес аясын кеңейтуге бағытталған.
03 Мамыр, 2023
LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сот үкімі шықты
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен отырыс барысында Astana LRT ісі бойынша Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2023
Үкімет Аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
Құндызбек Болатұлы ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Мамыр, 2023
Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзаруы мүмкін
Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2023
Қазақстанда арзан азық-түлікті қайдан алуға болады?
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда азық-түлік тауарларын төмен бағамен сатып алудың жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы ФИФА президентінің сыйлығын қабыл алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ФИФА президенті Джанни Инфантиноның сыйлығын қабыл алды. Бұл туралы БОРТ N1 телеграм арнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
03 Мамыр, 2023
ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді
ФИФА президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Мамыр, 2023
Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Қазақстан-Тәжікстан бизнес форумында Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин KazakhExport компаниясының сақтандыру құралдарын пайдалануды кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2023
Биыл 6,1 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Мамыр, 2023
Таза ауыз су халыққа түгел жеткізіледі
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қалалық және ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ауыз сумен 100% қамту іс-шаралары қаралды.
03 Мамыр, 2023
Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясында ұйымның Еуропа кеңесімен ынтымақтастық туралы қарарын қолдады. Аталған құжатта Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынайтын тұсы бар. Негізі, Қазақстан екі елдің арасындағы қақтығысқа бейтарап позиция ұстанады. БҰҰ қарарына қатысты Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме берді.
03 Мамыр, 2023
Жетісу өңірінде уағында 4 қант зауыты жұмыс істеген. Ол тұста шаруалардың жауапкершілігін өкімет өз мойнына алатын. Ал тиісінше кәсіп иелері мемлекет бекіткен межені артығымен орындауға күш салатын. Бұл пропорция жүз пайыз елді ұйыстырған қарекет еді. Осы жайында бізге қант қызылшасын егуден өңірдің «чемпионы» атанған Әкімбай Зәкірбайұлы әңгімелеп берді.
03 Мамыр, 2023
Қарабұлақтың қан-жын аққан «бұлағы»
Еліміздегі ең үлкен ауыл саналатын Қарабұлақ тұрғындары елді мекен маңайындағы сарқынды су жиналатын орындардан мезі болып отыр. Ашық жатқан қалдық судың иісі қолқаны қабатыны аздай, борсығаны былай, бау-бақшаны суаратын арыққа да құйылып жатыр. Тұрғындар қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқан көлшіктерге қатысты жергілікті биліктің көп уақыттан бері нақты шара қолданбай отырғанына наразы.
03 Мамыр, 2023
Шеринг тренді – қайырымды сыйлық үрдісі
Отандық аналитиктер шеринг тренді елімізде белсенді айналымға ие болғанын, сондай-ақ отандастарымыздың қандай тауарларды сыйға жиі беретінін және басқалармен салыстырғанда қай қалалардың тұрғындары заттарын тегін беруге дайын екенін анықтады.
03 Мамыр, 2023
Дин дегеніне жетті. Қытайлық шахматшы әлемнің 17-чемпионы атанды
Спорт әлемінде тосын нәтижелер, ешкім күтпеген жеңістер жиі болмаса да, ара-тұра тіркеліп тұратынын жанкүйерлер жақсы біледі. Мәселен, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасындағы марқұм Бекзат Саттархановтың алтыны, 2019 жылғы бокстан әлем чемпионатында ешқандай атақ-даңқы жоқ Бекзат Нұрдәулетовтің бес дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крусты нокдаунмен жеңуі, бірер ай бұрынғы футболдан Қазақстан құрамасының әлемнің азулы құрамасы Данияны қапы қалдыруы, сол Данияның өзі 1992 жылғы Еуропа чемпионатына ойда-жоқта қосылып, Кәрі құрлық додасының жеңімпазы атануы сияқты түрлі мысалдар жетіп артылады.
03 Мамыр, 2023
Атырауға нәпақа табу үшін өзге елден келетіндер көп. Солардың қатарындағы Қырғызстан мен Өзбекстанның азаматтары жетерлік. Алайда шекарадан өткен соң із-түзсіз жоғалып кететіндер де бар. Сондай жандарды түн ұйқысын төрт бөліп, кіндік қаны тамған туған жеріне жеткізер жолына сарғая қараған ата-анасының, бір туған бауырының алаңдауы ойлантпайтын секілді.
02 Мамыр, 2023