Оқи отырыңыз
Қоғам дертімен ымырасыз күресу керек
2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық тәуелсіз қоғамдық сараптама ұйымы жұмысын бастаған еді. Содан бері жыл сайын қозғалыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүздеген іс-шара мен акция өткізіп, қылмыстың алдын алуға бағытталған бірқатар бастаманы батыл ұсынып келеді.
28 Қараша, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жаңа теміржол
Түркістан облысында ұзындығы 152 км болатын «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір режімінде жұмыстарды ресми түрде бастап берді.
28 Қараша, 2023
Ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның төрағалығымен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 11-отырысы өтті.
28 Қараша, 2023
Жасыл энергияға көшу қажет пе?
Атом десе, ат-тонымызды ала қашатын жөніміз де бар. Олай дейтініміз, қазақ даласын дүр сілкіндірген Семей ядролық полигонының зардабын күні бүгінге дейін тартып отырмыз. Сонау Чернобыльдегі АЭС-те болған алапат апат та елдің есінде. Дей тұрғанмен, жасыл энергияға көшудің тиімді тұстары да бар екен. Ол туралы энергетика, атом саласының мамандары айтып берді.
27 Қараша, 2023
Іс бастағанға – ілкімді қолдау
Қарағанды облысында биыл 14 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылды. Бұған қоса бизнесті дамыту аясында биыл 180-ге жуық грант беріледі. Мемлекеттің қолдауын сезінген жас кәсіпкерлер жобаларын жемісті жүзеге асырып жатыр. Мәселен, Қарағанды қаласында виртуалды курс ашылды. Ол жерде оқушылар физика, химия, анатомия, биология және басқа да пәндер бойынша қосымша білімін жетілдіреді. Сондай-ақ дастарқан, майлық, сүлгі, халат тігетін цех та өз өнімдерін нарыққа шығарып отыр.
27 Қараша, 2023
Қазақстан ғалымы радиация өткізбейтін ерекше материал ойлап тапты
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғалымы Анатолий Протопопов радиация өткізбейтін теңдесі жоқ материал ойлап тапқан. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram арнасында жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2023
Шымкентте нәрестесін сатпақ болған ана ұсталды
Шымкент полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені сату фактісін анықтады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2023
Инвестиция тартудың жауапты кезеңі
Премьер-министр Әлихан Смайылов Шетел инвесторлары кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстар талқыланды.
27 Қараша, 2023
«Масс-медиа туралы» заң жобасы қаралады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
27 Қараша, 2023
Заң саралығы – кәсібиліктің өлшемі
Біз Әділетті Қазақстанды жаңа заңдармен, жаңашыл еңбекпен құрамыз. Ең алғашқы қадамның саяси реформалардан басталуының басты себебі еліміздің ішкі-сыртқы саяси тұрақтылығын сақтау болды. Саяси тұрақтылық жоқ жерде ел болып қалу екіталай. Кадрлық саясатқа келетін болсақ, жалпы барлық дерлік салада кәсіби маман тапшылығының бары белгілі. Кадр даярлау – осы күннің басты мәселесі. Мемлекет басқару ісіне де адал әрі әділ азаматтар ауадай қажет.
27 Қараша, 2023
Шалабайларға шарапатын төккендер
Ілгері замандарда киіз үйдің керегесіне ілінген түлкі тымақ ішіндегі шала туған нәресте жарық дүние үшін өзі күрессе, бүгінгідей медицина дамыған кезеңде кувезде жатқан шараналардың өмірі үшін білікті дәрігерлер арпалысады. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан аса сәби мерзімінен ерте туатынын ескерсек, шала туған сәбилердің дүниеге келуі, адам қатарына қосылуы дәрігерлердің араласуынсыз мүмкін емес.
27 Қараша, 2023
Ауылдағы жаңа медициналық нысандар
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
27 Қараша, 2023
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ есебі – сайлау үдерісінің көрсеткіші
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы Оуэн Мерфимен кездесті. Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, комиссия жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшелері және аппарат басшысы мен бөлім меңгерушілері қатысты.
26 Қараша, 2023
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары АҚШ-та өткен «Yale Tournament of Champions-2023» жаһандық академиялық сайыстың жеңімпазы атанды.
26 Қараша, 2023
Қызметтік ит ұландықтарға іздеуде жүрген азаматты ұстауға көмектесті. Алматыда әскери жасақ басшысы, сержант Әлішер Сағымбеков пен патруль ефрейтор Дамир Марат Әуезов көшесіндегі №23 үйдің жанынан іздеуде жүрген адамға ұқсас біреуді байқап қалады.
26 Қараша, 2023
Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарыста өнер көрсеткен бес жерлесіміздің екеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Алғашқы медаль Едіге Ембердінің мойнында жарқырады. 81 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан қандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 336 кг (145+191) зілтемірді еңсерді. Сөйтіп, ер мінезді Едіге ежелгі Ацтек елінде Қазақстанның әнұранын шырқатты.
26 Қараша, 2023
Автобус жолаушыларын құтқарып қалған мектеп оқушысы марапатталды
Күні кеше ғана қоғамдық көлікті дер кезінде тоқтатып, жолаушыларды апаттан арашалап қалған сегізінші сынып оқушысын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ерлігі үшін марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2023
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баспасөз мәслихатын өткізді. Ол БАҚ өкілдеріне облыстық инфрақұрылым мен әлеуметтік институттарды дамыту, өңірдің экономикалық өсімін қолдауға бағытталған стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар туралы баяндап берді.
24 Қараша, 2023
Жасөспірімдердің жай-күйі алаңдатады
Балалардың қалыптасуында қоршаған ортасының әсері айрықша. Әсіресе мектептегі кезең оқушыға қызық та күрделі. Дәл осы шақта балалар психологиялық тұрғыдан кедергілерге ұшырайды. Оқушы кемінде 5-6 сағатын мектепте өткізетіндіктен, мекеменің балалардың өміріне бейжай қарамауы, психологиялық көмек көрсетуді жүйелеуі қажет-ақ.
24 Қараша, 2023
Тарихы мыңжылдықтарға ұласқан Тараз қаласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Болашақта көне шаһардың аумағы ұлғайып, облыс орталығына маңайдағы аудандардан бірнеше елді мекен мен саяжай қосылатыны белгілі болды. Бұл өз кезегінде қаланың экономикалық әлеуетін арттыратын жаңа бастамаларға себепші болатыны анық.
24 Қараша, 2023