Редакция таңдауы
«Келші, Құланға» кімге арналған?
Оның қай әнін тыңдасаңыз да жүрек тебіренеді. «Келші, айым», «Келші, Құланға» сынды шығармаларынан сағыныш самалы есіп тұратыны тағы бар. Көкдөнентаудың самалына маңдайын өптіріп өскен Мэлс Өзбековтің «Келші, Құланға» әні құландықтардың гимніне айналып кеткеніне де талай жылдың жүзі толды.
03 Сәуір, 2023
Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» атты кітабы қолға түскелі, күйшілер әлемі ұйықтай қойнауына тартқан. Жазушының қазақы қалың мәнері мен ұлттық қанық бояуы бірден елітеді. Әсіресе күйшілер жайлы көсіп-көсіп жазғанда қазақ болып туғаныңызға қуанасыз. Осынау ұлы халықтың тектілігіне, әзіз жанына бас иесіз.
03 Сәуір, 2023
Соғыста ақиқат жоқ, тек амбиция ғана бар. Сондықтан жеңісте тірі қалғандар ғана тойлайды. Шындығы осы. Кейде үлкен ұрыстар жаңа өмірдің бастауы секілді көрінеді, кейде жансыз денелердің ақылға таласы секілді. Бірақ бәрібір соңғы шешім ол емес. Черчилль дұрыс айтады. Жазықсыз жандардың өзгенің мүддесі үшін өлім құшуы. Ең ауыры, соғыс гүлдері жұпар иіс төкпейді.
03 Сәуір, 2023
Табиғаты көркем Алатаудың тау-тасы мен өзен-көлдері туризмнің қайнар көзі саналады. Отандық туризмді дамыту арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған жобалар жоқ емес. Биыл Алматы облысының туризм саласында 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген.
03 Сәуір, 2023
Туристі қазы-қартамен қызықтыра аламыз ба?
Кейінгі жылдары елімізде туризм саласы қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Мәселен, 2022 жылдың статистикасына зер салар болсақ, былтыр Ұлы даланың көрсе көз тоймайтын, айтуға сөз жетпейтін көрікті жерлерін тамашалауға 8 млн-ға жуық шетелдік саяхатшы келген екен. 2021 жылғы дерекпен салыстырғанда, бұл көрсеткіш әлдеқайда жақсарған.
03 Сәуір, 2023
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Елімізде жанар-жағармай бағасы қымбаттайды
Қазақстан билігі елдегі жанар-жағармай бағасын көтеруге мәжбүр. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2023
Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрі лауазымында қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінде қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Бибісара Асаубаева Үндістан Гран-приінде көш бастады
Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өтіп жатқан Гран-придің сегізінші турынан кейін бірінші орында қалды. Жарыстың келесі күні қазақстандық ойыншы турнирдің басты фавориттерінің бірі қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2023
Мен – өнер адамымын, салқын ақылға салып, сылтың көпшіксіз, сылдыр саясатсыз, екі шоқып бір қарайтын сақ көңілмен емес, жүрекпен сөйлейтін шермендемін. Ойларым жүрегімнен шыққанын дәлелдеп жатпай-ақ қояйын, өзінен сөзі ұзын қазақтың қайсысына уәж айтып, ақталайын...
03 Сәуір, 2023
Тілді дамытуға соны серпін қажет
Мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуді зор мақсат тұтқанымызға да отыз жылдан асты. Тіл саясатының жүзеге асырылуына әрдайым назар аударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сай туындайтын жаңа мүмкіндікті айқындау оның мәртебесін, қолдану аясын кеңейтері сөзсіз. Тілші-ғалымдар, жалпы тіл жанашырлары күн тәртібінен түспейтін осы ортақ мәселеге байланысты ой-пікірлерімен бөліскен еді. Осыған орай мемлекеттік тілдің қазіргі жай-күйі мен оны дамыту турасында бірқатар тіл жанашырының дөңгелек үстелде ортаға салған ой-пікірін ұсынуды жөн санадық.
03 Сәуір, 2023
Бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың басы дауға қалды. Оған порноактриса Сторми Дэниэлске өзара қарым-қатынасын жасыру үшін ақша төлеген деп айып тағылып отыр. Осыған байланысты туындаған дау-дамай мұхиттың арғы бетін ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкінтті.
03 Сәуір, 2023
Turkiy adabiyot durdonalari – бұл түркі әдебиетінің жауһарлары деген сөз. Осындай атаумен Өзбекстанда жарық көрген 100 томдық антологияның 10 томы қазақ әдебиетіне арналған.
03 Сәуір, 2023