Редакция таңдауы
Шалғай ауылдарда жұма намазын оқуға болатын болды
Түркістан облысында шалғай ауылдардағы мешіттерде бұдан былай жамағат болып жұма намазын оқуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
62 адам қар құрсауынан құтқарылды
Демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында болған қатты боранда патрульдік полицейлер мен ТЖ құтқарушыларының жұмысы қыза түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
Ринат Зайтов жаңа қызметке тағайындалды
«Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне айтыскер-ақын Ринат Зайтов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Ақпан, 2021
Демалыс орталықтарының үздік ондығы жарияланды
2020 жылдың қорытындысы бойынша Instagram желісінде ең көп белгіленген демалыс орталықтарының үздік ондығы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
Петропавлдағы Қозыбаев университетінің ректоры тағайындалды
Петропавлдағы Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректор қызметіне Ерлан Шуланов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
Бозжырадағы қонақүй құрылысы орнында не болып жатыр?
Бозжыра шатқалында қонақүй кешеніне арналған учаске белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
Қазақстан бензинді қайда экспорттады?
Өткен жылы Қазақстан бензин экспортын шамамен үш есеге көбейтіп, 493,6 мың тоннаға жеткізді. 2019 жылғы көрстекіш 180,7 мың тонна болатын. 2020 жылы экспорттың өсуіне ішкі нарықтағы сұраныстың COVID-19 шеңберіндегі карантиндік шектеулерге байланысты төмендеуі әсер етті. 2020 жылы бензин өндірісі 4,48 млн тоннаны құрады және 2019 жылмен (4,54 млн тонна) салыстырғанда айтарлықтай өзгерді, деп жазады Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 9-11 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
Үндістандағы мұз көшкінен 150-ден астам адам жоғалып кетті
Үндістанның Уттаракханд штатында мұз көшкіні болып, 150-ден астам адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
Билл Гейтс адамзатқа төнген жаңа қауіп туралы айтты
Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Ақпан, 2021
Ғимараттың төбесінен қар құлап, 4 адам мерт болды
Алтай өлкесінде ғимарат төбесінен құлаған қардың салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
Елімізде ең көп жалақыны кімдер алады?
2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа жалақысы 14,3%-ға жоғарылап, 233,1 мың теңгеге жетті. Инфляцияны ескергенде шынайы өсім 6,5%-ды құрады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2019 жылдың осы кезеңінде отандастарымыздың орташа айлығы 203,9 мың теңге болатын, деп хабарлады Egemen.kz.
08 Ақпан, 2021
Ең арзан баспаналар Қазақстанда тіркелген
Дүниежүзіндегі ең төмен баға – тұрғын үйді жалдау я сатып алудың құны бойынша тіркелген. Еліміз 138 мемлекет арасында 107-ші орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Ақпан, 2021
Өзге мемлекеттердің төлқұжатын иеленгендер көп
Қос азаматтық анықталған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау орындары Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылғанын тіркейді. Егер Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылған соң да құжаттарды пайдаланып жүрсе, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал өзге елдің азаматтығын алған соң 30 күн ішінде қазақстандық құжатын өткізбеген тұлғанің ісі сотқа жолданып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыпқа тартылады немесе сот шешімімен ел аумағынан шығарылады.
08 Ақпан, 2021
Ұлттық музейде «Бір туынды тарихы» жобасы аясында Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 1981 жылы тау пейзаждары жанрымен салынған «Биік таулар» картинасы көпшілікке таныстырылды.
08 Ақпан, 2021
Қытайдың мүддесі мүлт кеткендей...
Келесі аптада Қытайдың бастамашылығымен «17+1» форматындағы саммит өтпек. Шығыс және Орталық Еуропа елдері қатысатын бұл жиынның у-шуы бітер емес. Таяуда Балтық жағалауы елдері аталған іс-шараға аса мән бермейтінін аңғартты.
08 Ақпан, 2021
Алып елдерді алаңдатқан Азия: Мьянма мәселесі қалай болмақ?
АҚШ-тың Азиядағы ең жақын одақтасы болып табылатын Жапония үкіметі америкалық жаңа әкімшілікпен сыртқы саясат саласындағы басты бағыттарды үйлестіріп алуға бар күш-жігерін салуда.
08 Ақпан, 2021
Талайларды тамсантқан Тақиялы періште еді
Рухани биікке «крансыз» көтерілген адам. Өмірдің бар ізгілігімен науаттанған жар басынан мөлдір суға үңілген жасыл емен тәрізді. Қарапайымдылықтан құйылған тау тектес мүсін бе дерсің. Жезайыр жазушы Асқар Сүлейменов «Жалғанның жалғандығын жылқының жанарынан асырып көрсетер айна қане?» дейді емес пе? Сол айна Әлімғазы атаның қарашығында бар еді. Осындай алып денеге тұнық көлдей көгілдір көз қайдан біткен деп қайран қалатынбыз. Мінезі көркем жанның қашанда маңайына жақсылық үйір ғой. Батасы – дәтке қуат, жанға суат-тұғын.
08 Ақпан, 2021
Біздің үй аэропортқа жақын. Төбемізден күн сайын емес, тіпті сағат сайын ұшақтар самғайды. Алғаш көшіп келгенде әлгі ұшақтардың дауысына қайта-қайта елеңдеп отыратынбыз. Бірақ кейін құлақ үйренгендік пе, сол ұшақтар мүлде ұшпай қалғандай болды... Жалпы адам табиғаты өте қызық, тылсым, жұмбақ келеді ғой. Сенгіш, ырымшыл, үмітшіл. Ойлап отырсақ, бұған дейінгі тұрған пәтеріміздің де жанынан ылғи пойыз жөңкілетін. Жаңа үйімізге көшіп келгенде бірден осыны айтып бір күлісіп алдық. Ендігі үйіміз кемелер тоқтайтын алып порттың қасында болмаса игі деп мәз болғанбыз. Рельске сарт-сұрт тиген пойыз доңғалақтары өткен сайын терезеге қарайтын едік. Айтматовша айтсақ, Оралханша ойласақ «батыстан шығысқа, шығыстан батысқа» жөңкілген жүрдек пойыздар, ұшқыр ұшақтар бізді ешқашан бейжай қалдырмайтын.
08 Ақпан, 2021
Ұлттық музейде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Таң Шолпан» Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының «Таң Шолпан» атты көрмесі өтті. Көрме аясында алдымен өнертанушы ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әйелдер қауымының шығармашылықпен айналысуы, олардың дамуына жағдай жасау тәрізді өзекті мәселелер талқыланды.
08 Ақпан, 2021