Редакция таңдауы
Қазақ киносының тарихына үңілсек, орыс империализмінен пайда болған интернационализм кеңестік идеологияның алтын діңгегіне айналған уақытта әдебиет пен өнер дәріптеген ұлттар арасындағы достық тақырыбы ақ-қара түсті экранның ажырамас бір бөлігі болды. Қуатты идеологияның ең мықты қаруының бірі кино «өнердің ішіндегі ең маңыздысы» болғандықтан ынтымақ пен бірлік тақырыбы қоғам үшін маңызды әрі қажетті құбылыс саналып, басты құндылық осы идеяның қазығына байланды.
29 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік жылдарында көптеген жаңа бастама қолға алынды. Солардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру ісі ерекше аталады. Елбасының бастамасымен құрылған ұйым бүгінге дейін ел бірлігі мен татулығының нышаны болып келеді.
29 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында арбада отырған бір жігіттің келген жұртқа жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырғанын жиі байқаймын. Өзі сондай елгезек. Кез келген сауалға қабақ шытпай, жауап беріп отырады. Осы ауданның тұрғыны ретінде бұл маманның кеңесіне талай жүгіндік.
29 Сәуір, 2021
Қуанай хазірет Батыс Алашорданың рухани көсемі
Қасиетті Рамазан айында Батыс Қазақстан облыстық мешітіне Қуанай хазіреттің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жатыр. Заманында Батыс Қазақстан ғана емес, күллі қазақ жұртына белгілі болған діни қайраткер, Күнбатыс Алашорда үкіметінің рухани көсемі атанған Қуанай Қосдәулетов кім еді?!
29 Сәуір, 2021
Би – ұлт мәдениетінің биік шыңы
Әлем 29 сәуірде Халықаралық би күнін атап өтеді. Хореография өнерінің барлық түрін дәріптеуге арналған бұл мерекені сонау 1982 жылы ЮНЕСКО бекіткен болатын. Атаулы датаның таңдалуы тегін емес, 1727 жылғы 29 сәуірде «заманауи балет» өнерінің негізін қалаушы, француз балетмейстері Жан-Жорж Новерр дүниеге келген. Тарихта «Бүгінгі балет өнерінің атасы» болып қалған тұлға ең алғаш балет спектаклін жарыққа шығарғаны үшін осындай құрметке ие болды.
29 Сәуір, 2021
«Астана LRT» және «СК-Фармация» ісі бойынша адвокаттар қорғалушыларға кіре алмай жүр
«Астана LRT» және «СК-Фармация» істері бойынша айыпталушылардың адвокаттары қорғалушыларымен кездесе алмай жатқандығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz .
28 Сәуір, 2021
Тұңғыш Президент Мария Әуезоваға уәде берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда әлемнің ең биік нүктесі – Эверестті бағындырған елордалық Мария Әуезоваға аяққа арналған протездерді орнатуға көмектесуге уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Сәуір, 2021
Болашаққа нық қарау үшін өткенді ұмытпау керек – Н.Назарбаев
Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Сәуір, 2021
Н.Назарбаев 2025 жылы халық саны 20 миллионнан асатынын айтты
Тұңғыш Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында 2025 жылға қарай Қазақстан халқы 20 миллионнан асатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Сәуір, 2021
Солтүстік өңірлерде күн қайта суытады
Елімізде алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады. «Қазгидромет» синоптиктері 29 сәуір мен 1 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Сәуір, 2021
Елордадағы ҰОС ардагерлеріне 195 159 583 теңге төленеді
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес 9 мамыр мерекесіне орай біржолғы төлемдер мына кісілерге жоспарланған:
28 Сәуір, 2021
QazVac вакцинасы қалай әзірленді?
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының қалай әзірленгендігі жайында мәлімет жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік және ұлттық мәдениет
Биыл 30 жылға толып отырған қастерлі Тәуелсіздігіміздің тағылымы мол тарихына үңіліп қарасақ, алтын әріппен жазылатын жетістіктеріміз, мақтанатын тұстарымыз өте көп. Әсіресе спорт пен туризм салаларын қоса алғанда ұлт руханиятының негізі – әдебиет, мәдениет және өнер саласында қол жеткізген табысымыз толайым.
28 Сәуір, 2021
Қазақ детективін қашан оқимыз?
Детектив деп аталатын, шым-шытырық оқиғалар желісіне құрылған әдебиеттің ерекше жанрының дүниеге келуі Эдгар Аллан По есімімен тікелей байланысты екені көпшілікке мәлім. Осыдан 160 жыл бұрын әйгілі қаламгердің «Морг көшесіндегі өлім» шығармасы детективтің бағын ашып, уақыт өте келе Артур Конан Дойль, Агата Кристи, Джеймс Хедли Чейз, Уилки Коллинз, Чарльз Диккенс секілді талантты жазушылар оны одан әрі дамыта түсті.
28 Сәуір, 2021
Көктемнің көркем күнін карантиннің қатаң талаптары көлегейлегенімен, елордадағы мәдени өнер ошақтары сақтық шараларын барынша сақтай отырып, көрерменін қуантуға қашанда дайын екені көңіл қуантады. Әсіресе демалыс күндерін мағыналы өткізгісі келетін талғампаз қауым үшін «Астана Опера» мен «Астана Балет» театрларының тартуы мол.
28 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстан облысы аумағында 82 этнос өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Өзімен өзі болып, томаға-тұйық жүрген ешқайсысы жоқ. Кейінгі жылдары облыста этносаралық негіздегі кикілжің де тіркелмеген. Облыстағы этностық топ өкілдері, негізінен, Орал қаласы аумағында және аудандарда қазақтармен аралас мекен етеді. 2021 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметке қарасақ, өңірімізде 656 300 адам тұрады екен. Оның 76,3%-ы – қазақтар, 19,3%-ы – орыстар, 1,4%-ы – украиндар, 1,3%-ы – татарлар, қалған 1,7 пайызы – өзге этнос өкілдері.
28 Сәуір, 2021
Украинадағы соғыс пен бейбітшілік
СТОКГОЛЬМ. Ресей егемен, тәуелсіз және бөлінбеген Украинамен бірге бейбіт өмір сүруді қабылдай ала ма? Әлде, ашық соғысқа шығу уақыт еншісінде ғана ма? Бұл Шығыс Еуропада ұзақ уақыттан бері келе жатқан бірінші кезектегі мәселе еді. Ол Ресейдің әскери күштері Қырымда және Украинаның шығыс шекарасы маңында топтастырылуынан кейін қайтадан күн тәртібіне шықты.
28 Сәуір, 2021
Орта ғасырдағы Отырар (Қорық-музейдің дербес экспедициялары ашқан жаңалықтар)
Іргесі өткен ғасырдың екінші жартысында қаланған Отырар қорық-музейінің өңір тарихын зерттеуде, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен насихаттауда алатын орны ерекше.
28 Сәуір, 2021
Атауларды «тірілту» – өз қолымызда
Ел газеті «Егемен» Қостанай облысындағы тарихи жер атаулары туралы өте орынды мәселе көтеріп отыр. Өзім Алтынсарин ауданына қарасты Силантьев ауылында тұрамын. Тың игеру жылдары сол кездегі билік бұл ауылды қалай атасақ екен деп ешкімнен ақыл сұраған жоқ, барлық елді мекеннің атауын белден басып әкімшілік жолмен қойды.
28 Сәуір, 2021