Оқи отырыңыз
Футболдан Ресей суперкубогінің финалында Санкт-Петербургтің «Зениті» Калининградтың «Балтикасынан» 2:1 есебімен басым түсіп, бас жүлдені олжалады. Осы матчта шешуші допты төрешінің қосқан қосымша уақытында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп соқты. Бұл – қандасымыздың «Зениттің» сапындағы алғашқы голы.
05 Маусым, 2024
Балалар саяхаты салаланбай тұр
Балалардың саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ішкі, сыртқы саяхат түрлері және жазғы сауықтыру орталықтарының жұмысын сауатты ұйымдастыру қазіргі кезде құқықтық тұрғыдан жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты мамандар балалар мен жасөспірімдер саяхатын ұйымдастыруда кешенді бағдарлама қажет деген пікірде.
05 Маусым, 2024
60 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасында Қазақ елі намысын қорғауға кімнің лайық екенін анықтау мақсатында Қазақстан дзюдо федерациясы (ҚДФ) үміткер үш балуанның арасында өзара белдесулер өткізуді құп көріп отыр.
05 Маусым, 2024
«Беларус» кабинасы Қостанайда шығады
2018 жылдан бері Қостанайда «Беларус» тракторларын құрастырып жатқан «МТЗ-Қазақстан» зауыты осы техникаға кабина жасап шығаратын өз өндірісін іске қосты. Бұл – әу баста қолға алынған ауқымды инвестициялық жобаның екінші кезеңі. Өндірісте қазір 150 адам еңбек етіп жатыр.
05 Маусым, 2024
Жаңа шағын ауданда 700 үй салынады
Қазір Солтүстік Қазақстан облысы ауыл-селолардағы үйлер саны ең көп дегенде 300-ден аспайды. Бұрынғыдай мыңнан артық үйлерден тұратын кеңшар орталықтары жоқ. Олармен салыстырғанда «Солнечный-2» шағын ауданына тасқын судан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлер саны қазірдің өзінде 700 болатыны белгілі болып отыр. 500-нен артығының құрылысы жүріп те жатыр. Сондықтан бұл шағын аудан болашақта Солтүстіктің аудан орталықтарына жетеғабыл тұтас кент болары сөзсіз.
05 Маусым, 2024
«Байрағымызды Парижде желбіреткім келеді»
Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында толық құрамда өнер көрсетеді. Жетінші жолдаманы Таиландтың Бангкок қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде 63,5 кг салмақтағы Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіп алды.
05 Маусым, 2024
Үлкен-кішінің жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың ауқымы зор. Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы патриотизмді қалыптастыру, азаматтардың бойындағы ұлтжандылық қасиетін ояту, Отанға деген адалдығын арттыруға жұмылдыру мақсатында «Патриот бол!» жобасы басталды.
05 Маусым, 2024
Қостанайдағы Жастар сарайында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Жыл патриоты» форумы өтті. Салтанатты іс-шара барысында өңір дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі саланың өкілдері мен табанды еңбегімен айтарлықтай жетістікке жеткен азаматтарға, сондай-ақ қоғамдық істерге белсене атсалысып, ел игілігі үшін тер төгіп жүрген көпке үлгі жандарға құрмет көрсетілді.
05 Маусым, 2024
Мемлекеттік құпияны жария еткен ҚМА қызметкеріне сот үкімі шықты
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мемлекеттік құпияларды заңсыз жария етіп келген азамат К.-ны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.
04 Маусым, 2024
Астанада алғаш рет ерекше балаларға арналған велошеру өтті
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Velolegend» қоғамдық бастамашыл тобының ұйымдастыруымен, қала әкімдігі қолдауымен аутизмі және ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналып алғаш рет «Ерекше әлем» атты жаппай бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
04 Маусым, 2024
Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Асқар Құлыбаевтың иелігіндегі мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Маусым, 2024
Қайрат Боранбаев қызметке қайта келді
Паралимпиадалық федерациялар өкілдері шешімімен Қайрат Боранбаевтың кандидатурасы бірауыздан бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Маусым, 2024
Қазақстанда 40 күн бойы 50 градус ыстық болатыны рас па?
WhatsApp-та жазда 40 күн бойы 50 градусқа дейін ыстық болады деген хабарлама тарап жатыр. Синоптиктер ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
04 Маусым, 2024
Дерекке жүгінсек, 2022 жылғы шомылу маусымында 242 адам көз жұмған, оның 77-сі жасөспірім екен. Жантүршігерлік статистика кімді де болсын ойландырмай қоймайды.
04 Маусым, 2024
Парижде толық құрамда жұдырықтасады
Тай еліне аттанған Қазақстанның жеті боксшысының төртеуі жарысты мерзімінен бұрын аяқтап, Олимпия ойындарының лицензиясынан айырылғаны туралы бұған дейін баяндағанбыз. Содан үш жерлесіміздің жолына үмітпен қарадық.
04 Маусым, 2024
Ауа райын болжаушы мамандардың мәлімдеуінше, солтүстік өңірлерде күз және қыс бойы жиналған ылғал қоры жеткілікті, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста қуаңшылық болуы мүмкін. Бұл – болжам. дегенмен диқан қауымы оны әрдайым ескерері анық. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында да айтқан болатын.
04 Маусым, 2024
Көк тудың желбірегені жанына қуат беретін жастар көп бүгінде. Жанды тебірентіп, рухты оятатын патриоттық әнді жатқа айтумен қатар, еліміздің Туын әлемге мақтаныш тұтып жүргендері де аз емес.
04 Маусым, 2024
Ауыл шаруашылығына қажет құралдар шығарады
Бұл кәсіпорынды ірілердің қатарына жатқыза алмассыз, бірақ тірлігі өзгелерге үлгі етерліктей. Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Келес Пласт» ЖШС-ының қайта өңдеу цехы 2018 жылдан бері ауыл шаруашылығына қажетті пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өндіруге арналған стакан түрлерін шығарып келеді.
04 Маусым, 2024
Сырда мерекеге дайындыққа ертерек қам жасалды. «Туымыз – төрімізде» флешмобы аясында демалыс парктеріндегі биік аттракциондарға, көпқабатты тұрғын үйлерге, ірі сауда орталықтарына Мемлекеттік ту ілінді.
04 Маусым, 2024
Алтайдың күзі ғашық етпей қоймайды
Мұқабасындағы бұғылардың айқасқан суретіне қарап-ақ, кітапты қолыңызға алар едіңіз. Қойын қалтаға сала салатындай бұл шағын кітапты аштыңыз ба, асқақ Алтайдың қалың жыныс орманын аралап, өзен-көлін жағалап кете барасыз. Ақ жарқын, дарқан көңіл елімен тілдескендей, бірге күн кешкендей күйге түсесіз.
04 Маусым, 2024