Оқи отырыңыз
Елордада The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді
Фестиваль 5-6 шілде күндері ЭКСПО көрме кешенінің жазғы сахнасында өтеді деп хабарлады елорда əкiмдiгiнiң ресми сайты.
01 Шілде, 2019
Нұрлан Ноғаев Иордания, Палестина және Ливан елшілерімен кездесті
Бүгін Атырау облысының әкімі Иорданияның Қазақстандағы елшісі Юсуф Абдулганимен, Ливан елшісі Жискар Әл-Хуримен және Палестина елшісі Монтасер Абу Зейдпен кездесті. Тараптар Теңіз вахталық қалашығында болған оқиғаны талқылады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
01 Шілде, 2019
Атырауда суретші Мұратбек Жоламанның көрмесі өтті
«Ол ешқашан тапсырыспен жұмыс істемеді. Жан дүниесіне не әсер етті, мына сұлу дүниеден нені аңғарды, соны ғана қағаз бетіне түсіретін. Шабытсыз қылқалам ұстаған кезі болған емес». Суретші Мұратбек Жоламан туралы жұбайы Гүлжамыш Бәкейқызы осылай еске алады. Абзал азаматының 33 жылға ғана жеткен қысқа ғұмырын қолының табы қалған әр картинасы жалғастыратындай көреді. «Тек 30 картина салып үлгерді. 100-ден астам суреті сұлба күйінде қалды»,-дейді. Кім біледі, мүмкін қолтаңбасы дара суретшінің аяқталмай қалған жұмыстарын ұрпақтары жалғастырар...
01 Шілде, 2019
«Киелі Қазақстан» экспедициясы Алматы облысына бағыт алды
Алатаудың баурайынан бағыт алған «Киелі Қазақстан» экспедициясы көркем табиғат аясында тіршілік кешкен ауылдарды аралап, Алматы облысының таулы өлкелерінде атты туризмді дамытудың жай-жапсарын зерттеп қайтуды жоспарлап отыр.
01 Шілде, 2019
«Дала фольклорының антологиясын» жарыққа шығарудың жоспары таныстырылды
«Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов атындағы мұражай үйінде «Дала фольклорының антологиясы» он томдығы: кітаби, электронды, аудио нұсқаларын баспаға дайындаудың кейбір мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара аясында антология он томдығының құрылымы мен жарық көру форматы анықталып, ары қарайғы жұмыс барысы таныстырылды.
01 Шілде, 2019
Алматыда АИТВ-ға қан тапсыратын қосымша пункт ашылды
Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бастамасымен мегаполисте АИТВ-ға тестілеу бойынша мамандандырылған зертхананың алғашқы қосымша қан алу пункті ашылды.
01 Шілде, 2019
Гүлшара Әбдіқалықова Элизабет Нельсонмен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Элизабет Нельсонмен кездесті.
01 Шілде, 2019
Еліміздің батысындағы әскерилер мамандық бойынша дайындықты аяқтады
Жазғы оқу кезеңінің басталысымен барлық санаттағы әскери қызметшілермен жеке құрамның атқарып отырған лауазымы көлемінде функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша дайындық аяқталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
01 Шілде, 2019
Алматы әкімі Қоғамдық кеңес жиынын өткізді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің алғашқы жұмыс күнін қаланың Қоғамдық кеңесімен кездесуден бастады, деп хабарлайды әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі.
01 Шілде, 2019
Ақтаулық оқушылар Талдықорғандағы тарихи-өлкетану экспедициясына қатысты
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «Н» сынып оқушылары «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетану экспедициясы аясында табиғаты сұлу Жетісу өңіріне саяхаттап қайтты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының патриоттық жобасы 16-23 маусым аралығында ұйымдастырылды.
01 Шілде, 2019
Қостанайда «Отбасын қолдау» ресурстық орталығы ашылды
Орталық жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ашылды.
01 Шілде, 2019
«ҚазМұнайГаз» бас директорларының форумы өтті
Нұр-Сұлтан қаласында «Нөлдік көрсеткішке жету – басты міндетіміз» тақырыбымен жыл сайынғы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас директорларының V форумы өтті. Шара «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобында еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласының ағымдағы хал-ахуалын бағалау және қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру мақсатымен өткізіліп отыр.
01 Шілде, 2019
Небәрі 12 жаста елорда төрінде жеке шығармашылық кешін өткізу кез келген балдырған үшін тек ертегілерде ғана болатын қиял-ғажайыптай көрінуі заңдылық. Бірақ шын армандап, сол жолда аянбай еңбек ете білген талант түбі тас жарады. Өнерлі өрен Ержан Максимнің ән әлеміндегі теңдессіз жетістігі соның дәлелі.
01 Шілде, 2019
Текшені тез құрастырып жарысты
Семейде рубик текшесін құрастырудан «Cubing Semey Open-2019» халықаралық чемпионаты өтті. 3 күнге жалғасқан жарыс «SemeySummerFest» халықаралық фестивалінің аясында ұйымдастырылды.
01 Шілде, 2019
Арыстың балалары Баянауылға келді
Таяуда облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен өңірде Арыс қаласынан келетін 300 баланы демалыс орындарына орналастыру туралы шешім қабылданған-ды.
01 Шілде, 2019
Бұған дейін де 7 жыл бойы Алматыдағы «Сұңқар» жабайы құстар тәлімбағы бүркіт балапандарын жабайы табиғатқа біртіндеп баулып, еркіндікке жіберіп келгенін, биыл сол құстардың санын алу үшін арнайы экспедиция жолға шыққанын хабарлаған едік.
01 Шілде, 2019
«Динамоның» ізбасарлары сайысқа түсті
Қызылорда қаласындағы мұз айдынының волейбол алаңында ұлағатты ұстаз, спорт ардагері, волейболшы Тұрғанбек Алтынбеков атындағы қырық жастан асқан ардагер спортшылар арасында ашық турнирі өткізілді. Өмірден өткеніне екінші жыл айналған Тұрғанбек аға 1960 жылдары ел құрамасының жастар сапында өнер көрсеткен, спорт шебері «Динамо» лақап атымен танылған-ды. Бертінге дейін Сыр өңірі спортының дамуына ауқымды үлес қосып, шәкірт тәрбиелеген ұстаздың есімі зор құрметке ие.
01 Шілде, 2019
БАҚ пен әлеуметтік желі: мақсат ортақ
Қостанайда өткен медиа-форумдағы әңгіме өзегі бүгінгі заманауи медиа трендтері, қоғаммен байланыс орнатудағы әлеуметтік желілер мен интернет технологиялардың маңызды әсері туралы өрбіді.
01 Шілде, 2019
Өзін елінің шынайы патриоты санайтын әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі ең алдымен өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігінен, тарихы мен салт-дәстүріне деген қызығушылығы мен құрметінен бастау алары сөзсіз. Өз халқыңның басынан кешкен тарихын танып-білмей, болашақты болжау, бүгінгі заманды түсіну мүмкін емес.
01 Шілде, 2019
Қостанайлықтар 450 үйді қалпына келтіріп береді
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен жарияланған «Арыс, біз біргеміз!» жалпыреспубликалық акциясына орай облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді. Онда өңір басшысы Қостанай облысы Арыс қаласындағы бүлінген 450 үйді қалпына келтіріп беретіндігін айтты.
01 Шілде, 2019