Редакция таңдауы
«Қазақстан халқына» қоры білім гранттарына конкурс жариялады
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2022
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты басталды
Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы Мәдениет министрі, ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Шілде, 2022
Трактордың құны – шаруаның мұңы
Жергілікті мал өсірушілер төрт түлікке субсидия бөлу кезінде ұсақ шаруашылықтардың ескерусіз қалатынына наразы. Шаруалар соңғы уақытта мал азығын дайындауда қиындықтар туындағанын айтады. Шығындары шаш етектен асып, бағасы аспандап кеткен ауылшаруашылық техникаларын сатып ала алмай отыр.
22 Шілде, 2022
Мемлекет басшыларының басқосуы еркін форматта өтіп, ынтымақтастық пен бірліктің нышаны сезіліп-ақ тұрды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды мәселелерді көтеріп, Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларын түйткілдердің түйінін бірлесе тарқатуға шақырды.
22 Шілде, 2022
Желкенін жел керген Джеруто Қазақстанға әлем чемпионатындағы алғашқы алтынды сыйлады
АҚШ уақыты бойынша сәрсенбінің кешінде, Қазақстан уақытымен бейсенбінің таңында мұхиттың арғы бетінен сүйінші хабар жетті. АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан XVIII әлем чемпионатының финалында қазақстандық спортшы Тануи Нора Джеруто мәреге бірінші жетіп, алтыннан алқа тақты.
21 Шілде, 2022
Әуе компанияларын ақтаудың қажеті қанша?
Күні кеше Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау бағасына қатысты жасаған арнайы талдауын жариялады. Талдаумен таныса отырып, аталған ведомство билет құнының қымбаттығы жөнінен қоғамда қатаң сынға ұшырап жататын әуе компанияларын ақтауға кіріскендей әсерде қалдық.
21 Шілде, 2022
Қосымша білім беру қожырап тұр
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев қосымша білім беру саласындағы түйткілге тоқталып, бұл – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама екенін, қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетінін атап көрсеткен еді.
21 Шілде, 2022
Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің құрылуы, сондай-ақ осы бағытқа жетекшілік ететін Президент көмекшісі институтының пайда болуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға байланысты қоғамның сұранысына тиімді жауап болғаны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеудің ерекше мәртебесі мен маңыздылығын көрсетіп отыр. Бүгін, яғни 22 шілдеде аталған бөлімнің құрылғанына 3 жыл болды. Сондықтан осы кезеңдегі жұмыстың негізгі нәтижелерін қорытындылауға болады.
21 Шілде, 2022
Үшжақты саммит: Кездесуде талқыланған мәселе көп
Иранда үш елдің – Иран, Түркия және Ресей президенттері қатысқан саммит өтті. Жиын барысында бірқатар мәселе талқыға түсті. Ресми мәлімдемелерге көз жүгіртсек, кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланғанына екпін берілген. Дегенмен Батыс сарапшылары мұндай «достықтың» келешегіне күмәнмен қарайды.
21 Шілде, 2022
Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұрмыз, осының көбі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер деп мақтанамыз. Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жағынан тоғызыншы орында тұра алмаймыз. Тоғызыншы орынды айтасыз, халыққа ең қажет деген өнімдерді өндіре алмай, импортқа тәуелді болып отырған күйіміз мынау.
21 Шілде, 2022
Түркістан. Кесене және қайықтар
«Көк түріктің бесігі, көне дүние есігі» деп ежелден құлағымызға сіңген, бүгінде қайта жаңғырған Түркістанға көп жылдан бері жолым түспей жүр еді. Биыл сонда болдым.
21 Шілде, 2022
Қазір еліміз екі түрлі күйді бастан кешіруде. Бірі – цифрлы даму игіліктерін тұтынуы: мемлекеттік қызметті онлайн алу, карточканы үйде отырып ашу, тіпті азық-түлікті де онлайн сатып алу деген секілді. Екіншісі – сол цифрлы игілікпен ере келген киберқатер. Былтырдың өзінде Қазақстанда интернет-алаяқтыққа қатысты 21 405 қылмыстық іс тіркелген. Бұл полицияға хабарланған қылмыстар ғана. Ал онлайн үптелсе де үндемей, өзгенің қарызын төлеп жүрген жандар қаншама. «Барлық зұлымдықтың түп-тамыры ақшада жатыр дейді. Мұны ақшасыз қалуға қатысты да айтуға болады», дейді ағылшын жазушысы Сэмюэл Батлер. Ақша жүрген жер дау-дамайсыз болушы ма еді. Алдасу да, арбасу да, астамсу да сол маңда. С.Батлер меңзегендей, тақыл-тұқыл кедейленуге де, асып-тасып баюға да ақша кінәлі. Осы бір құны биік қағаз үшін қарапайым тіршілікте қаншама қызық һәм қатерлі уақиғалар болып жатқанда, қаржы әлемінің өз ішінде қандай «кереметтер» дүниеге келеді десеңізші. Бәлкім, сол себеп – қаржы тақырыбы детектив жазушылардың да қаламына жиі арқау болады.
21 Шілде, 2022
Орталық сайлау комиссиясының өкілеті кеңеюі мүмкін
«Ашық НҚА» порталында Конституциялық заңдарға өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңның жобасы талқыланып жатыр. Аталған құжатта Сайлау туралы заңға енгізу жоспарланған өзгерістер мен түзетулердің тізбесі берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Шілде, 2022
Қазақстан трансшекаралық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді
Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді. Бұл туралы ел Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Шілде, 2022
Біздің кездесуіміз Орталық Азия елдерінің бірігуін көрсетеді - Тоқаев
Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Шілде, 2022
Балалар жазғы демалысқа 1 маусымда шығады - министр
Мектеп оқушылары 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Шілде, 2022
Қазақстандық Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Орегонда штатында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілермен жүгіру жарысының финалы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Шілде, 2022
Өмір деген – әліппе, біз – тілазар оқушымыз. Көңіл деген – керуен, біз – таң алагеуімде ақ қанат бұлтқа арманын асатқан ақтолқын құстармыз. Тағдыр деген – жетіқарақшы, біз – алдымыздан ақтабан жол шығардай асыға жүгірген адасқақ жолаушымыз. Дүние тыныс тапқан бейқам сәтінде көмейіне бұқтырып келген қиялына қимай қарап тұрған көкжиекпіз. Қарашығына ұя салған сағынышты көз жасымен жуып-шайған ақша бұлтпыз. Ал сіз кім боласыз?
21 Шілде, 2022
Газ саласын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Үкімет еліміздің газ саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Кешенді жоспар Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі мерзімге арналған газ саласын кезең-кезеңімен реформалау мен кешенді дамытудың пайымы және негізгі тәсілдерін айқындайды.
21 Шілде, 2022
Қызылша өсірудің қызығын көре алмай отыр
Үкіметтің есебі бойынша 2023 жылы Қазақстан бірқатар өнімдермен бірге қант өндірісі бойынша да азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуі тиіс еді. Бүгінде қанттың 60 пайызы сырттан импортталады. Алайда Үкіметтің жуырдағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткендей, шынайы көрініс мүлдем басқаша. Мәселен, бұрын іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Оның үстіне жүктемесі де 30 пайыздан зорға асады.
21 Шілде, 2022