Редакция таңдауы
Үздік ауыл әкімдері марапатталды
Бүгін үздік ауыл әкімдері марапатталды. Республика бойынша 17 ауыл басшысы үздік деп танылды. Олар өздерінің ауылды көркейтуге, халықтың жағдайын жақсартуға арналған әлеуметтік жобалары арқылы іріктелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Желтоқсан, 2022
Моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспар бекітілді
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Желтоқсан, 2022
Алаңдататыны – ақпараттық қауіпсіздік
Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы» бекітілмек. Ақпараттық доктрина – ақпараттық қауіпсіздік мәселесі. Ол әсіресе ақпараттық тұжырымдамаға сай жаңартылуы керек.
23 Желтоқсан, 2022
Елімізде масс-медиа қарқынды дамып, жаһандық үдерістермен қатар жүріп жатыр. Сондықтан отандық БАҚ-тың даму бағытын айқындап, Тұжырымдама жасау күн тәртібінен туындап отырған қажеттілік. Ақпарат – идеялар ағыны. Сәт сайын Қазақстанның ақпарат нарығында үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазіргі кезде ақпарат қоғамға әсер ететін үлкен күшке айналды. Бүгінде уақыт талабына сай тың идея мен тұжырым керек. Бұл ретте, ақпараттық доктринаның бекітілуі еліміздің медиа саласына тың өзгерістер әкеледі деп сенемін.
23 Желтоқсан, 2022
Өлеңді түсіну үшін әуелі оның табиғатына үңілу керек. Мысалы, осы өлеңнің қай жолдары бірінші туды екен деп ойлануға болады. Өйткені өлеңнің бас-аяғы түгел бірден туа салмайтыны – айтпаса да түсінікті жайт. Естіп те, көріп те, кейде бастан өткеріп те жүргеніміз алғашқы екі жолдың адамға қапылыста келетіні. Алладан түскен аян ба, бұл не өзі деп таңданып та қалатын секілдісің.
23 Желтоқсан, 2022
Әлеуметтік төлем көлемі артады
Ендігі жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің екі түрінің параметрлері өзгереді. Аталған өзгеріс бір төлем көлемінің артуы және бір төлем мерзімінің ұзаруы жөнінде болмақ. Бұл жаңалықтың жай-жапсары туралы бізге «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел айтып берді.
23 Желтоқсан, 2022
Абай шығармашылығы Ташкентте дәріптелді
Мемлекет басшысы Ташкент қаласында өтіп жатқан «Абай. Бауырлас халықтар мұрасы» атты көрмеге барды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Желтоқсан, 2022
Қаңтар оқиғасына қатысы бар 160 адам түрмеге қамалды
Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев ведомство қаңтар оқиғасына қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2022
Президент Ташкенттегі халықаралық конгресс орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми кездесу өткізу үшін Ташкенттегі халықаралық конгресс орталығына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2022
Қарағандының бір бөлігі жылусыз қалды
Қарағандыда бірқатар көпқабатты үй жылу берудің төменгі режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2022
«Қазгеология» басшылығына қатысты тергеу басталды
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2022
Орталық Азия Медиа форумы аясында Пулитцер сыйлығының лауреаты, «Associated Press» агенттігінің бұрынғы фотожурналисі Лю Хен Шинг БАҚ өкілдеріне шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатына журналистермен бірге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты.
22 Желтоқсан, 2022
Қырық жыл сыйласып «ағалаған», қара тұтып артынан ерген Әбекеңдей ақылман азаматтан айырылу қандай ауыр!?. «Елім» деп емініп, табысына қуанып, кемісіне налып өткен ер еді. Күңкілдеп күңіренбей, ащы шындықты бетке айтар екінің бірі болса – өзі еді. Әр сөзін, тамшы ойын саралап, оңы мен солын тұтастырып, әділінен жол тауып, тереңінен толғаушы еді. Өйткені ол – елім деп еңіреген Асан қайғы, Мөңке билердің асыл тұяғы, ғылымда да, тірлікте де философ-тұғын.
22 Желтоқсан, 2022
Орал қаласында «Қаламгерлер алаңы» ашылып, дүниеден өткен ақжайықтық ақын-жазушылардың құрметіне ескерткіш белгі қойылды.
22 Желтоқсан, 2022
Жабайы жануарларда шекара жоқ. Мезгілдің ауысуына, күн райының құбылуына байланысты немесе табиғи апаттар болса, көшіп-қонып жүре береді. Дегенмен ерекше қорғалатын аумақтардағы аң-құстар қорықшылардың қорғауында.
22 Желтоқсан, 2022
Маңдайға басқан зиялыларымыздың жалғасы, Тәуелсіздік жылдардағы ұлт жоқшысы Амангелді Айталы бақиға озды. Туған елінің сәтті қадамына сүйініп, жаза басқан жолына күйініп, осыны талдап-таразылай білу – азаматтың азаматы көтеретін ауыр да жауапты жүк болса, 90-жылдардың соңынан бастап осы тағдыр Әбекеңе бұйырыпты. Азат еліміздің тарихында Амангелді Әбдірахманұлы қасиеті халықтың «Парламент депутаты қандай болу керек?» сұрағына жауап секілді көрінеді. Оның әр кезеңде елдік мінбер мен баспасөзден сөйлеген сөзі ұлтымыздың бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылған қуатты болуына бағытталды. Байыпты ойы, парасатты тұжырымы, дәлелді ұсынысы нағыз ғалым екенін айқындап тұратын.
22 Желтоқсан, 2022
ТҮРКСОЙ: 2023 – Темірбек Жүргенов жылы
Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының мерейтойлық білім беру аясында «ТҮРКСОЙ: ынтымақтастық пен жасампаздыққа 30 жыл» атты халықаралық кітап-иллюстрациялық көрмесі ашылды.
22 Желтоқсан, 2022
«KEGOC»: Басты басымдық – сенім
Өткен жексенбіде Қазақстанның энергетика саласының қызметкерлері Энергетиктер күнін атап өтті. Осыған орай, еліміздің энергетика саласының көшбасшыларының бірі – «KEGOC» АҚ қызметкерлері кәсіби мерекелеріне қандай жетістіктермен келгендігін компанияның басқарма төрағасы Қаныш Молдабаевтан сұрадық. Біз сұхбаттасымызды кездейсоқ таңдағанымыз жоқ – биылғы шілде айында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толған болатын.
22 Желтоқсан, 2022
Айтақын Бұлғақовтың ағалық ақылы, әкелік қамқорлығы, ұстаздық өнегесі мен тәрбиесі болмаса бүгінгі Балғынбек те болмас еді.
22 Желтоқсан, 2022
Бүркітші қыз Айшолпан туралы кітаптың тұсауы кесілді
Бірінші Орталық Азия медиа форумында Лиз Уэльштің «Бүркітші» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2022