Редакция таңдауы
Банкроттық туралы заң қабылдана ма?
Қазақстан халқының банк алдындағы берешегі артып бара жатыр. Бұл ретте тұтынушылық несиені меңзеп отырмыз. Жеке тұлғалардың қарызы шамамен 4 трлн теңгеден асады. Халықтың 27 пайызы – банк алдында борышкер. Жеке азаматтардың несиесін кешіру Үкімет үшін де, экономика үшін де тиімсіз деген түйінді экономистер айтып жүр. Егер олай істесе мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындай алмай қалуы мүмкін. Амнистияның тиімсіздігін айғақтайтын басқа да себептер баршылық. Бұл орайда елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдануы керек деген ой айтыла бастады.
01 Қаңтар, 2021
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылдағы жұмысы әртүрлі бағыттарда жүргізілді. Олар: ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл, мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін қамтыды.
01 Қаңтар, 2021
«Есептен шығару куәліктері» 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.
01 Қаңтар, 2021
Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді табалдырығымыздан аттаған – қазақстандық әр отбасы үшін арайлы да қайырлы және сағына күтетін мереке жаңа – 2021 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.
01 Қаңтар, 2021
Құдай қалап, тәуелсіздіктің үшінші онжылдығын қорытындылайтын жылдың алғашқы таңы да атты. Осыған дейін Қазақ елі талай белесті бағындырды, бұрын-соңды болмаған жетістіктер жылнамасы сәтімен жазылып жатыр.
01 Қаңтар, 2021
Балалар тақырыбына қалам тартатындарды «данышпандардың ақыны», «данышпандардың жазушысы» дейтін сөз әуелде-ақ қалыптасқан.
01 Қаңтар, 2021
Пандемия Жаһанды белгісіз індет жаулап, адамзаттың қалыпты өмірін бір сәтте өзгертіп жіберді. Біз білетін тіршілік жаңаша сипат алып, пандемия әсерін сезінбеген жан қалмады. Дүние жүзінде барлығы 82 млн-нан астам адам вирус жұқтырып, оның 1 млн 800 мыңнан астамы қайтыс болды. Вирустың белгісіз бұл түрі 191 елде тіркелді. UNESCO-нің мәліметіне сенсек, 264 млн бала мектепке бармай, үйінен сабақ оқыған. Бұл жаһандық дағдарыстың барлық салдарын анықтап, бағалау үшін бірнеше жыл кететіні анық.
01 Қаңтар, 2021
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бекітіліп, 2017 жылдан бастап іске асқан «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары» бағдарламасы бойынша автор құқығы 70 жылға шектелетін. Бұл қағидаға қоғамда түрлі наразы пікірлер туындаған болатын.
01 Қаңтар, 2021
Қостанайда шаңғы базасы ашылды
Қостанай облысында шаңғы базасы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
31 Желтоқсан, 2020
«Қордай» өткізу пунктіне қайта құру жұмыстары жүргізілді
Еліміздің индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге Қордай ауданындағы «Қордай» өткізу пунктін кеңейту және қайта құру жұмыстарының нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz
31 Желтоқсан, 2020
Оралда 216 пәтерлік үй пайдалануға берілді
Орал қаласында 216 пәтерлік тұрғын үй пәтер кезегінде тұрған азаматтарға тапсырылды. Жаңа жыл қарсаңында қуанышқа кенелген тұрғындарға пәтер кілтін облыс әкімі Ғали Есқалиев салтанатты жағдайда табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz
31 Желтоқсан, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова үздік ұстаздарды марапаттады
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Мәртебелі ұстаз – ел мерейі» атты облыстың табысты ұстаздарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
31 Желтоқсан, 2020
Ақтөбеде жаңа мектеп-гимназия ашылды
Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 900 орындық жаңа мектеп-гимназия пайдалануға берілді,деп хабарлайды Egemen.kz
31 Желтоқсан, 2020
Міндет айқын – халықтың жағдайын жақсарту
Еліміздің сыртқы және ішкі саясатын, даму бағытын Президент айқындайды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ерекше атап өтуге болады. Өйткені еліміз үшін аса маңызды бұл құжатта Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне қатысты міндеттер нақты көрсетілді, мақсатымыз айқындалды.
31 Желтоқсан, 2020
Коронавирус пандемиясы жер-жаһанды әбігерге салғандықтан, шартараптың түкпір-түкпіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары негізінен індетке қатысты жаңалық таратты. Дегенмен, Батыстың беделді басылымдары ара-тұра болса да әлемнің «тоғызыншы территориясы» саналатын Қазақстандағы ахуалдан ақпарат беруді ұмытқан жоқ. Осы орайда, 2020 жылы әлемнің медиа өкілдері елімізге қатысты жазғандарына шолу жасап көрген едік.
31 Желтоқсан, 2020
...әншісі Димаш АҚШ-тың MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атануы 2020 жылдың елеулі жаңалығы ретінде тарихта қалды. Кәрі құрылықты өнерімен тәнті еткен әншінің клипін MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы миллиондаған өнерсүйер қауым ерекше ықыласпен қабыл алды.
31 Желтоқсан, 2020
Индустрияландыру ісінде іркіліс болмайды
Әлемді әлекке салған пандемияға қарамастан, елдің индустрияландыру бағытындағы жұмысында іркіліс болған жоқ. Бұл жоспарлы, жүйелі жұмыстың жемісі екені даусыз. Соның нәтижесінде елдің индустриялық, инновациялық даму саласы 2020 жылды ойдағыдай түйіндеп отыр.
31 Желтоқсан, 2020
Іркілу мен ілгерілеу (Отандық медицина сынаққа түскен жыл)
Адамзат тарихын көктей шолғанда небір алапат соғыс, табиғаттың дүлей күштері – тасқын, зілзала сынды апаттар биылғы пандемиядай жер жүзіндегі жұмыр басты пенделерді ой мен қимыл тоғысына дәл осылай біріктіре алмапты. Қоштасатын тышқан жылының қиындығына қоса берген сабағы да сол шығар, адамзатқа бірігіңдер, біріккенге – береке, ыдырағаннан ырыс кетер дегендей...
31 Желтоқсан, 2020
Бәрін саттық Өткен жылдың басынан бері – «Бала оқытамыз» – деп бие саттық, «Қыз оқытамыз» – деп түйе саттық, «Ішеміз, жейміз, киінеміз» – деп, Келесі жылы сиыр жылы ғой деп – Соңғы сиыр оны да саттық.
31 Желтоқсан, 2020
Тарих қойнауына енгелі тұрған 2020 жылы елімізде көптеген игі істер атқарылды және ұлтымыздың өшкенін жандырып, жоғын түгендеуге бағытталған игі бастамалар қолға алынды. Осы орайда халық жақсы қабылдап, «бәрекелді» дескен жаңалықтың бірі – елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның құрылуы болды.
31 Желтоқсан, 2020