Редакция таңдауы
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров онлайн форматта ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий бастаған байқаушылар тобымен кездесті.
02 Қараша, 2022
Әулиекөлдегі жаңа үйлерді су басты
Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккен азаматтарға арналған 91 тұрғын үй салынды. Алайда жақында ғана қоныс тойын тойлаған кейбір үйлердің тұрғындары кәріздердің толып кеткеніне шағымдана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2022
Қазақстанда жемқорлық қылмыстарды көбіне әкімдіктер жасаған
Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары көбейгенімен, жауапкершілікке тартылғандар азайған, деп хабарлайды Egemen.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.
02 Қараша, 2022
Қайрат Сатыбалдыұлы шетелге шығарған қаражат елге қайтарылды
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2022
Жолы нашар елдің экономикасы да тәуір болмайды. Еліміздегі жолдардың жайы белгілі. Соған сай экономикамыздың да хал-ахуалы аңдалса керек. Бізде жол салу жанашырлық емес, жыл сайын бюджет қаржысын қарбыта асап қалу қамына айналғалы қашан. Жарайды, бұл басқа әңгіме. Негізгі айтпағымыз, өзгеше бір деректі негіз еткен зерттеу, сосын соңыра айтылатын оқыс пікір жайында.
02 Қараша, 2022
Гендерлік саясат – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Астанада еліміздегі әйелдер мен қыздардың саяси мүмкіндіктерін арттыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг басталды.
02 Қараша, 2022
«Қазақанимация»: мақсат пен міндет
Тәуелсіздік алған жылдары елімізде көркем өндіріс саласы, атап айтсақ, әдебиет, театр, кино, анимация белгілі бір деңгейде нәтижесіздік күйінде болды. Әрине, отыз жылдағы мәдениет пен өнердегі жетістіктерді жоққа шығара алмаймыз. Десек те қазір ел руханиятындағы әр салада жүйесіздіктен туындаған үлкен мәселелердің бары анық. Барлығына кәсібилік һәм қаржылық қолдау жетіспейді. Анимациялық фильм тақырыбында да сол түйткіл: шектеулі уақыт, шала мультфильм, ізденіс жоқ, мүмкіндік аз, тендерге тірелген тірлік.
02 Қараша, 2022
Қай салада болсын отандық өнімді дамыту өзекті мәселе екені мәлім. Бұл орайда шағын және орта бизнес экономиканы әртараптандыру ісінде тірек күшке айналуға тиіс. Ілгеріде импорттың үлесі өте жоғары болатын, бүгінде оның бірқатарын өзімізде өндірілетін өнімдер нарықтан ығыстыра бастады. Яғни жұрт отандық өнімдерді қолдана бастады. Мысалы, Түркістан облысының тұрғындары «Арайдың» аяқ киімін киіп, «Bokei»-дің кірпішімен үйінің қабырғасын көтеруге, «Bah_Asmar»-дың шәйнегінен шай ішуге мүмкіндік алып отыр.
02 Қараша, 2022
Сақтандыру нарығының қауқары қандай?
Сақтандыру нарығындағы компаниялардың ұсынған дерегінше, елімізде сақтандыру өнімдеріне сұраныс өсіп келеді. Бүгінде азаматтар сақтандыру мәдениетін түсіне бастады, бұрынғыдай жатырқап қарамайды. Қаңтар оқиғасы нарыққа қатты әсер етті. Көптеген кәсіпкер тәуекелдерді жабуға және сақтандыру өнімдерін сатып алуға қызығушылық таныта бастаған.
02 Қараша, 2022
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
01 Қараша, 2022
Қазақстан оқушылары олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет сыйақыға ие болды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды ынталандыру жөніндегі тапсырмасы арқылы мүмкін болған. Енді 27 медаль иегері еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқитын болады.
01 Қараша, 2022
Ақаң мерейтойы – Түркия төрінде
Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай ТҮРKСОЙ аясында Ыстамбұл қаласында «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті. Алқалы жиынға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Маджидли Физули, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Ыстамбұл университетінің ректоры Махмут Ак, сондай-ақ осы шараны халықаралық деңгейге көтеруге атсалысып жүрген велошеруші, аудармашы Ернат Мелсұлы қатысты.
01 Қараша, 2022
Тарихты ғылыммен де, көркем әдебиетпен де зерделеген
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Тұрсынхан Зәкенұлының ғылыми шығармашылығына арналған «Шығыс өркениетін зерттеудің дәстүрі мен жаңа парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
01 Қараша, 2022
«Бекежан мырза, сөзді бөле бердің ғой» дегеннен шығады бәрі. Сонау «Қыз Жібек» фильміндегі осы бір тіркес орайы келгенде, сөзіміздің ләміне айналып кетті. Қазақтың әңгіме арасына килігіп, әдептен аса қоймағаны осындай кесек туындылардан байқалады. Әдебиетінен, киносынан, тағы басқаларынан айқұлақтанып көрінеді. Бұл – сөзді бөлмеу, әңгімеге орынсыз килікпеу болса, ән-күй тыңдаушылар мәдениеті де бар емес пе?
01 Қараша, 2022
«Күләшпен кездесу – әнмен кездесу еді» депті қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітова жайлы толғанғанда композитор Латиф Хамиди. Олай деуіне себеп те, дәлел де мол. Өйткені әншінің бойындағы саф алтындай жарқыраған тума талант қай кезде де оның даралығын танытып тұратын. Күләштің әнін бір тыңдаған жан балға арбалған арадай үн құдіретіне мас болып, әншіні қайта-қайта тыңдауға бейілді еді. Ал талайды тамсандырған сол дауыс оқу-тоқусыз, табиғаттың өзімен әнші бойына дарыған айрықша дарын екенін білген музыка мамандары сол кездің өзінде-ақ әншінің көмейіне ұя салған көркем үнді құбылысқа балайтын. Әйтпесе театрға алғаш жұмысқа қабылданған жылы операның не екенін білмеген жанның арада жылға жуық уақыт өтпей сахнаның нағыз бұлбұлына айналғаны құбылыс емей немене?!
01 Қараша, 2022
1945 жылы хакім Абайдың туғанына 100 жыл толды. Дәл осы айтулы датаға байланысты Алматы көркем және хронологиялық фильмдер студиясы «Абай әндері» фильмін түсіруді қолға алды. Бұл туындыны соғыс жылдарында Қазақстанға келген, сол кездегі Одаққа танымал режиссерлер – Григорий Рошаль мен Ефим Арон түсірді. Сценарийін заңғар жазушы Мұхтар Әуезов жазды.
01 Қараша, 2022
Қазақстанда аттестат пен диплом QR-код бойынша беріледі
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аттестаттар мен дипломдар цифрлық форматта берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2022
Мектептерге академиялық автономия кезең-кезеңімен беріледі
Жеке пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру қажет. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2022
Қазақстанда ректорлар кеңесінің қызметі трансформацияланады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарында басқару жүйесін жетілдіру жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2022
Қарашада ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қараша айында республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады, жауын-шашын еліміздің батыс жартысында нормадан аз, шығыста норма шамасында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2022