Оқи отырыңыз
Сенаторлар Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Шымкент қаласында кәсіпкерлермен және «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Shymkent» ӘКК» акционерлік қоғамдары мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының басшыларымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Теннисші Елена Рыбакинаның табысы қанша?
Өткен аптаның соңында Дубайдағы турнирдің финалында өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сол межеге жеткені үшін 372 200 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.
25 Ақпан, 2020
Алматылық оқушы бизнес форум өткізді
Алматылық мектеп оқушысы Алан Машен әлемдік кәсіпкерлердің басын қосып, бизнес форум ұйымдастырды.
25 Ақпан, 2020
Заңсыз қару-жарақ сатқандар сотталды
Алматыда заңсыз қару-жарақ сатқандар сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
25 Ақпан, 2020
Қазақстандық делегация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырыстарына қатысты
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің жоғары деңгейдегі сегментінің отырыстарына және Қарусыздану жөніндегі конференцияға қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Мұхтар Тілеуберді Женевада екіжақты кездесулер өткізді
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі отырысының аясында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Игерілген инвестицияның игілігі
Өткен жылы Алматы облысы бойынша негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемінің қаржылай құны 641,2 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 107 пайызды құрады. Жалпы, аймақтардың экономикалық әлеуеті мен логистикалық мүмкіндігі инвесторлардың назарын бірден аударатыны анық. Бұл тұрғыдан алғанда Алматы облысының жұлдызы жанып тұр.
25 Ақпан, 2020
Мал сатып алуға бөлінген 5,3 миллиард теңгенің бүгінге 2,2 миллиард теңгесі ғана игерілген
Жамбыл өңірінде қолға алынып, ел Үкіметінен қолдау тапқан тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасы халыққа берілген үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан берілген несиеге мал алып, тірлігін тіктеп отырған шаруалар көп. Алайда, бөлінген қаражат қалай игерілуде? Облыстың 10 ауданынан таңдалып алынған 11 ауылдық округтің тұрғындары берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып отыр ма?
25 Ақпан, 2020
Шағын және орта бизнес үлесін 50%-ға дейін арттыру - стратегиялық міндет
Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Қауіптілік картасы жасалды: Төтенше жағдайларға дайынбыз ба?
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев және бірқатар облыстың әкімдері алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Ауыл тұрғыны қар құрсауында қалған жүк көлігін шығаруға көмектесті
Ат құлағы көрінбейтін ақпанның ақ борандары өткен аптаның аяғында ғана толастады. Солтүстік Қазақстан облысының ПД патрульдік полициясы ТЖД, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар жолдарды 12 рет жабуға мәжбүр болды. Ақпанның 17-сі мен 23 аралығында барлығы 147 автотехника қар құрсауынан шығарылды. Оның 14-і жүк көлігі. Барлығы 300 адам эвакуацияланды, оның 4-і бала.
25 Ақпан, 2020
Түркістан: 154 шаруа қожалығы екі рет өнім алуды жоспарлап отыр
Түркістан облысының таулы аймағындағы Түлкібас ауданының шаруалары биыл жыл бойына егістіктен екі рет өнім жиып алуды көздеп отыр. Былтыр осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген біршама шаруалар табыспен шықан болатын. Биыл қызығушылық танытқан диқаншылар қатары артқан.
25 Ақпан, 2020
Жамбыл облысы көктемгі егіс дала жұмыстарына дайын ба?
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы жиын өткізді. Сонымен қатар жиында ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асу жайы да қаралды.
25 Ақпан, 2020
Әйелдер күресінен 1993-2000 жылдар аралығындағы Азия чемпионаттарында қанша жүлде алдық?
Әйелдер күресінен Азия чемпионатының тұсауы 1996 жылы кесілді. Сол кезден бері айтулы жарыстың жалауы 23 мәрте желбіреді. Сол байрақты бәсекелерде Қазақстан құрамасы 13 алтын, 15 күміс және 40 қола медальді олжалады. Барлығы – 68 жүлде.
25 Ақпан, 2020
16 жастағы жасөспірім дәрігерге өз бетінше жүгіне ала ма?
Биыл «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс қабылданатыны белгілі. Бұл күндері Денсаулық кодексінің жобасы қайта-қайта талқыға түсіп, ұсыныстар пысықталу үстінде.
25 Ақпан, 2020
Еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында 25 мәрте бақ сынады
1993-2020 жылдар аралығында Қазақстанның еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында 25 мәрте бақ сынады. Сол кезден бері 19 алтын, 23 күміс және 37 қола медальді олжалады. Барлығы – 79 жүлде.
25 Ақпан, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті: Оқу құралдарындағы қателіктерді тезірек жояйық
1951 жылы 15 маусымда «Социалистік Қазақстан» газетіне жарияланған Қазақ ССР Оқу министрінің орынбасары Әди Шәріповтың оқу құралдарындағы қателіктер жайында жазған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.
25 Ақпан, 2020
Алматыдағы Баум тоғайында көктемгі жүгіру жарыстары өтеді
Биыл 14 наурызда «Алматы марафонына» дайындық қарсаңында екінші маусымдық жарыс — көктемгі жүгіру жарыстары өтеді. Сөре сызығына 1 500 спортшы жиналады.
25 Ақпан, 2020
Азия чемпионаттарында грек-рим күресінен бүгінге дейін қанша жүлде алдық?
1993-2020 жылдар аралығында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері Азия чемпионатында 25 мәрте күш сынасты. Сол кезден бері біздің балуандар 37 алтын, 32 күміс және 52 қола медальді олжалады. Барлығы – 121 жүлде.
25 Ақпан, 2020
Тараз: Білім ошағындағы заңсыздықтар
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласының өкілдерімен кездесуінде кейбір мектеп директорлары өздерін князь секілді сезінетіндерін айтқан еді. «Оқу орындарының кейбір басшылары өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп – мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы тұлғалар болуы тиіс. Жұмысқа орналастырғаны үшін директор мұғалімнен ақы алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім өз шығындарын ата-аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді», деген болатын. Жиында білім саласындағы бұдан өзге де мәселелер көтеріліп, талқыланды. Сондай-ақ әкім білім беру, тәртіп және тәрбие жұмыстарын күшейтуді де тапсырды.
25 Ақпан, 2020