Редакция таңдауы
Үкімет мұғалімдерге қосымша ақы төлеуді ұсынды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әкімдіктер мен Білім және ғылым министрлігіне педагогтерді әлеуметтік қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
01 Ақпан, 2022
ҚР Президенті әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды
Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
01 Ақпан, 2022
Ерлан Қошанов ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды
Ерлан Қошанов Мәжілістің жаңа спикері болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Ақпан, 2022
Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілді
ОСК Мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Ақпан, 2022
«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді
Саяси кеңестің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Ақпан, 2022
Нығмет Нұрмақов және губатком төрағалары
Мына бір фотоға қарайықшы. Бір қарағанда мұндағы қазақтың марғасқалары арқа-жарқа болып отырғандай көрінеді.
31 Қаңтар, 2022
Архив саласына атүсті қарауға болмайды. Себебі рухани жаңғырудың бастауы сол жерден таған тартады. Сондықтан тарихи деректерді барынша мұқият сақтап, қолды болуына жол бермеуіміз қажет. Бұл ретте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор. Бүгінде елдегі архив мекемелері заманға сай RFID жүйесін іске қосып, құнды құжаттарды қадағалап отыр.
31 Қаңтар, 2022
Балалар институты – келешек кепілі
Хакім Абайдың өзі «Адамның бір қызығы бала деген» деп анықтап айтып кеткен жас өркеннің тағдыры, болашағы, тәлім-тәрбиесі мен күнделікті тұрмысы мейлі қай мемлекет, қай ұлт болсын бас қатыруға тиісті мәселенің бірі.
31 Қаңтар, 2022
Бүгінде кітап оқымау ғадеті қазақ қоғамында ғана емес, барша әлемде белең алып отыр. Кітап оқуға толық мүмкіндігі бар адамдардың көркем әдебиетке қызықпауының себебі көп. Ең басты дәуірлік себеп, әрине, «сананы тұрмыс билеуінде». Ал мүмкіндігі шектеулі – зағип жандар кеш қарая «Жабайы алманы» оқығысы келсе де оқи алмайды: Брайль қарпіндегі кітап тапшы. Бір сөзбен айтқанда, көзі көрместің кітап оқуына мүмкіндік жоқ.
31 Қаңтар, 2022
Ұлттық сенім кеңесінің құрамы өзгерді
Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан А.Данилов, Л.Демесінова, А.Мырзахметов және А.Омаров шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қаңтар, 2022
БҰҰ Украинадағы жағдай бойынша пікірталас өткізеді
АҚШ Бүгін Украина төңірегіндегі жағдайды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді деп күтілуде. Пікірталастың болар-болмауы оның басталуына дейін анықталады, себебі ереже бойынша Қауіпсіздік кеңесінің кездесуінде кез-келген мәселені талқылау рәсімдік дауыс беру нәтижесінде бұғатталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.
31 Қаңтар, 2022
Әлихан Смайылов Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесті
Кездесу барысында тараптар Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, АӨК, «жасыл экономиканы» дамыту, цифрландыру, трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану және өзге де салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқылады, деп жазады Egemen.kz Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
31 Қаңтар, 2022
720 күн әкім болған Сағынтаев алматылықтарға арнап жазба жариялады
Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы әкімі қызметінде атқарған шараларына есеп беріп, алматылықтарға алғыс айтты. Экс-әкім әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп жазады Egemen.kz.
31 Қаңтар, 2022
Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қаңтар, 2022
Жемқорлыққа қатысы бар бірнеше шенеунік ұсталды
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қаңтар, 2022
Халықтың ақшалай табысы 12%-ға өсті
Finprom.kz статистикасы бойынша Қазақстан халқының ақшалай табысы бір жылда 12%-ға, тоқсанына 211 мың теңгеге дейін өсті. 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша халықтың табысы бір жылда 11,5%-ға, 210,7 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қаңтар, 2022
«Қасіретті қаңтардан» кейін құқық қорғау органдарының, соның ішінде, полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар легі толастар емес. «Азаптады», «ұрды-соқты», «тірі кетіп, табытпен оралды», «өлгендердің өзін көрден қазып алып жатыр» деген жантүршігерлік оқиғаларды естіген сайын халықтың да ашу-ызасы үдей түсуде. Алып-қашпа әңгіме мен ақиқаттың аражігін ажырата алмай қалған жұрттың жауап таппай жүрген сұрағы көп. Жазықсыз жапа шегіп жатқандар кім? Кім террорист? Кім бұзақы? Кім бейбіт шеруші?...
30 Қаңтар, 2022
Әлеуметтік кодекс әлеумет мәселесін шеше ала ма?
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодексті әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.
30 Қаңтар, 2022
Он тоғызыншы ғасырда туып, бар-жоғы отыз төрт жыл ғұмыр кешкен ойшыл ақынның артында бір ғана ірі туындысы қалды. Ол туынды патшалық Ресейде, Герценнің тілімен айтқанда, «түнде атылған оқтай» дүмпу тудырды. Ол шығарманың әр сөзі афоризмге, мәтелге айналып кетті. Соның бірнешеуін мысалға алайық: «Бақыттылар сағатқа қарамайды», «Тұрмыс – жаңа, ал түсінік – ескі», «Ал сотың кім?!», «Қызмет қылуға – әзір бас, Жағымпаздануға – жаным қас», «Қағынған тілдер қарудан қауіпті», «Шулаймыз, бауырым, шулаймыз», «Бала тудыруға көп ақылдың қажеті жоқ», «Бордодан келген әлдебір француз», «Шақырылғандар мен шақырылмағандар үшін де есігіміз шалқасынан ашық», «Менің романымның қаһарманы емес», «Күнтізбелер өтірік айтады»...
30 Қаңтар, 2022
Қарыз азаймай қал жақсармайды. Өкінішке қарай, ел тұрғындары қарыз үстіне қарыз жамап жатыр.
30 Қаңтар, 2022