Оқи отырыңыз
Алматы облысының орталығы болып бекіген Қонаев қаласының бір жылдығына орай, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Журналистермен жүздесуін Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына, жақындарына облыс тұрғындарының атынан көңіл айтудан бастаған облыс әкімі Марат Елеусізұлы төтенше жағдайдан зардап шеккен өңірге облыс тарапынан көмек көрсету мақсатында 31 өрт сөндіруші мен 9 техника жіберілгенінен хабардар етті. Олар Талица ауылының аймағындағы өрттің таралуына жол бермей, азаматтардың мүлкін қорғау жұмыстарын атқарып жатыр.
14 Маусым, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері үшін электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен QR коды арқылы құжатқа қол қоюдың тиімді әдісі енгізілді.
14 Маусым, 2023
«US Open FIRST LEGO League» халықаралық роботтехника чемпионатында Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты және Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қола медаль жеңіп алды. Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 700-ден астам оқушы қатысты.
14 Маусым, 2023
Моңғолия технопаркімен ынтымақтастық
«Astana Hub» халықаралық технопаркі Моңғолияның Ұлттық ақпараттық технологиялар паркімен байланыс орнауға бейілді. Алғашқы қадам да жасалды. Ұланбатырда өткен «ICT Expo Mindgolia 2023» ақпараттық технологиялар мен байланыс саласындағы ірі іс-шарада «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев пен Моңғолия ұлттық технопаркінің директоры Жаргалсайханы Золзая өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
14 Маусым, 2023
Медициналық пойыз – Павлодар облысында
23 мамырдан 12 маусымға дейін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ШҚО мен Абай облыстарының 11 шалғай стансасында (Жарма, Ертіс зауыты, Тишинская, Ермаковка, Таусамалы, Алтай, Күмістау, Шар, Суықбұлақ, Бел-Ағаш, Дегелең) болды. Дәрігерлер жергілікті жұртшылыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіп, тексерулер мен шағын операциялар жасады. Сауатты мамандардың арқасында жүздеген тұрғынға тегін кеңес те ұйымдастырылды. Қажетті дәрігері мен емханасы жоқ шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына жоспарлы ауруханаға жатқызуға жолдамалар берілді. Жуырда медициналық пойыздың жұмысы Павлодар облысында жалғасты.
14 Маусым, 2023
Семейде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен әскерилер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған Абай облысынан бөлек Павлодар, Өскемен, Курчатов қалаларында орналасқан әскери бөлім командирлері мен орынбасарлары қатысты.
14 Маусым, 2023
Геннадий Головкин титулдарынан бас тарты
Геннадий Головкин әлем чемпионы титулдарының бәрінен бас тарты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Абай облысы: өртеніп жатқан жерлердің аумағы азайып келеді
Әлеуметтік желіде ормандағы өрттің өршіп тұрғаны бейнеленген жазбалар тарап жүр. Алайда Абай облысының әкімдігі бұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
ШҚО-да бес жасар қызды зорлаған ер адам ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында бес жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
14 Маусым, 2023
Абай облысындағы өрт - әлемдегі ең ірі өрт пе?
Қазақстанның медиа кеңістігінде «Абай облысындағы орман өрті – аумағы бойынша әлемдегі ең үлкен өрт» деген ақпарат тарап жүр. Кейбір БАҚ өкілдері Greenpeace халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымының өрт картасын негізге алғаны белгілі болды. Осыған орай Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Қазақстанда 2 градусқа дейін үсік жүреді
«Қазгидромет» синоптиктері 15-17 маусым аралығында қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бұйрығымен Бородулиха ауданының әкімі болып Айдар Маратұлы Ибраев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Астана экономикасы: Тақ келген жерге бақ келді ме?
Елорданың экономикалық әлеуетіне тоқталғанда «Тақ келген жерге – бақ келеді» деген тегеурінді тәмсіл тіл ұшына оралды. Ширек ғасыр ішінде бас қаланың аумағы анағұрлым ұлғайып, абыройы алты құрлыққа жеткені – бағы жанғаны деген ойдамыз. Әу баста Астана мәртебесін иеленген кезеңнен бастап бұл қалаға еліміздің әкімшілік басқару нүктесі, мәдени-рухани орталығы ғана емес, экономикалық локомотиві болу сынды маңызды миссия жүктелген болатын. Олай болса, 25 жыл ішінде қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қалай өзгерді?
14 Маусым, 2023
Айару мен Зарина – әлем чемпиондары
Шахматтың рапид және блиц түрлерінен Грузияның Батуми қаласында ұйымдастырылған кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді.
14 Маусым, 2023
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) ел чемпионатының мамыр айындағы ең үздік ойыншысы мен бас бапкерінің есімін атады.
13 Маусым, 2023
Теннистен әлемдік рейтингте 296-орында тұрған Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында мәресіне жеткен «Челленджер» турнирінің финалында жеңіліп қалды.
13 Маусым, 2023
Сәл ертеректе кітапханаға кітап алу үшін ғана барар едік. Қазіргі таңда рухани ортаның жұмысы өзгерген, өркендеген. Білім де, ілім де, өнер де кітапханада. Жуықта Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылында ақ сарайдай мәдениет үйі ел игілігіне беріліп, ауылдық кітапхана да осы ғимаратқа көшірілді.
13 Маусым, 2023
Ауылда тұратын жас ұрпақтың өнерге бет бұрғаны қуантады. Жақында Атыраудың өнерпаз оқушылары Ташкент қаласында өткен халықаралық «Zhuldyz art Kazakhstan» байқауынан бас жүлдемен оралды. Бұл байқауға 800-ден астам оқушы қатысып, өнер көрсеткен.
13 Маусым, 2023
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі де бірегейі – бата беру дәстүрін дәріптеу, уақытпен үндестіре жаңғырту, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Тараз қаласында дәстүрлі «Батаменен ел көгерер» атты байқау өтті.
13 Маусым, 2023
Шетелдік кәсіпорындар азая бастады
Бірінші несие бюросы Аналитикалық орталығының хабарлауынша, елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны күрт өсті. 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектісінің саны 1 млн 682,2 мыңға жетіп, былтырғы көрсеткіштен үштен бірге артық болған (384,4 мың кәсіпкер).
13 Маусым, 2023