Редакция таңдауы
ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы ауысты
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық өзгерістер орын алды. Мемлекет Басшысының тиісті өкімдері Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Бес қалада шектеу шаралары күшейтіледі
Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Токио-2020: Елена Рыбакина ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті
Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Министрлік LinkedIn ресурсының бұғатталуына қатысты пікір білдірді
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn интернет ресурсының бұғатталуына себеп болған жайтты атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Сайлауды азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті. Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Асқар Мамин Өзбекстанның көлік министрімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады
Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 310 мыңнан астам өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
27 Шілде, 2021
Елге оралған Елдос Сметовке көлік сыйлады
Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленген дзюдошы Елдос Сметов бүгін таңғы 4:20-да Алматыға ұшып келді. Әуежайда спортшыға су жаңа автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
ІІМ жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті
ІІМ әуежайлар мен темір жол вокзалдарында жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті, деп жазады Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болды
Елімізде коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 110 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Бүгін елімізде ауа райы ашық болады
Қазгидромет 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Қазақстанда тағы бір ауыл облыстық маңызы бар қалаға айналды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жаңа Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Қазақстанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. 14 облыста 1847 сайлау учаскесінде азаматтарымыз өз таңдауын жасады. 730 орынға екі мыңнан астам үміткер өз кандидатураларын ұсынды. Бұл бір орынға 3 үміткерден артық бәсекелестік болғанын білдіреді. Пассивті сайлау құқығын пайдаланудағы бұл белсенділік – халықтың саяси процеске жоғары қатысуының көрсеткіші.
27 Шілде, 2021
Бұл сайлау бірауыздан бәсекелестікке толы болды деп айта аламын. Расымен, осы сайлауда өзін өзі ұсынған азаматтар да баршылық. Партиядан да үміткерлер саны жеткілікті. Тіпті басқа сайлауларға қатыспаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан да кандидаттар болды.
27 Шілде, 2021
БҰҰ өкілінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдану әлем картасындағы жаңа мемлекеттің тәуелсіздігін халықаралық қауымдастықтың ең жарқын және сөзсіз мойындағаны болып саналады. Көпшілікке мәлім, Қазақстан әлемнің іргелі жаһандық ұйымына 1991 жылғы 2 наурызда қабылданды.
26 Шілде, 2021
Қазір банкте қарызы жоқ адам жоқ шығар, сірә?! Қаржы ұйымдарынан несие аларда көпшілігіміз тұтынушы мен банк арасында жасалатын келісімшартты да оқи бермейміз. Қарыз бергеніне мәз болып, көзді жұмып, қолды қоя саламыз. Негізі бұл дұрыс емес. Сіз қол қойғаныңызбен, құқыңыз бұзылып жатуы мүмкін. Өйткені банктерде де адами фактордан туындайтын қателіктер көп. Кейбіреулер заңды да қонышынан баса салады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдары жол берген біраз заң бұзушылықты анықтап отыр.
26 Шілде, 2021
ТОКИО. Жапония үкіметі 8 шілдеде коронавирус пандемиясының кесірінен Токио қаласында 22 тамызға дейін төтенше жағдай жариялады. Демек, Токио Олимпия ойындарына (23 шілде – 8 тамыз аралығы) қатаң шектеулер қойылып, көрермендер дүбірлі іс-шараларды тікелей көре алмайды.
26 Шілде, 2021
Айтпасыңа, жазбасыңа болмай, үнемі миды түрткілеп тұратын жайттар әркімнің де басында кездесетін шығар. Соңғы үш жылда үш рет ауыр отаға түскенімді, жасымның да сексеннің сеңгіріне таяғанын ескеріп, қисынға салсақ, бірдеңе жазудың, мәселе көтерудің де жөні жоқ сияқты. Бірақ Баянның жайы үнемі есімде тұрады, ол туралы жалпақ жұрттың әлі де біле бермейтінін ойлап, қынжылып қалам. Жап-жас, сүйріктей сүйкімді шағында қыршын кеткен қыздың тағдыры мені ешқашан бейжай қалдырған емес.
26 Шілде, 2021
СТОКГОЛЬМ. Қытайда SARS-CoV-2 вирусының алғаш рет ДНК талдамасы алынғалы 18 айдан асты. Сол оқиғадан бір ай өткен соң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ең қауіпті деңгейдегі жаһандық дабыл қағып, Covid-19 эпидемиясын қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық төтенше жағдай деп мәлімдеді. Бірнеше аптадан кейін ДДҰ әлемдік пандемия басталғанын хабарлады. Дегенмен дағдарыстың аяқталуына әлі ерте. Керісінше, вирус эволюциясының қауіпті кезеңіне аяқ бастық.
26 Шілде, 2021