Редакция таңдауы
Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы балаларға арналған үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы қорытындыланды. Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен биыл екінші рет өтіп отырған байқауға Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының жас қаламгерлері қатысты.
26 Қазан, 2022
Елордада өтіп жатқан Қазақстан драма театрларының Шолпан Жандарбекова атындағы республикалық XXVIII фестивалі аясында тұлға жайлы қос бірдей тағылымды еңбек жарыққа шықты. Оның алғашқысы Қазақстанның халық әртісі Қадыр Жетпісбаев туралы естеліктер жинағы мен «Бала мерген» драмалық шығармалар екі томдығы болса, екіншісі – «Алаштың Ақтоқтысы» атанған аңыз актриса, театр мен кино жұлдызы, КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шолпан Жандарбекова жайлы «Шолпан жұлдыз» кітабының оқырманмен қауышуы. Қазақ театр тарихына теңдессіз тарту болып қосылған атаулы еңбектің қай-қайсысы да ұлттық өнеріміз үшін өлшеусіз олжа екені даусыз.
26 Қазан, 2022
Келесі аптада Алатау баурайындағы әсем шаһарда мәнерлеп сырғанау спортының «мұзбалағы», 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске түсіруге арналған ІІІ халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) ұйымдастыратын Challenger санатындағы жарыс 26-28 қазан күндері Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді.
26 Қазан, 2022
Республика күні қызылордалықтарға айрықша тарту жасады. Бір күнде қала мен облыс аудандарында балалар үшін 80 спорттық ойын алаңы, Оқушылар үйі мен балабақша пайдалануға беріліп, облыс орталығындағы қоғамдық көліктер қатары 40 автобуспен толықты.
26 Қазан, 2022
Атырауда Республика күніне орай ақындар айтысы өтті. Айтулы мерекеге арналған «Егемендігім – ерен елдігім» атты сөз сайысына Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Астана қаласынан 16 ақын қатысты.
26 Қазан, 2022
Үздік оқытушыға 6 миллион теңге беріледі
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2022» атты республикалық байқау өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Қазан, 2022
2022 жылдың тоғыз айында ІЖӨ өсімі 2,8%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2022
Ұлттық банк базалық ставканы тағы да көтерді
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтеру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2022
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 27-29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2022
Байланыс операторлары сапасыз интернет үшін айыппұл төледі
Нашар интернет үшін қазақстандық байланыс операторлары шамамен 271 млн теңге төлеген. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Мәжіліс алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2022
200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтініш берді
21 қыркүйектен бастап 200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтініш берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2022
«Armanǵa jol» желаяқтарды жинады
Қарағандыда «Armanǵa jol - 2022» жартылай марафоны елдің әр түкпірінен желмен жарысып жүрген желаяқтарды жинады. Республика күніне арналған шара, тіпті халықаралық сипат иеленді. Күздің дымқыл күніне қарамастан 3 мың адамның жүгіруге ынта білдіруі марафонның ауқымын аңғартса керек. Еліміздің өңірлерін айтпағанда, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан желаяқтарының ат терлетіп арнайы келуі марафон салмағын арттыра түскен-ді.
25 Қазан, 2022
Қызылордада облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Syr Jastary» атты веложарыс өтті. Республика күніне орай жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты насихаттап, саламатты өмір салтын қалыптастыру мен велоспортты дамытуды көздеген сайысқа 50-ге жуық жас қатысты.
25 Қазан, 2022
Әлем Самал есіміне сонау бір жылғы Францияның әйгілі Канн фестивалінде қанық болды. Фильмде тудырған қайталанбас бейнесі арқылы киноның талғампаз жанкүйерлерін күллі қазақ өнері мен өнерпазына бас игізді. Өнермен өмір сүрген қазақтың қаршадай қызы сонда тұтас ұлттың мерейін асырып, мәртебесін асқақтатқан еді.
25 Қазан, 2022
Республика күні Жетісуда да үлкен көлемде аталып өтті. Облыс орталығында өткен мерекелік жиында өңір басшысы Бейбіт Исабаев қырықтан астам азаматқа мемлекеттік наградаларды табыс етті.
25 Қазан, 2022
«Күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым» дейтін Күлтегін заманы дәл қазір қазақ ұлтының басына келіп тұр десек, қателесе қоймаспыз. Қай заманда да, қай бір жайдағы жоқ, жыртқышы мол кезеңде де қазақ баласы көкбөрідей жонын берген жоқ. Жолбарыстай жортып, киіктей қарғып, қырандай қалықтап, сұңқардай сорғалап күн кешіпті.
25 Қазан, 2022
Республика күні қарсаңында бірқатар теміржолшы қызметтік борышын үлгілі орындағаны, таңдаған мамандығына адалдығы, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қарқынын арттыруға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды. Олардың ішінде «Құрмет» орденімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистралдық желі Алматы бөлімшесі» филиалының Үштөбе белгі беру және байланыс дистанциясы БОБ учаскесінің бастығы Ержан Жебегенов марапатталды. Ол теміржол магистралінде шамамен 45 жыл жұмыс істесе, оның әр күні өзінің қызметтік міндеттерін өте мұқият және жауапкершілікпен орындаумен өтті.
25 Қазан, 2022
Алақандай Ақсу ауылында заманауи спорт кешені бой көтерді. Сол киелі топырақтың атымтай жомарт азаматы Айдын Сүлейменнің демеушілігімен салынған нысанның лентасы қиылды. Бұл рәсім Республика күні қарсаңында өтті. Жаңа спорт кешенінде 180 бала әртүрлі спорт түріне дайындала алады.
25 Қазан, 2022
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада осы ұжымның мүшелерінің күшімен дайындалған «Қазақстан – көк байрақты нұрлы ел» атты Республика күніне арналған мәдени шара өтті. Оған облыстың ардагерлер алқасының мүшелері, мемлекеттік және Ұлттық ұлан қызметкерлері, студенттер мен курсанттар, мектеп оқушылары қатысты.
25 Қазан, 2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, мәдениет және мерекелер мәселелерін қайта қарастырды. Аталған заң актісіне сәйкес, 25 қазан еліміз үшін ұлттық мереке – Республика күні болып қабылданды.
25 Қазан, 2022