Оқи отырыңыз
«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жұртшылықпен байланыс департаменті компания жауапкершілігі аясындағы «Сарыарқа» газ құбырының құрылысшылары жобаны бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырып жатқандығын хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
Оңтүстіктен 427 отбасын солтүстік өңірлерге көшіру көзделіп отыр
Түркістан облысында Қарабұлақ деген ауыл бар. Өңірдегі өзге ауылдардан ерекшелігі көп. Бұл ауылда 60 мыңнан астам халық тұрады. Басым бөлігі – шаруақор өзбек ағайындар. Сайрам ауданына қарасты елді мекен өңірге жеміс-жидегімен де, мал өнімдерімен де танымал. Сауда орындарында осы ауылдың картобы, еті мен сүті болсын өтімді. Айтайын дегеніміз, еңбекқор ауыл тұрғындарының тұрмысы емес, 52 отбасының еліміздің солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдіргені туралы еді.
30 Қыркүйек, 2019
Жамбылдықтардың тұрмыстық табысы жақсарады
Нұр-Сұлтан қаласында Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» мақұлданған болатын. Осы орайда Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімінің орынбасарлары Мұратхан Шүкеев пен Нұржан Календеровтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
30 Қыркүйек, 2019
Меценат мектепті жөндеп, ауылына су тартып берді
Кейде журналистерді күтпеген сапарлар шақырады. Әріптестеріміздің қолқалауымен аяқ астынан еліміздегі әйгілі үш мектептің бірі – Жетісу өңіріндегі Мамания мектебін көреміз деп кім ойлаған. Қазақ даласында бой көтерген алғашқы Жәңгір хан, Ыбырай Алтынсарин мектептерінен кейін іргетасы қаланған, Жетісудың атақты байы Маман бидің балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар 1899 жылы ұйымдастырып, 1903-1904 жылдары салып бітірген тарихи оқу ордасынан осылайша табылғанымыз бар. Бұл мектептің құрылыс жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы «Ғалия» медресесінің тәжірибесіне негізделгені аян.
30 Қыркүйек, 2019
Ғасырлар қойнауынан уақыт көмескілендірген сартап сырдың ұштығын алдыңызға көлденеңдеп тартады. Қола дәуірінің кәнігі шеберлері өздері жүректі шымырлата беріліп пір тұтқан кейіпкерлердің тұңғыш рет түсінік-танымын тербеген кескіндерін тас бетіне бедерлеп қашағаны шығар, оларға бар махаббатын салып, айрықша келбет беруі айтар әңгіменің дәлел-түйініндей әсерге бөлер. Адамдардың ашық аспан астында еркін жазиралы шығармашылықтарына байланыстыра отырып, Күн ғибадатханасын құруы таңдандырған Тамғалының әлемдік маңыздылығын айқындайды.
30 Қыркүйек, 2019
Алматыда күйші Тұяқберді Шәмеловті еске алды
Алматы қаласында Қазақстанның халық әртісі, Құрмет орденінің иегері, профессор, белгілі күйші-композитор Тұяқберді Шәмеловті еске алу кеші өтті.
30 Қыркүйек, 2019
Әскери институтты бітіруші курсанттар жаяу әскердің жауынгерлік машиналарымен және танктермен 100 шақырымға марш жасады.
30 Қыркүйек, 2019
Діни радикализмнің алдын алуға бағытталған бірегей жоба – «Жусан» операциясы. Сириядан қайтқандардың арасында 156 әйел бары анықталған. Отандастарымызды оңалту жұмыстарына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан 50 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл туралы өткен жұмада «Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастырудағы әйел ұйымдарының рөлі» тақырыбында өткен семинарда кеңінен сөз болды.
30 Қыркүйек, 2019
Жолдау шағын бизнесті дамытуға жаңа серпін береді
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауында кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес саласы да назардан тыс қалмаған. Жалпы облысымызда 22798 бизнес иелері тіркелген. Оның ішінде 126-ы ірі және 500-і орта кәсіпкерлікті құраса, қалғаны шағын бизнес өкілдері.
30 Қыркүйек, 2019
Түркияда Елбасы туралы кітап таныстырылды
Өткен аптада Анкара қаласында Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен тарихи Нахчыван келісімінің 10 жылдығына арналған басқосу өтті. Алқалы жиын аясында Түркі академиясы шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабының тұсаукесері болды.
30 Қыркүйек, 2019
Қазақстан өз ұстанымын жариялады
Елбасымыз Н.Назарбаев бастап, қалыптастырған еліміздің көпвекторлы сыртқы саясат тұжырымдамасы, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тарапынан сабақтастықпен жалғасын табуда. Президентіміздің БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы барысында шетел басшыларымен, халықаралық ұйымдар төрағаларымен өткен кездесулерінен, сессия барысында жасаған баяндамасынан осыны байқауға болады.
30 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Сессия асында екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзіне, жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулеріне әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары айрықша назар аударды. Сол жарияланымдардың бірқатарын «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандарына ұсынып отырмыз.
30 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.
30 Қыркүйек, 2019
БАҚ-қа салық жеңілдігі жасалады
Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, Парламенттің қарауына ұсынылатын бірқатар мәселе қаралды.
30 Қыркүйек, 2019
Дзюдо: Әлем біріншілігінде тағы қос қола медальді иелендік
Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің екінші жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржынына тағы қос қола медаль түсті. Бұл жүлделердің иегерлері – Марлен Әділ мен Тілеген Тынарбай.
27 Қыркүйек, 2019
Алматыда канадалық қылқалам шеберінің көрмесі ашылды
Алматыда заманауи канадалық қылқалам шебері Майкл Клоуздың «Өнер – ізгілік жолында» деп аталған сурет көрмесі ашылды. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің қабырғасында салтанат құрған экспозицияға автордың 90-ға жуық туындысы қойылған.
27 Қыркүйек, 2019
Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» кеңсесі мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер» атты батагөйлер байқауы өтті. Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста көпшілік көнекөз қариялардан батаның түр-түрін тыңдады.
27 Қыркүйек, 2019
Гүлсезім Әубекерова Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл атты шағын ауылда тұрады. Ол «Zhas Project» жобасының жеңімпазы атанып, өз кәсібін бастаған жүздеген жастың бірі.
27 Қыркүйек, 2019
«Ел іші – өнердің кеніші» деген рас. Алтын бесік ауылдарды араласаң ел мен жердің жақсылығын дәріптейтін, ұлтымыздың неше түрлі өнерін ту еткен дарынды жандарды жиі кездестіріп жатасың. Сондай таланттардың бірі – Жетісудың төрі саналатын Аспантау өлкесінің тумасы, Нарынқол ауылында тұратын қылқалам шебері Нұрболат Ысқақов. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, аталған академияның «Таранда Великого Эля» атты медалінің иесі Нұрболат Ысқақовты көп жұрт біле бермегенімен, өз саласының білгір маманы ретінде елге елеулі қызмет етіп келеді.
27 Қыркүйек, 2019
Күләш Айтжанқызы бала кезінен еңбек етіп, қажырлы әрі табанды болып өскен ұрпақтың көрнекті өкілі. Өткен ғасырдың екінші жартысында Алматы облысы, Панфилов ауданының даңқты диқандары, ауылшаруашылық еңбеккерлері тек облыс, республикаға ғана емес, сол кездегі бүкіл Одақ көлемінде дәндік жүгері өнімін өсірудің үлгісін көрсетіп, ел ырысының артуына айрықша үлес қосып, ел беделін көтерген.
27 Қыркүйек, 2019