Редакция таңдауы
Еліміздің әлемдік аренадағы беделінің артуы, дүние жұртшылығын аузына қаратқан саңлақ таланттарымыздың көптеп шығуы шетел азаматтарының назарын Қазақстанға және қазақ тіліне аударып отыр. Оның бір дәлелі – бүгінде ана тілімізді үйренгісі келетін шетелдіктердің саны көбеюі. Солардың бірі – жапон қызы Мисаки Эбина «Қазақ тілін 7 айдың ішінде үйреніп алдым», дейді. Біз оған арнайы хабарласып, өзі туралы және қазақ тіліне қызығушылығы қалай басталғаны жайында білген едік.
01 Мамыр, 2023
Әр елдің шет мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынасында экономикалық сала басым тұрады. Одан соң білім, мәдениет саласы алға шығады. Ал Қазақстан мен Германия арасындағы байланыс адами капиталмен құнды. Мұның бір дәлелін екі арасындағы байланыстың мысалынан байқауға болады. 1 мамыр – Халық бірлігі күні қарсаңында Қазақстан-Германия үкіметаралық Комиссиясы елімізде тұратын этностық немістерді қолдауға арналған коммюнике қабылдады.
01 Мамыр, 2023
Инновациялық жобалар – ел игілігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне былтыр «зерттеу университеті» мәртебесі берілді. Бұл білім ордасының ғылымды дамытуға жаңаша бағыт алғанын айғақтайды. Ендігі жерде университеттің Ғылыми-технологиялық паркі мен ғылыми-зерттеу зертханаларына үлкен жауапкершілік артылып отыр.
01 Мамыр, 2023
Жиырма жылдан кейінгі жетістік
Францияның Анже қаласында ұйымдастырылған шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы бірінші А дивизионының әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты додада өнер көрсеткен жерлестеріміз Қазақстан жанкүйерлерін қуантып, 20 жылдан кейін алғаш рет жаһандық доданың элиталы кезеңіне жолдама алды.
01 Мамыр, 2023
Дин Лижэнь шахматтан әлем чемпионы атанды
Бүгін елордада классикалық шахматтан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь ресейлік Ян Непомнящийден басым түсіп, шахматтан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Сәуір, 2023
Қазақстанның танымалдылығы ма, әлде тартымдылығы ма соңғы жылдары елімізге қоныс аударушылар саны артты. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, өткен жылдың өзінде елімізге 18 мыңға жуық адам көшіп келген. Яғни 2021 жылмен салыстырсақ бұл көрсеткіш 57,5 пайызға өскен. Мұның сыры неде?
30 Сәуір, 2023
Қауға сақал, бұйра шаш, қабағы қатыңқы славян халқын көрсек, кержақтардың ұрпағы шығар деп топшылаймыз іштей. Әбден мүмкін. Біздің жақтағы тау арасындағы, Бұқтырма, Үбі жағасындағы ауылдарға ертеде, тым ертеде ескі дін ұстанушылар көшіп келіпті. Бас сауғалап, қашып келіп, қоныстанған десек дұрыс шығар. Шыны сол. Ең қызығы, қазақ халқымен етене араласып, жерімізге сіңіп кеткендігінде...
30 Сәуір, 2023
Алты тіл білетін мажар қызына қоңырау шалып, әрине, қазақша сөйлестік. «Тұмарша дей беріңіз – бұл есімім Богларканың қазақша аудармасы. Оңайша апай маған Тұмарша деген қазақша есім берген», деді Мажарстан астанасы Будапешт қаласының тумасы. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқитын мажар қызы Богларка Фехер бүгінде өнерімен, білімімен Қазақ еліне танылып үлгерді.
30 Сәуір, 2023
Табиғаты талайды тамсантқан таулы өлкенің төсін ат тұяғымен дүбірлетіп, көкпардың көрігін қыздырып жүрген бозбаланы ауылдастары түгелге дерлік Никоша деп атайды. Бала күнінен аттың жалына жармасып, тақымына түскен тай-құлынның құлағында ойнауға әуестігі оны ортасынан ерекшелеп, танымалдылығын арттырды. Бүгінде атқұмар Никоша көк серкені тақымға басып, көмбеге тастайтын ұлттық ойын – көкпар тартудың хас шебері.
30 Сәуір, 2023
«Сары қазақ» – Сергей Кандилиди
Сергей Кандилиди «Bereke bank»-тің Орал қаласындағы филиалында қызмет етеді. Клиенттерге күрделі қаржы терминдерін, несие шарттарын мемлекеттік тілде жатық түсіндіріп беретін «сары қазақ» менеджердің даңқы біраз жерге жайылған. Сергей Павелұлы Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында дүниеге келген екен.
30 Сәуір, 2023
Енесін іздеп қозы-лақтың маңырауы өрістің сәні емес пе? Қыстан малы аман шыққан жетісулық шопандардың бүгінде көңілі жайлы. Мал төлдету науқаны бойынша 90 пайызға жуығы төлдеп болған. Әр 100 саулықтан 90-нан қозы-лақ алу межеленіп отыр. Біз осы орайда Көксу ауданына барып, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің әңгімесін тыңдап қайттық.
30 Сәуір, 2023
Мәжілістегі бір топ павлодарлық депутат Шығыс Қазақстандағы су қоймаларынан Ертіс өзеніне босатылып жатқан судың баяулығына алаңдап отыр. Судың ағынын арттырмаса, Павлодар облысының өзен бойындағы жайылмалары тіршілік нәріне дер уақытында қанықпай қалуы мүмкін. Халық қалаулылары Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәселені шұғыл түрде назарға алуды сұрап отыр.
30 Сәуір, 2023
Қадау-қадау ғасырлардан бері сақталған халқымыздың рухани мұрасы атадан балаға жалғасып келеді. Қай дәуірде болсын, ұлтымыздың өзіне ғана тән салт-дәстүрі мен рухани қазынасы тәрбиелік маңызын жойғаны жоқ. Сол үшін де оны біз бүгінгі күнде арнайы ғылым ретінде зерттеп, ұрпақтар санасына сіңіруіміз – күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Біз үшін салт-дәстүр байлық, сарқылмас мұра есебінде.
30 Сәуір, 2023
Иә, алдап-сулап әкеліп, сырға басыңды соғып кететін Шимұрындай, уақыт құрмағыр да біздің талай балшырын сәттерімізді ұрлап бағыпты-ау! «Әкудей, шіркін, өтер бір күн, миллион сомдық ойын-күлкің» деп Иса Байзақұлы жырлағандай, қылшылдаған құбарлан кездер білдірмей қыр асып кетіпті-ау!
30 Сәуір, 2023
Сергей КВАК: Жолдама үшін барымызды саламыз
Бүгін Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы «Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup» және «Juniors Billie Jean King Cup» іріктеу сайыстарының жалауы желбірейді. Оған 16 жасқа дейінгі Азия және Тынық мұхит аймағының үздік теннисшілері қатысады. Осы маңызды турнир алдында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының капитаны Сергей Квакпен сөйлесіп, шәкірттерінің алдағы жарысқа дайындығын сұраған едік.
30 Сәуір, 2023
Әрдайым тың форма мен тосын шешімдерді қойылымдарына өзек еткен «Астана Опера» театрының ұжымы жақында тағы бір тамаша туындының тұсауын кеспек. 13 және 14 мамыр күндері Вольфганг Амадей Моцарттың музыкасына қойылған Иржи Килианның «Кішкентай өлім» атты танымал бір актілі балеті тұңғыш рет Қазақстанда «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында көрерменге жол тартады.
30 Сәуір, 2023
Науырзым қорығында қызғалдақтың «Қызыл кітапқа» енген 4 түрі өседі. Бұл өңірдегі қосгүлді, жатаған, шренк, биберштейн қызғалдақтары сәуір-мамыр айларында Қарамеңді, Әулиекөл, Қайғы, Шолақсай, Аманкелдіге дейінгі сайын даланы сан түрлі бояуға малып, құбылта құлпыртып, жұпар аңқытып жібереді.
30 Сәуір, 2023
Арменияда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті
Кеше Армения астанасы Ереванда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты шоу-концерті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Сәуір, 2023
Павлодардағы Ленин кентіне Атамекен атауы берілді
Павлодардағы 10 мыңнан астам тұрғыны бар Ленин кентінің атауы өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
30 Сәуір, 2023
Владимир Никитин үздік қақпашы атанды
Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Владимир Никитин үздік қақпашы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Сәуір, 2023