Оқи отырыңыз
Елорданы көгалдандырудың жай-күйі
Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, сондай-ақ Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында елорданың айналасын көгалдандыру және жасыл аймақ қалыптастыру мәселелері талқыланды.
14 Қараша, 2023
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңартпай, иесіз желілерді ретке келтірмей, білікті мамандарды тартпай, бұл салада ел тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге тырысу босқа әуре болумен тең. Сондықтан елімізде жүзеге асырылып жатқан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына сәйкес электрмен, жылумен және сумен жабдықтау, су бұру инженерлік желілерін жаңғыртуға қомақты инвестиция тартып, 2029 жылға қарай тозу деңгейін 20%-ға төмендету межеленген.
14 Қараша, 2023
Азық-түлік бағасын бақылау тапсырылды
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру жағдайы өңірлік әкімдіктерінің жеке бақылауларына өтеді. Қараша айы жылдық азық-түлік инфляция деңгейін қалыптастыратын шешуші ай болмақ. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осындай тапсырмадан бастады.
14 Қараша, 2023
Еңбек адамын ұлықтаған аламан айтыс
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. «Amanat» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі дода «Еңбек – ел ырысы» тақырыбына арналып, онда еңбек адамдарының өнегесі өзек болды.
14 Қараша, 2023
Елордадағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Азиядағы Өзара іс-қимыл және сенім шаралары іскерлік кеңесінің (АӨСШК) VI пленарлық сессиясы, сондай-ақ АӨСШК-нің VIII Бизнес форумы өтті. Алқалы жиынға Азия кеңесіне мүше 20 мемлекеттен келген үкіметтік және бизнес топтардың 140-тан астам өкілі қатысты.
14 Қараша, 2023
Жастардың бойында еркіндік басым
Бүгінде еліміздегі әр үшінші тұрғын – 35-ке дейінгі азаматтар. Демек, мемлекеттің даму бағытын айқындауда ұлттық және халықаралық деңгейде жастар қалыптастырып жатқан өзгерістерді ескеру қажет. Осы орайда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу ЕРНИЯЗОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.
13 Қараша, 2023
«Алтын домбыра» иегеріне 3 бөлмелі пәтер сыйлады
Кеше «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Алтын домбыра» айтыскерлер аламанында бас бәйгені қанжығалаған қарағандылық ақын Мақсат Ахановқа өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп жазады Egemen.kz Ortalyq Qazaqstan газетіне сілтеме жасап.
13 Қараша, 2023
Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды - СІМ
Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қараша, 2023
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Заңға сәйкес көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс, деп жазады Egemen.kz.
13 Қараша, 2023
Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры салынбақ. Жоба туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
13 Қараша, 2023
Бүгінде Қазақстан мен Ресей мемлекеті арасындағы қарым-қатынас – тек шекаралас екі елдің ұстанымы төңірегіндегі әңгіме емес, бүкіл әлем назар тіккен объективті мәселе. Бұл заңды да. Өйткені Қазақстан мен Ресей – Еуразиялық одақ сияқты ірі және ықпалды өңірлік бірлестіктің негізгі жүйе құраушы елдері.
13 Қараша, 2023
Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі
Қазақстан мен Ресей өңірлерінің Қостанайда өткен ынтымақтастық форумы аясында қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологияны ілгерілету, жастар және ауыл шаруашылығы бағытында үш панельдік сессия жұмыс істеді.
13 Қараша, 2023
«Kia» зауытының құрылысы басталды
Қостанайда «Kia» автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын жаңа зауыттың құрылысы басталды. Елімізде автокөлік өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін ірі кәсіпорын құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Кореяның «Kia» компаниясы басшылығының осыдан екі ай бұрын ұйғарысқан келісімі нәтижесінде қолға алынып отыр.
13 Қараша, 2023
«Орталық дәліздің» стратегиялық маңызы
Көпшілік «Орта дәліз» деп атап кеткен Транскаспий халықаралық көлік жолы – Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Түркия, сондай-ақ Шығыс Еуропа арқылы Еуропалық одақпен байланыстыратын теміржол контейнерлік жүк тасымалдау желісі. Бұл көпжақты даму жобасы саналады. Яғни Ресейдің санкцияға ұшыраған Транссібір бағытына балама, қысқа жол.
13 Қараша, 2023
"Тәп-тәуір сөйлейді". Илья Ильин қазақша сөйлеп, үлгі көрсетіп жүр
Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин 2023 жылдың 10 қарашасында Instagram парақшасында қызын құттықтаған бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
12 Қараша, 2023
Сот Қуандық Бишімбаевтың неге мерзімінен бұрын босатылғанын түсіндірді
Ұлттық экономика экс-министрі, жемқорлықпен 10 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевтың неге мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қараша, 2023
«Чемпиондар, қашпаңдар». Сұлтан Зәуірбек жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты
Кәсіпқой бокста он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, аргентиналық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген Сұлтан Зәуірбек жанкүйерлеріне алғысын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қараша, 2023
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы кезекті айқасында қарсыласын сұлатып түсірді
Кәсіпқой бокста осы күнге дейін 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен жерлесіміз Сұлтан Зауырбек кезекті айқасында да қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қараша, 2023
«Бұл қайғылы оқиға». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оқиғаға қатысты пікір білдірді
Әйелін өлтірді деген айыппен ұсталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2023
Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынуына байланысты ІІМ пікір білдірді
Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынғанын Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2023