Редакция таңдауы
Цифрлы трансформация – дамудың жаңа кезеңі
Шетелдік IT-компаниялардың Қазақстанға релокациясы, отандық ғарыш технологияларын дамыту, «Сбер» компаниялар тобымен арадағы меморандум, мемлекеттік басқаруды платформалық модельге көшіру, сондай-ақ мемлекеттік аппараттағы бюрократия мен экономикадағы монополия. Осы және басқа да мәселелердің түйінін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МУСИН тарқатып айтып берді.
28 Сәуір, 2022
Көңілді алаң етіп, көп күмәнді ойға жетелеген «Каспий құбыр желісі консорциумының» зақым тиген айлақтары қайта іске қосылды. N3 айлақтық құрылғысы танкерлерге мұнай тиеуге дайын.
28 Сәуір, 2022
Ойыншық сапасымен ойнауға болмайды
Бұрын ата-аналар қонақ барса да, қонақ келсе де балаларын бөлек бөлмеге кіргізіп, ым-жымын білдірмей тыныштандыратын. Есігін құлыптамаса да ешбірі сыртқа шығам деп жыламайды, шулаған дауысын да естімейсің. Барған үйдің баласымен бауыр басып, ойынға кірісіп кететін. Қазір балдырғандар сұраса да, жыласа да, тіпті бір жерден құласа да телефон беріп уатады. Ұядан ұялы телефонмен қанаттанған ұрпақты ойыншықпен алдау қиынға соғып тұрғаны жасырын емес. Ойыншық алып бергеннің өзінде сол ойыншықтар қаншалықты сапалы? Оның бағасына ғана емес, сапасына мән беретін ата-аналар бар ма?
28 Сәуір, 2022
Мүмкіндігі шектеулі адамдар дискриминацияға ұшырамауға тиіс
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты заң жобасы мақұлданды.
28 Сәуір, 2022
Бас мүфти Қазақстан мұсылмандарын Қадір түнімен құттықтады
Бүгін – қасиетті Қадір түні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылмандарды Қадір түнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2022
Елорда мешіттері Қадір түнін қалай қарсы алады
Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттерде Қадір түніне орай өтетін іс-шаралар сағат 22:00-ден басталады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
27 Сәуір, 2022
Үкімет жанындағы комиссиялар саны 25-ке дейін қысқарды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатқаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
27 Сәуір, 2022
Мәлік Отарбаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2022
Президент сайлауына түсу ойымда жоқ – Ерлан Қошанов
Мәжілістің баспасөз алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Amanat партиясының атынан президент сайлауына түсу туралы жоспары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2022
Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жояды
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жоятынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2022
Депутаттар Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беруді ұсынды
Парламент Мәжілісінің отырысында «Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2022
Рудныйда колледж асханасының үш қызметкерінен стафилококк анықталды
Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді алтын стафилококк анықталды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2022
Маңғыстаудағы итбалықтардың қырылу себебі анықталып жатыр
Каспий теңізінде 50-дей итбалықтың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Сәуір, 2022
Құмда құрбан болған қоқиқаздар
Су көзі жоқ Сам құмында жергілікті жас тұрғын бес қоқиқаздың өлімтігін тауып алған. Қоқиқаздардың адамдар кесірінен емес, көші-қон барысында және ауа райы әсерінен өлгендігі айтылуда.
27 Сәуір, 2022
Дәулет Тұрлыханов: Ендігі меже – Азия ойындары
Моңғолияның астанасы – Ұланбатырда өткен Азия чемпионатында қазақ балуандары табысты өнер көрсетіп, сары құрлықтың үздік командалары санатынан көрінгені белгілі. Отандастарымыз сол сапардан оралған бетте жанкүйерлер оларды әуежайдан күтіп алды. Дәл сол сәтте UWW бюро мүшесі, Азия күрес одағы мен Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет ТҰРЛЫХАНОВПЕН аз-кем әңгімелесудің реті келген еді.
27 Сәуір, 2022
Еркін Дүсіпов: Елге деген құрметті жоғалтпау қажет
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бірінші вице-ректоры Еркін Дүсіповпен әңгіме.
27 Сәуір, 2022
Ізгіліктің үні, мәңгіліктің жыры
Қазақ поэзиясының шоқтығы биік өкілі Сырбай да Қасым сияқты соғыстың солдаты еді.
27 Сәуір, 2022
Іңір қараңғысында туған өлең...
Ендігі жерде әдебиет үшін сөздің құны мен құдіреті туралы жиі ойлануға тура келеді. Қай ғасырда да біздің бәсімізді жоғарылатып, еңсемізді көтерткен екі құндылық болды десек, соның бірі төл әдебиетіміз екені анық.
27 Сәуір, 2022
Кәрімбек Құрманәлиев: «Қажеттілік тудырмай, қазақ тілі көгермейді»
Бүгін болмақшы «Қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» атты дөңгелек үстелдің қарсаңында осы іс-шараға себепкер болып отырған ғалым – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевпен кездесіп, аз-кем әңгімеге тартқан едік.
27 Сәуір, 2022
Табиғи ұлттық парк аумақтарында қорықшылар аң-құстарды қорғап ғана қоймайды, жылына екі рет санақ жүргізіп, тіркеп отырады. Жуықта «Катонқарағай» ұлттық табиғи парк аумағында көктемгі санақ жұмыстары аяқталды.
27 Сәуір, 2022