Оқи отырыңыз
Данияр Елеусінов пен Решард Хикс жекпе-жегін қайдан көруге болады?
14 қыркүйек күні Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) америкалық боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы сегізінші кездесуі.
12 Қыркүйек, 2019
Онкологиядағы әлемдік медицина майталмандары Қазақстанға келеді
Алдағы 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Онкологиялық Бүкіләлемдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді. Аса ауқымды шара «Hilton Expo Hotel» және «Expo Астана» Конгресс орталығында өткізіледі деп ұйғарылған.
12 Қыркүйек, 2019
Алматыда «Ұлы дала тарихы» оқулығы жарыққа шықты
Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ұлы дала тарихы» атты оқулық жарық жарық көрді.
12 Қыркүйек, 2019
Бауыржан Байбек: Саяси ұйымымыз айтысқа айрықша назар аударып отыр
«Nur Otan» партиясы, «Qazaqstan» РТРК және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үшжақты келісімге сәйкес, жыл соңына дейін «Nur Otan» партиясының қолдауымен еліміздің бірнеше аймағында өтетін барлық айтысты «Qazaqstan» телеарнасына ақпараттық сүйемелдеуге, яғни, сөз аламанын түсіруге және эфирге шығаруға құқық береді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
12 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаларға лайық екенін айтты. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
12 Қыркүйек, 2019
Алдымыздағы сенбі күні елорда төрінде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Бұл Токио Олимпиадасы қарсаңында ұйымдастырылып отырған лицензиялық мәртебесі бар ресми жарыс болғандықтан күллі дүниеде күрестен үміті бардың бәрі қатысары анық. Қысқасы, алуан-алуан мықтылар бозкілемде белдесіп, білек қарымын танытар алапат айқас болайын деп тұр.
12 Қыркүйек, 2019
Қостанай облысы қысқа толық дайын
Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін облыстағы өндірістік және әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы туралы өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндады. «Шанаңды жазда сайла» деген. Бүгінге дейін облыстағы 105 қазандық, 736 дербес жылыту жүйесі толық дайын тұр. Оның сыртында 18,3 шақырым жылу құбырының желісі, 91,6 шақырым су және қанализация құбырлары жөнделді.
11 Қыркүйек, 2019
Футзалдан Қазақстан суперкубогі Атырауда өтеді
Футзалдан Қазақстан Суперкубогін «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары сарапқа салады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
11 Қыркүйек, 2019
Шахмат: Азия чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды
Алматыда ардагерлер арасында шахматтан өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.
11 Қыркүйек, 2019
Футбол: Қазақстанның жастар құрамасы Израильден ұтылды
2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Нұр-Сұлтанда Израиль футболшыларын қабылдады.
11 Қыркүйек, 2019
Нұрлан Әлімжанов Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұрлан Әлімжановтың ант беру рәсімі өтті.
11 Қыркүйек, 2019
Әскери әлеуетті арттыру да маңызды
Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алтыншы сайланған Парламенттің V сессиясын ашып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың ауқымын айқындап берді.
11 Қыркүйек, 2019
Бейбітшілік тірегі – түсіністікке ұмтылған сана және сабырлы ақыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы сабақтастықты сақтай отырып, одан әрі даму бағытын көрсетіп берді... Соңғы отыз жыл еліміз үшін бейбітшілік пен алға ілгерілеудің кезеңі болды. Елімізде заң салтанат құрып, еркіндік құндылыққа айналды. Әрине мұның бәрі Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асты.
11 Қыркүйек, 2019
Мұнайлы аймақтың мүмкіндіктері мол
«Қуатты өңірлер – қуатты ел», – деді Президент халыққа Жолдауында. Осы маңызды құжатта көрсетілген міндеттер әр аймақта табысты іске асса, тұтас мемлекетіміздің дамуы да қарқынды, әлеуметтің әлеуеті жоғары болары анық. Бұл мақсатқа жету үшін Атырау облысында барлық мүмкіндік бар. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев актив жиынында Президент Жолдауын жергілікті деңгейде жүзеге асыру үшін атқарылатын шараларды айқындап, тапсырмалар берді.
11 Қыркүйек, 2019
Соңғы минут синдромы тағы қайталанды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын өткізді. Сырт алаңда Ресей құрамасымен кездескен жерлестеріміз соңғы минутта өз қақпасына гол өткізіп алып, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп, соңғы минут синдромы тағы да қайталанды. Дегенмен, Қазақстан құрамасының кешегі ойыны жанкүйерлердің көңілінен шықты.
11 Қыркүйек, 2019
Санкт-Петербургте шығатын «Невский альманах» журналын бұрынғы одақ құрамында болған елдердің әдебиетсүйер қауымда білмейтін адам кемде-кем. 1828 жылы жарық көрген журналда Александр Пушкин де өлеңдерін жариялап тұрған көрінеді. Бүгінде журнал кемеңгер ақынның: «Примите «Невский альманах», он мил и в прозе, и в стихах» деген екі жол лебізін өзіне эпиграф етіп алған.
11 Қыркүйек, 2019
Жолдау өңірдің әр тұрғынына жетуі тиіс
Қостанайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау үшін актив жиналысы өтті. Оған облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, саяси партиялар филиалдары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты. Аудандар мен қалалар әкімдері мен активі бейнебайланыс арқылы қосылды. Еліміздің одан әрі дамуы үшін жүйелі реформалар жүргізудің қажеттігін айқындап берген Жолдауды талдауға олар белсенді атсалысты.
11 Қыркүйек, 2019
Ішкі жалпы өнім: Өсім 4 пайыздан асты
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Сондай-ақ 2019 жылғы қаңтар–тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу барысы қорытындыланды.
11 Қыркүйек, 2019
Бурабай баурайында «Qazaqstan. A la Prima» форумдары шеңберіндегі «Бурабай аңыздары» тақырыбында суретшілердің халықаралық форумы өткізілді.
11 Қыркүйек, 2019
Ауыл әйелі іс бастауға құлшынса...
Биыл еліміздің өңірлерінде ауыл әйелдерінің екінші форумы өтіп жатыр. Форумды ұйымдастырушылар – Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қостанай облыстық әкімдігі, «G-Global» халықаралық хатшылығы, «Жасыл экономика» және «G-Global-ды» дамыту коалициясы», «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» заңды тұлғалар бірлестіктері өкілдері бүгінгі ауыл әйелдері шағын кәсіпкерлікпен айналысуы үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау-көмек, бағдарламалар туралы ақпараттарды түсінікті тілмен жеткізуді, өз ісін ашудың нақты жолдарын түсіндіруді мақсат тұтыпты.
11 Қыркүйек, 2019