Оқи отырыңыз
Статистика деректеріне сүйенсек, жарық дүние есігін ашқан әр оныншы сәби 15 жасқа толмаған қыздардың перзенті. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 15 пен 18 жас аралығындағы 79 қыз бала жүкті болған. Былтыр жаза басқандардың саны 69 болған екен. Курортты аймақтағы сәбилер үйіндегі бейкүнә балалардың қатарын көбейтіп жатқандар да негізінен солар.
03 Қазан, 2019
«Жол азабы – көр азабы» деген мақалдың мәнін батысқазақстандықтар жақсы біледі. Өйткені өңірдегі облыстық һәм аудандық деңгейдегі 5082,7 шақырым жолдың 28,7%-ы ғана қанағаттанарлық күйде.
03 Қазан, 2019
Тендер төңірегіндегі түйткіл құтқару қызметін де тығырыққа тіреді
Құтқарушылар тығырыққа тірелді деген сөз, «жаман айтпай жақсы жоқ», қиын жағдай орын ала қалса, ел-жұрт қиындық құрсауында қалады деген сөз. Қандай жағдайда да апаттың алдын алу үшін сақадай-сай тұруға тиісті құтқарушыларды алаңдатқан тендер тәлкегінің тасасында не тұр?
03 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
03 Қазан, 2019
Қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Жүнісов Дамир Дәулетұлы тағайындалды.
02 Қазан, 2019
Кәсіпқой бокс: Айдос Ербосынұлы үздік үштіктің қатарында
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде бір сатыға жоғарлап, қазіргі кезде үшінші орынды иеленуде.
02 Қазан, 2019
Заң форумында кәсіпкерлердің құқықтық мәселесі талқыланды
Алматыда «Атамекен» ҰКП және Lincoln Company ұйымдастыруымен сот өндірісі жүйесін оңтайландыру мен жеңілдету, инвестициялық дауларды шешудегі тұрақтылық мәселесіне қатысты Заң форумы өтті.
02 Қазан, 2019
Бүгін - Тоқтар Әубәкіров алғаш ғарышқа ұшқан күн
28 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешеніне совет космонавт-зерттеушісі ретінде ұшты. «Союз ТМ» экипажында одан бөлек, совет ғарышкері Александр Волков пен австриялық космонавт Франц Фибек болды. Ғарышкерлер «Мир» кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж Жерге оралды.
02 Қазан, 2019
Маңғыстауда 2020 жылы ірі жобалар іске қосылмақ
Маңғыстауда 2020 жылы іске қосылатын айрықша жобалар белгілі болды.
02 Қазан, 2019
Юлия Путинцева екінші кезеңде есе жіберді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде өтіп жатқан жүлде қоры 8 285 274 АҚШ долларын құрайтын WTA турнирінің екінші айналымынан аса алмады.
02 Қазан, 2019
Жуықта жұмыс бабымен Мәскеуге бардым. Қолым қалт еткенде сонда тұратын қандасымыз, атақшы баскетболшы, Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовке хабарласып, реті келсе сәлем беру ойым бар екенін жеткізіп едім, ағамыз «келе беріңіз» дегені. Аман-сәлемнен соң аға екеуміз фото альбомын тамашаладық.
02 Қазан, 2019
Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Ұлттық музейдің «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты тұңғыш көрмесі құрметіне Көк туымыз көтерілді. Өркениетті елдің төрінде көк байрағымыздың желбіреуі малай халқының қазақ халқына көрсетілген зор құрметі, елімізге деген сүйіспеншілігі ретінде бағалануда.
02 Қазан, 2019
Ертең, яғни 3 қазанда Қазақстандағы барлық мектепте «Эко-сағат» кең көлемді акциясы басталады. Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
02 Қазан, 2019
Қоғамдағы үнқатысу – орнықты даму шарты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет палаталарының бірлескен отырысында алғаш рет Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың негізгі бағдары – еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешудің барысын айқындау, заманауи кезеңдегі мемлекетіміздің дамуындағы сан қырлы қайшылықты проблемалардың түйісетін тұстарын көрсету.
02 Қазан, 2019
Құқығымызды қорғау – басым бағыттың бірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған бірінші Жолдауында саяси жүйені жетілдіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және оларды әлеуметтік қорғау, өңірлерді дамыту салаларындағы міндеттермен қатар, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды айқындады.
02 Қазан, 2019
Ұлттық мүддеге басымдық берген құжат
Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Қазақстанның дана халқына арнаған Жолдауын жіті бақылап зерттедік. Қазақстан жаңа кезеңге аяқ басқалы отыр. Қ.Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мұра етіп қалдырып кеткен игі жетістіктері мен заманауи даму процесін ұтымды жалғастыруды алдына міндет етіп қойды.
02 Қазан, 2019
Шағын және орта бизнес – жалпы өнімнің индикаторы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы Жолдауында саяси реформалар туралы ұстанымын, сайлау бағдарламасында уәде еткен саяси трансформация мемлекет пен халықтың мүддесіне сай біртіндеп жүзеге асатынын, жүйесіз саяси либерализация тұрақсыздыққа әкелетінін ашып айтты.
02 Қазан, 2019
Жақында Еуразиялық даму банкінің интеграциялық зерттеулер орталығы тарапынан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ валюта қолданысқа енгізілуі мүмкін екені айтылған болатын. LS-тің осы мәселеге қатысты сұрағына жауап берген Ұлттық банк ортақ валютаға қатысты болжамдарды жоққа шығарды.
02 Қазан, 2019
Инвесторлар қызметін халыққа түсіндіру шарт
Петропавл қаласында 30 қыркүйекте «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілдерінің қатысуымен инвесторлардың халықаралық апталығы басталды.
02 Қазан, 2019