Редакция таңдауы
Еліміздің әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылы қабылданып, 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілгені белгілі. Құжаттың негізгі міндеті – адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жеке немесе заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік орган әрекет ететін әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау.
30 Қаңтар, 2023
Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылықтың киелі ордасы. Ал осындай киелі орданың жүрегі – кітапханашы.
30 Қаңтар, 2023
Біз білетін Бекен Қайратұлы – ақпарат аламанында бәйгенің алдын бермес ақтаңгер журналистердің бірі. Ең басты ерекшелігі, қазақтың қара тіліне келгенде қамшы салдырмайды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайды. Сөйлесе таңдайынан бал тамады. Жазса сөздің сөлін шығарады. Осы ойымыздың айғағындай оның мәнді мақалалары оқырман олжасына айналғалы қашан.
30 Қаңтар, 2023
Монтаж... Фильмге жан бітетін кезең.«Қара қыз» жобасының түсіру кезеңі біткелі де біршама уақыт өтті. Жалпы, кино үш рет өмірге келеді. Ол сценарий жазылғанда, түсірілім болғанда, сосын монтажда. Режиссер үшін нағыз тыныш кезең – соңғысы. Менің де сол монтаждың «ләззатына» шомылып жүрген кезім. Монтаждан соң «укладка», яғни фильмнің диалогін қайта жазу, оған философиялық рең беру (мен үшін) және экрандағы сөз мәдениетін сақтау.
30 Қаңтар, 2023
Шамамен 1999 жылдың күз бен көктемінің бірі. Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында ақын-жазушылармен кездесу өтетін болды. Ел қатарлы біз де бардық. Кездесуді жүргізіп отырған ақын Есенғали Раушанов залда отырған қаламгерлерге кезек-кезек сөз беріп қояды.
30 Қаңтар, 2023
Қазақ поэзиясында Еуропаға алғаш «жорық» жасаған Абай болса, сол жорықты тереңдеткен, поэзиямызға Еуропалық ырғақ әкелген – Мағжан. «Еуропалық әшекейлері» сылдырлаған өрнекті өлеңдер әдебиетімізге жаңа тыныс қосты.
30 Қаңтар, 2023
Абай дүниеге өзімен бірге бүтін бір дәуірдің жаңа бастауын ала келді. Өзгеше пайым, жаңаша ойлау жүйесін қалыптағаны көрінеді. Қазақ әдебиетін уақыт тұрғысынан саралап, салмағы мен қуатына үңілгенде, Абайға дейінгі және Абайдан кейінгі болып бөлінетінінің өзі көп жайды аңғартады. Өміріңді жаңа арнаға бұру үшін әуелі ойыңды өзгерт демей ме?
30 Қаңтар, 2023
Конгресс кітапханасында сақталған
АҚШ Конгресінің Ашық кітапханасынан қазаққа қатысты деректер іздегенімізде, көптеген құнды сурет тауып едік, бүгін солардың екеуін оқырманға ұсынғанды жөн көрдік.
30 Қаңтар, 2023
Ұлттық музейде «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми зерттеу жұмыстары: басым бағыттары және нәтижелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
30 Қаңтар, 2023
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Бүгін «Егемен Қазақстан» редакциясына Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджепов келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2023
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов өзін банкрот деп жариялаған азаматтарды қандай салдар күтіп тұрғанын айтты деп хабарлайды Egemen.kz
30 Қаңтар, 2023
Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды
Зере Өтебаева Конституциялық сот аппаратының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2023
Қазақстанда пияз экспортына шектеу қойылды
2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пияз әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2023
Үкіметте шетелдік инвестицияларды тарту жоспарлары талқыланды
Сенбі, 28 қаңтарда, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Қаңтар, 2023
1958 жылы Панфилов ауданындағы Гвардия кеңшарына сонау АҚШ-тан асыл тұқымды, қызылкүрең түсті «Санта-Гертруда» сырының 200 басы жеткізілді. Аталған кеңшардың ең озат, ең тәжірибелі малшылары Нұрғали Мұқанов, Тұрсын Нұрғалиев, Рамазан Әкімбеков, Балабек Қалиевке сол асыл тұқым малдарды табын-табын етіп бөліп, бердітіп. Дәл сол жылдары бұл сырлардың құлағына сырға, құлағының ішіне арнайы аспаппен өшпейтін көк сиямен нөмірлер сіңдірілді. Мұндай тәсілмен нөмірлеу бұл өңірде бұдан бұрын болмаған еді.
30 Қаңтар, 2023
Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысты Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
30 Қаңтар, 2023
Шымкент қаласында тұратын 6 баланың анасы – Нәзира Дүйсебаеваның баспанасы өртеніп, далада қалып қойған еді. «Көп түкірсе – көл» дегендей, ананың қайғысын көтеруге жанашыр жұрт жұмылып, жылу жинауға кіріскен. Халық көмегінің нәтижесінде баспана жалдап жан баққан көпбалалы отбасының жеке үйге қолы жетті.
30 Қаңтар, 2023
Ізденіс пен ізгілік үйлескен іс
Шалқар ауданының Құрметті азаматы Ерлан Алдашев – І топтағы мүгедек болса да, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер. Ол аудандағы мекемелерге газ, өртке қарсы дабыл беру қондырғыларын, электр жабдықтарын, бейнебақылау камераларын қондырады. Сондай-ақ кейіпкеріміз «Шалқар саясы» мүгедектерді қолдау орталығын ашып, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып жүр әрі инватакси қызметін көрсетеді. Осылайша, бірнеше кәсіптің басын құрап, жеті адамға жұмыс тауып беріп отыр.
30 Қаңтар, 2023
Жамбыл облысында қолға алынған жергілікті халықтың табысын арттыруға бағытталған қанатқақты жоба енді «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылады. Осылайша, өңір тұрғындары 2,5 пайызбен несие алу арқылы кәсібінің табысын еселеуге күш салады.
29 Қаңтар, 2023
Екібастұздың жағдайы оңалар емес
Екібастұздағы жылудың жыры аяқталар емес. Орталық жылу жүйесінде төтенше жағдай болғанына екі айдай уақыт өтсе де, әлі күнге апат салдарын жою, қала тұрғындарын қыстан тоңдырмай алып шығу қарекеті жалғасып жатыр. Жылу орталығы қаңтар айында тұрғын үйлердегі жылу қайта-қайта тоқтатыла бергенін ескере отырып, аталған кезең үшін коммуналдық төлемақы қайта есептелетінін мәлімдеді.
29 Қаңтар, 2023