Оқи отырыңыз
Түркістан: Қайырымды жандар көбейіп келеді
Бүгінде Түркістан облысында жомарт жүректі азаматтар қайырымдылық шараларына белсене қатысуда. Мысалы, әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға көмек көрсету үшін Ордабасы ауданындағы бірқатар үкіметтік емес ұйым белсенділері және мешіт жамағаты қайырымдылық шараларын өткізді.
12 Сәуір, 2020
42 500 теңгені алуға берген өтінішті қалай тексеруге болады?
Президенттің Цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин Instagram парақшасында өтінішті 42500.enbek.kz сайты арқылы тексеруге болатындығын хабарлады.
12 Сәуір, 2020
Атырау: Пошташылар зейнетақыны үйге жеткізуде
«Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Ирина Юдың айтуынша, төтенше жағдайға байланысты пошташылар зейнетақыны үйге жеткізіп беруді бастады. Осы мақсатта 3 мобильді топ құрылған. Тұрғындардың қалауы бойынша пошташылар банк картасын да рәсімдеуді жүргізеді.
12 Сәуір, 2020
Жамбыл облысы: Өңірдегі кәсіпорындардың өрісі кеңеймек
Бүгінде Жамбыл облысында да енгізілген карантинге байланысты шектеу шараларына қарамастан құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындардың резервтері мен мүмкіндіктерін нығайту қажеттігі туындап отыр. Осы мақсатта облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының бірқатар өндірістік кәсіпорындарын аралады.
12 Сәуір, 2020
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылым жолында қызмет етіп жүрген мамандарды мерекесімен құттықтады.
12 Сәуір, 2020
Түркістан: Ақтаудан келген арыстық азаматтың індет жұқтырғаны анықталды
Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Өңірде қазіргі таңда коронавирус індеті расталғандар саны 36-ғажетті.
12 Сәуір, 2020
Карантинге пысқырмайтын «ақылды таксистердің» әрекеті әшкере болды
Тұтас ел болып қауіпті індетпен күресіп жатқанда, бас пайдасын көксендердің тосын әрекеті әлі де тыйылмай тұр. Алматылық тәртіп сақшылары азаматтарды карантин аймағынан заңсыз шығарумен айналысқан такси жүргізушілерін анықтаған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
Атырау: Дәрігерлерге үстемеақы үшін 959 млн теңге бөлінді
Атырау облысында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге жалақысына қосымша үстемеақы ала бастады.
12 Сәуір, 2020
Кәсіпкердің дәрігерлерге көмегі
Қызылордалық кәсіпкер коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жүрген дәрігерлерді өзінің қонақүйіне орналастырды. Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.
12 Сәуір, 2020
Алматы: 30 індет ошағында коронавирус қаупі сейілді
Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты төмендегі мекен-жайлардағы 30 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды.
12 Сәуір, 2020
Алматы: Жағдайы ауыр деп танылған екі науқас тәуір бола бастады
Алматыда ауыр жағдайда жатқан екі науқастың беті бері қарап, тәуір бола бастады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
Токио төріндегі бәсеке келер жылы да өтпеуі мүмкін бе?
Әлемдегі ахуалға байланысты биыл жазда өтуге тиіс төртжылдықтың басты бәсекесі 2021 жылға шегерілгені белгілі. Дегенмен, әлемдік спорт сарапшылары Токио төрінде алауы тұтанатын Олимпия ойындары келер жылы да өтпей қалуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Күні кеше Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің директоры Тосиро Муто да бұл болжамды қуаттап, пікір білдірді.
12 Сәуір, 2020
Бүгін - Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні
Елбасының Жарлығымен 2011 жылы бекітіліп, 2012 жылдан бастап аталып келеді.
12 Сәуір, 2020
12 сәуір – Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні
1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер - Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшты.
12 Сәуір, 2020
751 613 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалды
11 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 2 млн 900 мың 65 азаматтан барлығы 4 млн 354 мың 274 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
АШМ өңірлердің егіс науқанына дайындығын пысықтады
Ауыл шаруашылығы министрлігінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Бейнеконференция байланысы арқылы оған облыс әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
12 Сәуір, 2020
Қорытынды аттестаттау емтихандары биыл өткізілмейді
Қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай шешім қабылдады. Аттестат пәндер бойынша жылдық бағалар негізінде беріледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
Мәдениет және спорт министрі сала қызметкерлеріне алғыс айтты
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
«Карантиндегі жұлдыз»: Толқын Забирова онлайн концерт береді
«Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында бүгін Толқын Забирова онлайн концерт береді. Күнде кешкі уақытта сіздер талантты әншілерімізді тыңдап, керемет инструменталдық орындаушылық өнерін тамашалай аласыздар. Концерт онлайн режиміде өтеді. Әрбір қазақстандық сүйікті жұлдыздарын тыңдап, көріп қана қоймай, олармен тікелей эфирде тілдесе де алады.
12 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер тоқтатылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төтенше жағдай режимі кезінде қауіпті өндірістік объектілерді қадағалау қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.
12 Сәуір, 2020