Редакция таңдауы
Роналду «Манчестер Юнайтед» құрамынан шеттетілді
«Манчестер Юнайтед» Криштиану Роналдуды ойыннан шеттетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қазан, 2022
Ақтөбе қаласын реновациялау жобалары әзірленді
Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығы Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп Ақтөбе қаласын реновациялау жобаларын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қазан, 2022
Елордада автотұрақтар үш күн бойы тегін болады
Елордада Республика күніне орай, алдағы үш күн демалыста барлық автотұрақтар тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қазан, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 5 қыркүйекте Алаш арысының кіндік қаны тамған Ақкөл ауылынан Анадолы еліне дейін велошеру ұйымдастырған жерлесіміз Ернат Мелсұлы Анкараға жетті.
21 Қазан, 2022
Алдымен Фалькао, содан кейін Лара
Дүниежүзілік бокс ассоциациясы (WBA) мен Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы осы тұжырымдардың чемпионы Геннадий Головкинге осындай талап қойды. Яғни даңқты жерлесіміз IBF шешімі бойынша алдымен кәсіпқой бокста есім-сойы көпшілікке белгісіз бразилиялық Эскиве Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы тиіс. Егер оны жеңіп жатса, кейінен WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан үміткер кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) қолғап түйістіруге міндетті.
21 Қазан, 2022
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде сатирик жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы дәстүрлі «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының байқау-фестивалі өтті.
21 Қазан, 2022
Көктем мен жазға қарағанда қоңыр күз түрлі-түсті көрінеді. Оның бойында көктемнің де, жаздың да қасиеттері бар. Сол сияқты Астананың кеші де әр түсті, әр тарапты. Бір шетте опера мен балет қойылып жатса, екінші жағында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцертте» әлдебір концерт, кештер өтіп жатады. Соның біріне өткен сейсенбінің кешінде куә болдық. «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі «Қазақконцертте» «Folk&Symphony» атты кеш берді.
21 Қазан, 2022
Әлем чемпионын тәрбиелеген шаңырақ
Биылғы «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысуға Шымкент қаласынан 128 отбасы өтінім берген. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері, жас отбасылар, мәдениет пен спорт саласының үздіктері, кәсіпкерлер, меценаттар және ұзақ жылдар бойы ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбек сіңірген ұстаздар әулеті де бар.
21 Қазан, 2022
Ауылды қазақтың алтын бесігіне балайтын жанның бірі – Аманғали Жаңабаев. Әлі де облыс орталығынан шалғайдағы Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылында тұрады. Бұл ауылға зейнетке шыққан соң көшіп келген. Оған дейінгі ғұмыры саф ауасы тынысыңды ашар қыр төсінде өтті.
21 Қазан, 2022
Бозжігітовтер әулеті биылғы «Мерейлі отбасы» байқауында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаз атанды. Үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған Қамила әже – он бес құрсақ көтерген батыр ана.
21 Қазан, 2022
Қазіргідей алмағайып заманда айналамыздағы ежелден көрші елдермен ауызбіршілік пен түсіністікке қызмет ететін істің бәрі де өзекті. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесерін де осындай маңызды оқиғалар қатарына енгізуге болады.
21 Қазан, 2022
Қандай сайлау болса да ел тағдыры айқындалатын маңызды істің айналасында ұйысып, ұлттың мүддесіне дауыс беру баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді.
21 Қазан, 2022
Қалалық әкімдіктің және Халықты жұмыспен қамту орталығының қолдауымен Алматы қаласында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
21 Қазан, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде әлем тарихынан сыр тартатын құнды жәдігерлер аз емес. Солардың қатарында Еуропа мәдениетінің мәйегі саналған неміс шеберлерінің қолтаңбасы дара мәнге ие. Музей қорында сақталған осынау туындылардың басын біріктірген танымдық көрме «Дюрерден Эйфертке дейін» деп аталыпты.
20 Қазан, 2022
Бүгін елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Магнитогорскінің «Металлургімен» өткізеді. Матч аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен «Барыс» хоккей клубы «Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясын ұйымдастырмақ.
20 Қазан, 2022
Шевченко «қазақ» болғысы келе ме?
Осыдан бірер күн бұрын қазақстандық спорт басылымдары ресейлік теннисші, әлемнің 149-ракеткасы Александр Шевченко Швеция астанасы Стокгольмдегі ATP-250 турнирінде Қазақстан туы астында бақ сынап жатқаны туралы жазған еді.
20 Қазан, 2022
Астананың Абылай хан даңғылы мен Күйші Дина көшесінің қиылысында Күйшілер аллеясы ашылды. Алматы облысы Қордай елді мекенінен жеткізілген, көлемі 3х2 метрлік мәрмәр тасқа өнерімен кеңінен танымал 101 күйшінің аты қашалып жазылды.
20 Қазан, 2022
Ежелден қазақ текті түгендейді. «Кімсің?» демейді, «Кімнің баласысың?» дейді. Әкесін сұрайды. Ал әкенің ту сыртында – ақ жаулық, он саулық, ұрпақ, отбасы, ошақ қасы тұр. Даланың заңымен қоса отбасы институтында дара заңы бар ұлт еді. Содан шығар, жұртымызға кешеге дейін толық емес отбасы деген түсінік жат еді. Бір түрлі бөтен еді. Отбасы – қазақ үшін одақ емес, құндылық.
20 Қазан, 2022
Заңнама да, сана да өзгеруге тиіс
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мақсатында Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Шымкент қаласында көшпелі отырыс өткізді.
20 Қазан, 2022
Жуырда өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Жиынға тиісті сала басшылары мен онлайн режімде өңір әкімдері қатысты.
20 Қазан, 2022