Редакция таңдауы
Банкпен «бәсеке» микроқаржы ұйымдарының бәсін көтере ала ма?
Былтыр ел аумағында тіркелген микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) несиесінің пайызы төңірегіндегі мәселе Парламент қабырғасында көтерілгені белгілі.
30 Наурыз, 2021
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің Қаулысымен Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Наурыз, 2021
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды
1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері оларды жаңғыртуды қаржыландыру үшін орта есеппен 15%-ке артады, деп хабарлады энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов.
30 Наурыз, 2021
21 күн бойы «қызыл белдеуде»: Алтай Көлгінов маңызды мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында коронавируспен күрес қалай жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
30 Наурыз, 2021
Армения премьер-министрі Пашинян отставкаға кетеді
Армения премьер-министрі Никол Пашинян келесі айда елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін отставкаға кететінін мәлімдеді. Парламентті тарату үшін елдің премьер-министрі отставкаға кетуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz Интерфакске сілтеме жасап.
30 Наурыз, 2021
Ұлытаудың тумасы, кәсіби музыкант Азамат Бақия он саусағынан өнер тамған шебердің нақ өзі. Ол негізінен көнеден келе жатқан ұлттық музыкалық аспаптарды жасаумен, жаңғыртумен айналысады.
30 Наурыз, 2021
Бар әлемді шуағына бөлеген көктем жаршысындай болып төл мерекеміз Наурыз да келіп жетті. Күн мен түн теңеліп, табиғат жаңаратын, тіршілік атаулы қайта оянатын Ұлыстың ұлы күнін күллі қазақ халқы қуана қарсы алды. Мен қазақ халқы деген ұғымға елімізде тұрып жатқан тағдыр-тілегі, мұрат-мақсаты бір жүз сан ұлттың бәрін сыйғызып айтып отырмын.
30 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивіндегі құнды құжаттарға үңілсеңіз, астанада алғаш рет наурыз мерекесі қашан аталып өткені туралы деректер кездеседі. 1990 жылғы Целиноград қалалық мәдениет бөлімінің есебіне сүйенсек, мұнда ең алғаш Ұлыстың ұлы күні 1989 жылы тойланған екен. Ақсақалдардың ақ батасымен өрілген құтты мерекеге кеңес идеологиясы құлағына сіңіп кеткен жастар жағы бой үйрете алмаса да, үлкендердің ізетті жолымен жүруге тырысқан. Бұған қолдағы құнды құжаттар куәлік етеді.
30 Наурыз, 2021
Жол жағдайы көпке дейін Маңғыстаудағы өзекті мәселелердің бірі болып келген еді. Бірақ соңғы оншақты жыл көлемінде жүргізілген жұмыстар өңірдің жол сапасын едәуір жақсартты. «Қазіргі таңда көлік жолдарының 80%-ның сапасы жақсы және бұл көрсеткіш көптеген аймақпен салыстырғанда көш ілгері» дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының мамандары.
30 Наурыз, 2021
«Қазақстан алюминийі» АҚ-на қарасты Торғай боксит кен басқармасының жұмысы тоқтады. Кәсіпорын қызметкерлерінің басым бөлігі өзге жұмыспен қамтылған. Енді бір бөлігі бұрын өндірілген отқа төзімді сазды тиеп жөнелту, техника мен жабдықтарды демонтаждау және күзету шараларын атқара бермек.
30 Наурыз, 2021
Індеттен арылудың жолы – екпе салдыру
Аты жаман індеттің үшінші толқынының ел аумағында таралуына байланысты Шымкент қаласында карантин ережесі 12 сәуірге дейін ұзартылды. Әсіресе наурыз айының бел ортасынан бастап шаһарда коронавирус індетін жұқтырғандар саны арта түсті. Бір ғана мысал, 28 наурызда КВИ-дің 45 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 25, белгілері жоқ – 20). 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды.
30 Наурыз, 2021
Ілкіден жалғасып келе жатқан ізгілікті салт-дәстүрдің меңзер мәні аз емес-ау. Тек соған көңіл бөлмейтініміз ғана өкінішті.
29 Наурыз, 2021
Жаннұр – Қытайдың үздік шетелдік студенті
Жақында Қытайдың бірқатар агенттігі «Жылдың үздік шетелдік студенті» анықталғаны туралы хабар таратты. Анықтай келе биылдың үздік студенті ретінде сол жақта білім алып жүрген қазақстандықтың таңдалғаны мәлім болды. Оған қоса, Жаннұр Ниязбекова – университет президентінің арнайы стипендиясының иегері. Топ жарып, көш бастаған отандасымызды іздеп, әңгімеге тарттық. Ол шетелдегі студенттік өмірі мен аталған жүлдеге қалай ие болғанын айтып берді.
29 Наурыз, 2021
Қамбаштан су «қашып» барады...
Жуырда сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы, Нұртөре Жүсіп және Ақмарал Әлназарова Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына Сыр бойындағы су тапшылығына байланысты депутаттық сауал жолдады.
29 Наурыз, 2021
Көлік салығын төлеудің қолайлы әдісі
Көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталады. Мемлекеттік кірістер комитеті осы төлем түрін алғаш рет e-Salyq Azamat мобильді қосымшасына енгізіп отыр, яғни барлық жүйе цифрландырылды. Енді көлігі бар көпшілік үйден шықпай-ақ смартфон арқылы көлік салығын төлей алады.
29 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шаралары күшейтілді
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және КВИ ауруының өсуіне байланысты қалада карантин және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
29 Наурыз, 2021
COVID-19: Әлемдегі ахуал тұрақсыз
Маусым айының соңына дейін Ұлыбританияның бүкіл әлеммен көлік байланысын қалпына келтіруі екіталай. Шетелде демалғысы келетін британдықтарға тамыз айына дейін мұндай мүмкіндік болмауы мүмкін.
29 Наурыз, 2021
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 30 наурыз - 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Наурыз, 2021
Суэц каналындағы контейнер кемесі шығарылды
Әлемдегі ең маңызды сауда жолдарының бірінде апта бойы тұрған алып кемені құтқарушылар орнынан қозғалтты, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Наурыз, 2021
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық академиялық кітапханада ұлт руханияты үшін бағалы туынды – ескі жазба тілінде (қадымша) осыдан жүз отыз жыл бұрын жарық көрген сұлтан Ахмет Кенесариннің «Насаб наме сұлтан Сыдық» атты кітабының қазіргі әріпке түсірілген аударма нұсқасының тұсауы кесілді. Бұл шараға, Парламент Мәжілісінің депутаттары және тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
29 Наурыз, 2021