Оқи отырыңыз
Елордада «True or False» жобасы басталады
Нұр-сұлтан қаласының Коғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «True or False» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
«Ковчег» балалар үйі қар барысымен танысты
«Шин-Лайн» компаниясы талғарлық «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Қызыл кітапқа енген, Қазақстанның символы саналатын барысын зерттеуге маманданған қазақстандық ғалыммен танымдық кездесу ұйымдастырды. Балалар үшін бұл кездесу кездейсоқ емес. Өйткені, аты аңызға айналған қар барысы Талғар тауларын мекендейді.
30 Қыркүйек, 2019
Ботай бойында суретшілер шеруі аяқталды
Осыдан біраз бұрын Солтүстік Қазақстан облысында суретшілердің «Ботай ұлы дала мәдениеті» атты халықаралық симпозиум басталғанын жазған болатынбыз. («ЕҚ», 23.09.19)
30 Қыркүйек, 2019
Ермек Маржықпаев: Ауылда адамдардың өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай болуы керек
Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында, аудан әкiмдiгiне Нұр-Сұлтан қаласынан шығаберiсте жергiлiктi тұрғындар өз өнiмдерiн рұхсатсыз сауда жүргiзу әдiстерiн қолданбай сатуы үшiн коммуналдық рынок ашу мiндетiн жүктедi.
30 Қыркүйек, 2019
Бүгінгі таңда Қазақстанда толық қуаттылығы 930 мегаватт болатын 81 жаңартылатын энергетика нысаны жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы 5 ЖЭК нысаны іске қосылады. Бұл туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР ЭМ Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова айтып берді.
30 Қыркүйек, 2019
Қыздар университеті балаларды ұлттық ойындарға баулиды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Аулаға асығыңыз!» атты әлеуметтік жоба бастау алды.
30 Қыркүйек, 2019
Алматыда бауырсақ фестивалі өтті
Қала күніне арналған шаралар әлі жалғасып жатыр. Алатау ауданы шаһар тұрғындары мен қонақтарына мерекелік сый жасады. Қымыз және бауырсақ фестиваліне келгендер ұлттық тағамдардан дәм татып, оның жасалу жолдарымен танысты. Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
Иордания ханшайымы Дина Майред Қазақстанға келеді
Алдағы 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hilton Expo Hotel» мен «Expo Астана» Конгресс орталығында Онкологиядағы Бүкіләлімдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді.
30 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар мемлекетте Қазақстан елшілері тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен бірқатар мемлекетте Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
Оқушылар қарттарды мектепке шақырды
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1-қазан - қарттар күніне орай «Үлкенге бізде ізет бар» атта құрмет күнін өткізді. Білім ордасының оқушылары ата-әжелерін мектепке шақырып, олардың өмір туралы терең ойларын тыңдады.
30 Қыркүйек, 2019
Қарағанды облысының тұрғынында 65 млн теңгеден аса салық берешегі бар
Аталған рекордтық берешек сомасы жер салығын төлемеу себебінен пайда болған. Көрсетілген соманың негізгі қарызы 37 млн-нан асады, ал есептелген өсімпұл 27 млн теңгеден көп. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
«Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздарын іріктеу аяқталды
Қазақстанның өңірлерінде «Еңбек жолы» конкурсының бірінші кезеңі өтіп, онда онлайн-дауыс беру жолымен «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша көшбасшылар іріктелді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
Қазақстандық ватерполшылар Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Үндістанның Бангалор қаласында су спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық ватерполшылар турнирдің күміс және қола жүлдегерлері атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
Гандболдан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы төртінші орын алды
Қытайда гандболдан әйелдер арасындағы лицензиялық Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
Әйелдер күресінен команда бас бапкері әлем біріншілігін қорытындылады
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов Нұр-Сұлтандағы әлем біріншілігін қорытындылап, балуандарға өз бағасын берді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
30 Қыркүйек, 2019
Кеншілер астанасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Күй-MIX» республикалық байқауының финалында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларынан келген сегіз үміткер бақ сынады.
30 Қыркүйек, 2019
Күміс көлдері мөлт-мөлт етіп жатқан Қорғалжын тарихи ескерткіштерге аса бай өлке. Осындай қымбат жәдігерлердің бірі – Ақ Еділ қожа мазары.
30 Қыркүйек, 2019
Ерекше дауысты әншіні еске түсірмек
3 қазан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында тыңдарман назарына дүниеден ерте өтіп кеткен бірегей қазақстандық опера әншісі, ең жоғарғы ерлер дауысының иегері – контртенор Ерік Құрманғалиевті еске алуға арналған концерт ұсынылмақ. «Вокалдық параллельдер» атты музыкалық кешке танымал қазақстандық және ресейлік әртістер, соның ішінде әлемнің жетекші сахналарында онымен бірге өнер көрсеткен достары қатысады.
30 Қыркүйек, 2019
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бұл жобаға «Аға сеньор» деген атау берілген.
30 Қыркүйек, 2019