Редакция таңдауы
«Болашақ» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі?
Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде «индустрияландыру кезеңінде ел экономикасына қажет болатын» инженерлік-техникалық бағыттағы отандық кадрларды даярлаудағы тиісті өзгерістер қаралғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
26 Қаңтар, 2022
Экология вице-министрі мен «ӨКМ операторы» басшысы ұсталды
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қаңтар, 2022
Мемлекеттік хатшы мен жазушылар қаңтардағы оқиғаларды талқылады
25 қаңтар Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қаңтар, 2022
Депозитке ақша саларда нені ескерген жөн?
Ақшаны үйде жинағаннан гөрі банкте жинау қауіпсіз әрі ақша көлемі өсіп отырады. Содан болар, әрбіріміздің кем дегенде бір банкте салымымыз бар. Алда-жалда екінші деңгейлі банк жабыла қалар болса, салымдарымызды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) қорғайды. Десе де қор басшылары «салымымыз қорғауда» деп алаңсыз отырмай, депозит түрі мен банкті таңдар кезде мұқият болуға, әбден зерделеп барып шешім қабылдауға шақырады.
25 Қаңтар, 2022
Құтқарушыға да құтқарушы керек
Дәл осы Төтенше жағдайлар департаментінде темірдей тәртіп орнаған деп ойлайтынбыз. Қызметтері адам өмірімен, тілсіз жаумен тікелей байланысты болған соң, өрт сөндірушілер, құтқарушылар керек-жарақтарымен толық қамтылғандай көрінетін. «Бақсам, бақа екен» демекші, бұл департаментте заңды белден басып отырған басшылар бар сияқты. Ол туралы өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары ашып айтып берді. Пікір білдірген қызметкерлердің бірі қысым көріп, жұмыстан шығып кетсе, енді бірі шындық іздеп, шырылдап жүр, сотқа арызданған. Түсінгеніміз, бұл екі азаматтың ғана емес, мұқым өрт сөндіру бөлімдерінің проблемасы ма деп қалдық.
25 Қаңтар, 2022
Қостанайда ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетімдер санатына жататын 2 мыңнан астам бала баспана кезегінде тұр. Бала дейміз-ау, кезінде кезекке бала болып тіркелген мұқтаждардың алды бүгінде отыздан асып кеткен. Мұның сыртында, үй кезегінде тұрған І және ІІ топтағы 795 мүгедек тағы бар. Олардың біразы мемлекеттен алатын азын-аулақ жәрдемақының көбін өздері жалдап отырған пәтердің айлық ақысына жұмсайды. Бұлар да жетім. Көп ішінде жоқтықпен, жалғыздықпен бетпе-бет қалып, тұрмыс пен денсаулықтың тауқыметін қатар тартып, шарасыздықтың шырмауынан шыға алмай отырған әлеуметтік жетімдер. Көбі жасық, момын, біртоға тіршілік етіп жатқан артық әңгімесі жоқ бұйығы жандар. Олардың жалдамалы пәтердің ішіндегі жалдамалы жастыққа төгілген ыстық көз жасын суық қабырғаның сыртындағы көпшілік сезіне алмайды.
25 Қаңтар, 2022
Алаштың білімпаз қайраткерлерінің бірі Ғазымбек Бірімжановтың суреті табылды. Мәскеудегі Петров-Разумовский атындағы ауыл шаруашылығы институтының архивінен табылған фотосурет 1917 жылы түсірілген. Алаш қайраткерінің өмірі мен мұрасын зерттеушілер Ғазымбек Бірімжан 1917 жылы Орынбор реалды училищесін бітіріп, Мәскеу қаласындағы Петров-Разумовский атындағы университетке құжаттарын тапсырған, бұл сурет сонда түсірілсе керек деп болжап отыр.
25 Қаңтар, 2022
Төрт тұлғаға перзент болу – тағдырдың сыйы
Адам баласына ата-ананы таңдау мүмкіндігі берілмеген. Қай әкенің кіндігінен өрбіп, қай ананың құрсағына бітеріміз бір Аллаға ғана аян. Десе де, құдіреті күшті Құдайдың назары түскен пендесін ұлыларға ұрпақ етіп, елден ерекшелейтіні және бар. Бұған бүгінгі кейіпкеріміз Мақпал МУСИНАНЫҢ тағдыр-талайы дәлел.
25 Қаңтар, 2022
Жазушы шындығы немесе ол кейіпкердің прототипі кім?
Жазушының басты тақырыбы – адам һәм адамның жаны. Әдебиеттің «әділетсіз» заңдылығы да сол: шығарманың бағы кейіпкердің көркем жазудағы бейнесі мен болмысына, ішкі жан дүниесінің суреттелуіне, мінезіне, шынайылығына байланысты. Әр қаламгердің жазушылық қуаты кейіпкерінен білінеді. Яғни шығармадағы образ – кейбір автордың осал тұсы болса, кейбірінің талантын дәлелдейтін өлшем сынды. Сол үшін де жазушы қауым әрқашан шығармашылық ізденісте жүреді: қым-қуыт тіршілікте кейіпкер іздейді. Ал көп жағдайда кез келген қаламгердің кейіпкерінде өзінің өмірі бейнеленетіні екібастан. Әлқисса.
25 Қаңтар, 2022
«ҚазМұнайГаз» басшысының орынбасары қызметінен кетті
Еңбек шартының аяқталуына байланысты Жақып Марабаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2022
Бейжіңдегі Олимпиадаға елімізден қанша спортшы аттанады?
Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қанша қазақстандық спортшы өнер көрсететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2022
Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын - Си Цзиньпин
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Қазақстанға қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2022
KEGOC неге жарық өшіп қалғанын түсіндірді
Еліміздің бірнеше өңірінде жарық өшті. «KEGOC» компаниясының өкілдері мәселенің мәнісін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2022
Нұрлан Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
25 Қаңтар, 2022
Берік Имашев қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2022
АҚШ Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады
АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы миссиясы 2022 жылғы 20 қаңтарда Венада өткен ұйымның тұрақты кеңесінде Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты өз мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2022
Ақтауда мұнай-химия кешенін салу жоспарлануда
ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Маңғыстау облысын дамытудың өзекті кешенді жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2022
Балалар дағдылануы тиіс жеті ғадет
Kaspersky қазіргі заманғы балалар үшін 7 маңызды цифлы әдетті белгіледі. Бүгінде цифрлы кеңістікте өмір сүру дағдылары баршаға қажет. Сондықтан ата-аналардың міндеті – балаларды осындай ауқымды ақпараты бар әлемде өмір сүруге үйрету. Kaspersky мамандары балаға әлеуметтік желідегі дұрыс мінез-құлықты дамытуға көмектесетін жеті әдетті анықтады.
25 Қаңтар, 2022
Өндірісте таңбалау процесін роботтандырған ұтымды
«Қазақтелеком» АҚ «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» мен Satbayev University қазақстандық техникалық университеті басшылығының кездесуі кезінде таңбаланған өнім өндірушілердің өндірістік процестерін автоматтандыру технологияларын дамыту перспективалары талқыланды.
25 Қаңтар, 2022
Отандастарымыздың мұң-мұқтажы ереуілде емес, ең алдымен Парламент палаталарында, қоғамдық алаңдарда айтылуы керек. Өкінішке қарай, өткен үш онжылдықтағы қордаланған мәселелер мен әлеуметтік теңсіздік әбден ашынған халықтың жан дауысын алаңдарда естіртті.
25 Қаңтар, 2022