Редакция таңдауы
Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударды
Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 10 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2022
Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады
ҚР Білім және ғылым министрлігі алғашқы онлайн-университеттерді ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2022
Кәрім Мәсімовтің ісі қалай тергеліп жатыр? ҰҚК жауабы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2022
Вакцинация паспортын сатқан дәрігерлерге рақымшылық жасалды
Павлодар облысында екпе паспортын сатқан дәрігерлерге қатысты қылмыстық істер рақымшылыққа байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2022
Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында 2022 жылғы Қытайда өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ресми хабар тарату құқығын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2022
Жалға алынған баспана құнының 50 пайызын мемлекет төлейді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеке тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем беру тетігін әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2022
Одан бері алып таудың басынан ғасыр аунады. Теңіз қаншама мәрте толқыды, жолдар жаңарды, бірақ адамның санасы бәз-баяғы қалпында. Өзі ойлап тапқан кеселдің құрбаны болған дәуірдің бет-бейнесі қызыл ала қан. Енді жақынынан айырылған адамның көңілін тербетуге өмірдің шамасы жете ме екен...
27 Қаңтар, 2022
Бізге қандай техникалық университет керек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тапсырды. Осыған орай 2025 жылға дейін Қазақстанда шетелдік 5 беделді университеттің филиалы ашылмақ. Бұл қандай университеттің филиалы болмақ? Яғни қай жағынан үздік, қандай бағытта беделді деген мәселе қоғамды толғандыратыны анық.
26 Қаңтар, 2022
Қайырбек Сүлейменов: Жоғары жалақы мәселені түпкілікті шешпейді
«Қасіретті қаңтар» оқиғасы еліміздегі көп жағдайдың бетін ашып берді. Бұл тек саясаттағы сүрленіп қалған сұрақтар, экономикамыздағы қордаланған түйткілдер ғана емес. Бейбіт басталып, соңы қантөгіспен аяқталған наразылық шеру күштік құрылымдардың да кем-кетігі мен қателігін көрсетіп берді. Рас, дәл қазір еліміз бұрын-соңды бетпе-бет келмеген сын сағаттарды басынан кешуде. Осындай ауыр кезеңде аға буынның ақылына арқа сүйеп, кеңесіне құлақ түрген де артықтық етпейді. Осыған орай біз Қазақстан Президентінің бұрынғы көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, бұрынғы Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменовпен арнайы хабарласып, еліміздегі қазіргі жағдай жөнінде ойын білген едік.
26 Қаңтар, 2022
ТЕЛЬ-АВИВ. Ақ үй басшысы Джо Байден АҚШ-тың Қытаймен бәсекелестігін демократия мен автократия арасындағы шайқас, яғни қырғи-қабақ соғысты еске түсіретін идеологиялық қақтығыс ретінде бірнеше рет сипаттады. Алайда мұндай пікір дұрыс емес. Америка Құрама Штаттары мен Қытай стратегиялық үстемдік үшін бәсекелеседі әрі шешім табуға ниетті емес. Материалдық активтер мен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты талаптар орындалғанымен, идеологиялық күрестің әдетте бір ғана соңы бар. Тараптардың бірі сөзсіз жеңіледі.
26 Қаңтар, 2022
Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Халқымыздың жарқын келешегі үшін өлшеусіз қызмет жасаған кемеңгердің айтулы мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілмек. Бүгінде ұлт ұстазының туған еліндегі Ахаң мен Жақаң атындағы әдеби музейде Алаш ардақтысының 1909 жылы Санкт-Петербург қаласынан жарық көрген орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған «Қырық мысал» кітабы мен 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағының түпнұсқасы сақталған.
26 Қаңтар, 2022
Сөз өнері болған соң қатыспайтын жері бар ма әдебиеттің? «Әлем кітапқа кіруге ұмтылады» деген бір данышпанның ойына бақсақ, керісінше болып шыға келеді. Кім де болсын көркем өмірге талпынатындай, әлем әдебиетке кіруге құмартып тұрады. Ескі өмірдің жаны мен рухы, демі мен тынысы, замандардың сыры мен сымбаты, әні мен мәні әдебиетте жүреді. Ішінде толқып өмір, жортып тарих бара жатады. Халық арасында кең тараған әндер екібастан солай.
26 Қаңтар, 2022
Осы орайда айтпағымыз, қазақ халқы үшін өткен ғасыр басы аса ауыр болды. 1914 жылы 19 шілде күні (1 тамыз) басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс салдары қазақ халқына ауыр зардабын тигізді. Алым-салық түрі көбейді. Мысалы, әскери салық ретінде әрбір отбасына ай сайын 1,84 рубль мөлшерінде қаржы төлеу міндеттелді. Бұл кедей отбасыларына ауыр соқты. Осылай қазақ қоғамы дағдарып тұрған тұста, 1916 жылы 25 шілде күні патша ІІ Николай «Империяның бұратана халықтарының ер адамдарын қимыл үстіндегі армияның қорғаныс һәм әскери құрылыстарын салуға, сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс үшін қажет басқа да жұмыстарға тарту туралы» жарлығын шығарды. Ондағы мақсат: бұратаналарды тыл жұмысына жегу арқылы армия қатарын толықтыруға қажет орыс шаруалары мен жұмысшыларын босатып алу болатын.
26 Қаңтар, 2022
«Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы жиналды?
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына 2022 жылғы 16-25 қаңтар аралығында 65 703 қазақстандықтан 39,1 млн теңге түсті. 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден 42.1 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Қаңтар, 2022
«Болашақ» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі?
Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде «индустрияландыру кезеңінде ел экономикасына қажет болатын» инженерлік-техникалық бағыттағы отандық кадрларды даярлаудағы тиісті өзгерістер қаралғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
26 Қаңтар, 2022
Экология вице-министрі мен «ӨКМ операторы» басшысы ұсталды
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қаңтар, 2022
Мемлекеттік хатшы мен жазушылар қаңтардағы оқиғаларды талқылады
25 қаңтар Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қаңтар, 2022
Депозитке ақша саларда нені ескерген жөн?
Ақшаны үйде жинағаннан гөрі банкте жинау қауіпсіз әрі ақша көлемі өсіп отырады. Содан болар, әрбіріміздің кем дегенде бір банкте салымымыз бар. Алда-жалда екінші деңгейлі банк жабыла қалар болса, салымдарымызды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) қорғайды. Десе де қор басшылары «салымымыз қорғауда» деп алаңсыз отырмай, депозит түрі мен банкті таңдар кезде мұқият болуға, әбден зерделеп барып шешім қабылдауға шақырады.
25 Қаңтар, 2022
Құтқарушыға да құтқарушы керек
Дәл осы Төтенше жағдайлар департаментінде темірдей тәртіп орнаған деп ойлайтынбыз. Қызметтері адам өмірімен, тілсіз жаумен тікелей байланысты болған соң, өрт сөндірушілер, құтқарушылар керек-жарақтарымен толық қамтылғандай көрінетін. «Бақсам, бақа екен» демекші, бұл департаментте заңды белден басып отырған басшылар бар сияқты. Ол туралы өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары ашып айтып берді. Пікір білдірген қызметкерлердің бірі қысым көріп, жұмыстан шығып кетсе, енді бірі шындық іздеп, шырылдап жүр, сотқа арызданған. Түсінгеніміз, бұл екі азаматтың ғана емес, мұқым өрт сөндіру бөлімдерінің проблемасы ма деп қалдық.
25 Қаңтар, 2022
Қостанайда ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетімдер санатына жататын 2 мыңнан астам бала баспана кезегінде тұр. Бала дейміз-ау, кезінде кезекке бала болып тіркелген мұқтаждардың алды бүгінде отыздан асып кеткен. Мұның сыртында, үй кезегінде тұрған І және ІІ топтағы 795 мүгедек тағы бар. Олардың біразы мемлекеттен алатын азын-аулақ жәрдемақының көбін өздері жалдап отырған пәтердің айлық ақысына жұмсайды. Бұлар да жетім. Көп ішінде жоқтықпен, жалғыздықпен бетпе-бет қалып, тұрмыс пен денсаулықтың тауқыметін қатар тартып, шарасыздықтың шырмауынан шыға алмай отырған әлеуметтік жетімдер. Көбі жасық, момын, біртоға тіршілік етіп жатқан артық әңгімесі жоқ бұйығы жандар. Олардың жалдамалы пәтердің ішіндегі жалдамалы жастыққа төгілген ыстық көз жасын суық қабырғаның сыртындағы көпшілік сезіне алмайды.
25 Қаңтар, 2022