Оқи отырыңыз
Мәжілісте жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы талқыланады
Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz
17 Наурыз, 2021
Ақпан айында ел тұрғындары 2300-ден астам алтын құйма сатып алды
2021 жылдың ақпан айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 59,2 кг 2 309 құйма сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2021
Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған азамат ұсталды
Шымкент қаласында есірткі сайттарын жарнамалаған 1994 жылғы азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2021
Ақмола облысында екі жүкті әйел індеттен қайтыс болды
Өткен жылдың 12 айында Ақмола облысында ана өлімінің үш жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
17 Наурыз, 2021
Оқушылардың көктемгі демалысы қашан басталады?
Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2021
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте елімізге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар жайында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2021
Әлемдегі ауа ластануы: Қазақстан 13-орында тұр
Ауаның ластану индексі нашар 10 елдің ішінде Қазақстан 13-орында, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидромедке сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2021
Биыл Нұр-Сұлтанда Наурыз мейрамын мерекелеу игі істерге арналады
Биыл елордада Наурыз мерекесін тойлау «Қайырымды істер» ұранымен өтеді. Мерекенің қазіргі тұжырымдамасы аясында еріктілер мен белсенді қала тұрғындары көптеген акциялар, игі істер өткізіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2021
Павлодарда 100 млн теңгені қолды еткен алаяқ ұсталды
Павлодар қаласында 100 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған күдікті қолға түсті. Ер адамның алаяқтықтың тағы 40 фактісіне қатысы бар екені туралы ақпарат бар, деп хабарлайды Egemen.kz
17 Наурыз, 2021
Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 109,7 мың адам қатысты
1 наурыздағы жағдай бойынша 109,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2021
Елордалық дәрігерлер салмағы 960 грамм сәбиге күтім көрсетіп жатыр
№2 қалалық көпбейінді ауруханада шала туған сәбидің «қырқынан шығару» салты өткізілді. Бұл оқиға Анар Әшімованың отбасында болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2021
Тағы да газ баллоны жарылды: Қарағанды облысында оқыс оқиға
Қайғылы оқиға Қарағандының 21-інші шағынауданында, бесінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде болды. Сыйымдылығы 27 литр болатын газ баллоны жарылған. Оқиға салдарынан ауруханаға өте ауыр халде ер адам жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
17 Наурыз, 2021
Павлодарда ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді
Павлодар облысының Шарбақты ауданында ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2021
Мемлекет бизнестің «көз жасына» сенсе игі
«Мемлекеттік органдар елдегі кәсіпкерлерді орынсыз тексеруін азайтпай отыр. Статистикаға үңілсек, кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту саны көбейген. 2015 жылмен (235 мың) салыстырғанда 2019 жылы (500 мыңнан аса) екі есе дерлік артқан. Бұл әрбір үшінші бизнесмен әкімшілік жауапқа тартылғанын білдіреді», дейді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының кеңесшісі Ербол Өстеміров.
17 Наурыз, 2021
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндама жасады.
17 Наурыз, 2021
«Жеті ата» дәстүрі – қоғам саулығы
Ертеде қазақ ханы әз Жәнібек елге аты шыққан емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын шақырып: «Қандай дертке дауа жоқ?» деп сұраған екен. Сонда емші: «Тұқым қуалаған ауруға дауа жоқ» депті. «Оның алдын алуға бола ма?» дегенде, емші: «Жеті атаға дейін қыз алыспау», депті. Бұл пікірін әйгілі шипагер кейінгі ұрпақ білсін деп хаттап-шоттап жазып кеткен екен. «Жеті атадан асқаннан кейінгі аталардан қыз алыспақ керек. Жиенін алмақ – жиеніне бермек, емшек сүті араласпаса болды дейтіндерге: қандық, аңғақтық, уылымдық бейім көп болмақ. Алалық, шалажаралымдық, туылымдық, жаралыстық бітіс, милаулық туылғылар көз көргілігі бұтан дәлелімдік саналығы таппақ» дейді әйгілі дуагер.
17 Наурыз, 2021
Ясауи кесенесі мен маңында жерленген тұлғалар тізіміне кімдер енді?
Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған ғылыми кеңесте тағы да 12 тұлғаның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленгені туралы тарихи деректер мақұлданды. Тізімге енген он екі тұлғаның тарихын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде олар жайлы деректер мен мәліметтер толыққанды жинақталған. Сондай-ақ ғалымдар бұдан басқа да тізімге енбей қалған тұлғалар жайлы мәліметтер ұсынуда. Ғылыми кеңесте алдағы уақытта бұл мәселе де түбегейлі қолға алынатыны айтылды.
16 Наурыз, 2021
Үш елдің сахнасынан самғаған ән
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина «Достардан махаббатпен» онлайн-концертін ұсынды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Құрманғалиевті еске алу құрметіне арналған музыкалық кеш «Астана Опера» (Нұр-Сұлтан), Үлкен театр (Мәскеу) мен «Израиль Операсы» (Тель Авив) солистерінің қатысуымен ерекшеленді. Сондай-ақ бұл жобаны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында өткен айтулы мәдени шараның бірі деуге толық негіз бар.
16 Наурыз, 2021
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуроодақтың қолдауымен 1997 жылы өмірге келген бағдарламаның бірі – Орфанет ұйымы. Еуропа мемлекеттерінде кездесетін ең сирек аурулар жайында мәліметтер жинастырып, мамандардың кеңесін жолға қойған көп тілді осы порталдың деректеріне қарағанда, мұндай аурулардың 80 пайызы тұқым қуалайтын, яғни генетикалық дерттерге жатады екен.
16 Наурыз, 2021
Ахмет Жұбановтың музыканттар алдында дирижер таяқшасын көтерген алғашқы күннен бастап Құрманғазы оркестрі қазақ күйінен классикаға дейін небір шоқтығы биік шығармалардың жұлдызын жағып келеді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа заманға лайықты өркениетті ел болуға ұмтылыс жолында, тарихи қалыптасу кезеңінде оркестр ұжымы өркенді өзгерістерді бастан кешірді.
16 Наурыз, 2021