Редакция таңдауы
Қазақстан Күйшілер одағының төрағасы, домбырашы-ұстаз Асқар Кенжеғалиевті оралдықтар ғана емес, басқалар да жақсы білетін сияқты. Қазақтың күй өнерін насихаттау бағытында талай-талай игі шараға мұрындық болғаны бір төбе. Сол Асқар бүгінде мұхит асып, АҚШ-тың Хьюстон қаласында домбыра мектебін ашуға талпынып жатыр.
18 Қаңтар, 2022
Күштік құрылымдардың ішінде реформадан көз ашпаған орган болса, ол – Ішкі істер министрлігі. Құрамы қырық қайтара жасақталып, кадр саясаты сан мәрте жетілдірілгенімен, бұл сала әлі күнге дейін сын мен міннен арыла алмай келеді. Ал кешегі «қасіретті қаңтар» қазақстандық полицияның жылдар бойы қордаланып қалған проблемасын бір-ақ күнде жайып салды.
18 Қаңтар, 2022
Өнер сүйер қауым Жәмилә Тәкенді шығармашылық кеңістікте өз үні, өз бояуы бар, «дәстүрлі кескіндеме» аясында шебер жұмыс істей алатын әрі өнердің осы түріне деген адалдығы анық байқалатын концептуалды заманауи суретші деп бағалайды. Қылқалам иесінің Ә.Қастеев музейінде ашылған «Көру үшін көзімді жұмдым» деп аталған көрмесіне таңдаулы 100 туындысы қойылған.
18 Қаңтар, 2022
Алматыдағы тәртіпсіздік: банкоматтардан жарты миллиард теңге ұрланған
2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер мен бүлік кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдарына келтірілген шығынның алдын ала сомасы белгілі болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2022
Елімізде ірі 4 жанармай құю станциясы тергелуде
Дизель отыны нарығында бөлшек сауда субъектілеріне қатысты Helios, Sinooil, Газпромнефть-Қазақстан, PetroRetail жанармай станциясына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2022
Әкімдер шешпеген мәселе әлеуметтің ашу-ызасын туғызады
Еліміздің экономикалық-әлуметтік дамуына қатысты атқарылатын істер жаңа бағытқа ойысқаны анық. Осы тұста аймақтардағы қордаланған мәселердің де бар екенін айтуымыз керек. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар мен бұқара халықтың арасындағы өзара байланыстың тиісті деңгейде болмауының салдарынан әлеуметтің ашу-ызасын туғызатын жағдайлардың жиі кездесетіні жасырын емес.
18 Қаңтар, 2022
Учаскелік дәрігерлерге 3 жалақы көлемінде үстемақы төленеді
Учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдегені үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2022
Коронавирусты емдеу барысында нені білу керек?
Соңғы күндері елімізде коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустың белгілерін анықтаған пациенттерге қалай әрекет ету керектігін еске салады.
18 Қаңтар, 2022
Қазақстан Республикасында 2 қаңтарда басталған зорлық-зомбылықтың өршуі басты тақырыптарға айналып, мемлекетке қатысты қызығушылықтың артуына себеп болды. Орталық Азия мемлекетінің үкіметі жылдар бойы елді Еуропаға жақындатуға бағытталған мақтауға тұрарлық күш-жігеріне қарамастан, Испанияда әлі де танымал емес.
18 Қаңтар, 2022
Бейбіт митингтен лаңкестік шабуылдарға дейін
Еліміздің Батыс өңірінде орын алған шерулерді қолдау мақсатында 3 қаңтар күні Алматы қаласында да митингтер өткені белгілі. Оның арты лаңкестік шабуылдарға ұласып, қаладағы маңызды нысандар өртке оранды. Салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шекті. Президент жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматыдағы оқиғалардың барысы мен қазіргі ахуалға байланысты Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов және прокурор Берік Жүйріктаев ақпарат берді.
17 Қаңтар, 2022
Жуырда әйгілі Forbes журналы 2021 жылы материалдық тұрғыдан ең көп олжаға кенелген спортшылардың рейтингін жариялады. Әдетте үздіктер тізімінің алдыңғы легінен футболшылар мен теннисшілерді немесе гольфшылар мен кәсіпқой боксшыларды көретін едік. Бұл жолы олай болмады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бай-қуаттылар көшін атышулы ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор бастап тұр.
17 Қаңтар, 2022
Репрессия құрбандарын ақтау жұмыстары БҚО-да қалай жүргізілуде?
Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі жұмыстың алғашқы қорытындысы шығарылды. Баспадан екі жинақ жарық көрді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі Батыс Қазақстан облысының өңірлік комиссиясы өткен жылдың басында әкім қаулысымен құрылған. Комиссия құрамындағы 9 зерттеушіге ведомстволық арнайы архивтердегі құпия құжаттармен жұмыс жасау үшін рұқсат берілген.
17 Қаңтар, 2022
Дәл қазіргі уақытта көрерменнің ығына жығылып, көңіл көтеруге лайықталған немесе жасанды мұңға негізделген, құрау-құрау, бір тактіні жүз рет қайталайтын секвенцияға сүйенген арзан күйлер бар да, Абайша айтқанда, «ақылдының сөзіндей ойлы күйлер» бар. Тыңдағанда көңіліңді өсіретін күйлер қай кезеңнің туындысы болса да халықпен бірге жасасатыны рас. Бұл мақаламызда замандасымыз күйші-композитор Мұқаш Таңғыттың шығармашылығы туралы сөз етпекпіз.
17 Қаңтар, 2022
ІІМ жаппай тәртіпсіздік куәгерлеріне үндеу жасады
ҚР Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздік оқиғаларының куәгерлерінен фото және видеоматериалдармен бөлісуді сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2022
Мектепте оқу жылы созылуы мүмкін
Елдегі төтенше жағдайға байланысты мектепте ІІІ тоқсан әдеттегіден бір апта кеш басталды. Осы орайда оқушылар үшін биылғы оқу жылы созылуы мүмкін бе? Аталған мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова ойын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2022
«Қазақстан халқына» қорына қанша қаражат жиналды
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 12 миллиард теңгеден аса қаражат жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2022
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болды
Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданындағы Согорное-Барлық тас жолының екі учаскесінде қар көшкіні орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қаңтар, 2022
Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП президиум мүшелеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қаңтар, 2022
Депозиттің максималды сомасы көбейді
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жинақ депозиттер бойынша кепілдік берілген максималды соманың 20 млн теңгеге дейін ұлғайғанын мәлімдеді. 2021 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теңгедегі жинақ салымдар бойынша кепілдік берілген өтемнің максималды мөлшерін 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтуды көздейтін заңға қол қойған еді.
17 Қаңтар, 2022
Азаматтық авиация: Өткен жылы не өзгерді?
Пандемияның зардабын тартқан саланың бірі – азаматтық авиация. Ұшу-қону үлкен проблемаға айналғанын ескерсек, қазір саладағы әрбір өзгеріске жұртшылық елең ете қалатын болды. Пандемия салдарынан әлі толық айыға қоймаған азаматтық авиацияда көңіл көншітерлік көрсеткіштер барын да ұмытпаған абзал.
17 Қаңтар, 2022