Оқи отырыңыз
Энергетик мамандарды даярлау кемшін
Әлемдік экономиканы бүге-шігесіне дейін зерттеп-зерделеп жүрген «Korn Ferry» халықаралық консалтингтік компаниясы әлемде білікті мамандардың жетіспеушілігі 2030 жылға қарай қатты білініп, бұл саланың дамуына барынша бөгет болады деп болжам жасапты. Онда қаржылық қызметтер секторына кадр тапшылығы 10,7 млн адамды құраса, экономикалық шығындар жыл сайын 1,3 трлн доллардан асатын көрінеді. Осылайша, маман тапшылығына ұрынатын барлық салада технологияның дамуы тежеліп, кадр тапшылығы 4,3 млн адамға жетеді-мыс. Соның нәтижесінде, 2030 жылға қарай жыл сайын 1 103,25 млрд доллар көлеміндегі пайданы жоғалтады екенбіз. Өндіріс саласы бойынша еңбек нарығындағы сұраныс ұсыныстан 7,9 млн адамға асып кетеді екен. Бұл – әлемдік деңгейде аталып отырған көрсеткіш.
25 Мамыр, 2023
Көш басында – GGG мен Qazaq style
Әлемге әйгілі The Ring журналы орта салмақта күш сынасып жүрген ең мықты кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Үздіктер көшін Қазақстанның мақтанышы, әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин бастап тұр.
25 Мамыр, 2023
Ұлыбритания құрамасы мен «Астана» клубының ең белді велошабандозы Марк Кавендиш осы маусым аяқталғаннан кейін үлкен спортпен қоштасатынын мәлімдеді.
25 Мамыр, 2023
Жақында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өңірдегі жол мәселесін талқылаған жиын өтті. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев қазіргі қалыптасқан жағдайды саралай келіп, тиісті мекемелер мен аудан басшыларына өткен жылдардың кемшілігін қайталамауды қатаң тапсырды.
24 Мамыр, 2023
Өңірдегі елді мекендердің жартысына жуығында кәріз тазартатын қондырғы жоқ. Жағдай мүлдем мүшкіл күйде. Бұл тараптағы қиындық бүгін ғана туындап отырған жоқ. Әлденеше жылдан бері пайдаланғаннан кейін тазартылмаған лас су айдай әлемді былғап жатыр.
24 Мамыр, 2023
Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы филиалында қытайлық Нанкин туризм және қонақжайлылық институтының делегациясымен кездесу өтті. Екі тарап туризм саласы бойынша өзара ынтымақтастыққа қол қойды.
24 Мамыр, 2023
Шайбалы хоккейден Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар белгілі болды. Элиталы кезеңнің топтық кезеңінде бақ сынаған 16 команданың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз құрама әлемдік доданың ширек финалына жолдама алады.
24 Мамыр, 2023
Алдағы жексенбіде Парижде «Үлкен дулыға» санатына кіретін жарыстардың бірі – Ролан Гарростың шымылдығы түріледі. Жүлде қоры 49 600 000 еуроны құрайтын дүбірлі додада әлемнің барлық мықты теннисшілері бақ сынайды. Солардың қатарында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик сынды Қазақстанның ең үздік ойыншылары да бар. Олар турнирдің негізгі бөлігіне бірден жолдама алды. Ал Тимофей Скатов іріктеу сайыстарына қатысып жатыр. 10 маусымға дейін созылатын аса жауапты жарыста жерлестерімізге сәттілік тілейміз.
24 Мамыр, 2023
Петропавл қаласында мамырдың 16-21 күндері қыздар арасында бокстан VI жазғы республикалық спартакиада аяқталды. Өте тартысты өткен жарысқа еліміздің барлық өңірінен 17 команда қатысып, 12 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар анықталды.
24 Мамыр, 2023
Астана күніне орай авторлар арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы жарияланды.
24 Мамыр, 2023
Жазғы демалысқа дайындық қалай?
Түркістан облысында биыл 40 мыңнан аса бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Оның ішінде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 мыңнан аса оқушы бюджет есебінен, 3 390 бала «Қазақстан халқына» қоры есебінен жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Ал 1 050 бала республикалық оқу-сауықтыру лагерлеріне барады.
24 Мамыр, 2023
Абай – дана, Абай – ұлт руханиятының ұстыны. Хакім есімі Еуропа құрлығында тағы бір жаңғыра түсті.
24 Мамыр, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тілеуғали Қышқашбайдың «Қазақ өнер әлемі» атты монографиясының тұсаукесері өтті.
24 Мамыр, 2023
Ұлттық кітапханада М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыштың 2 томдық «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» туралы монографиясы таныстырылды.
24 Мамыр, 2023
Қазселденқорғау ісі бойынша тергеу амалдары аяқталды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Мамыр, 2023
Көлік салығын төлемегендердің шоттары бұғатталады
Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемей жүргендерге ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2023
Абай облысындағы орман өрті: Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ
Абай облысында орман өртенген болатын. Соның салдарынан Березовка ауылының тұрғындары үйін тастап кетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2023
Алматы әуежайында жолаушылар екі есе артады
Қазір Алматы әуежайында жаңа нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр. Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге қызмет көрсетеді. Соның арқасында әуежайдың өткізу қабілеті 14 миллионға дейін (қазір 7 миллион) артады деп көзделіп отыр. Жақында Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) ұйымдастырған пресс-тур аясында құрылыс жүріп жатқан терминал аумағына барып, әуежай басшыларымен кішігірім сұхбат құрған едік.
24 Мамыр, 2023
Бәрі де тұрғындар игілігі үшін
Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық әл-ауқатын жақсартудың басты тетігі – инфрақұрылымды жаңғырту. Мәселен, биыл Атырау қаласында жол, тұрғын үй орамдарында аулаларды жаңарту, жазғы су құбырын жүргізу секілді жұмыстар қарқын алды.
24 Мамыр, 2023
Дохадағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Өкінішке қарай, сол жарыста Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп, сенім артқан серкелеріміз өз жанкүйерлерін жерге қаратты. Соның салдарынан рейтингтегі нәтижеміз де төмендеді. Қазіргі кезде отандастарымыздың арасынан тек Әбиба Әбужақынова ғана ТОП-10-дыққа еніп отыр. Ал қалған балуандар қалың топтың қатарында жүр.
24 Мамыр, 2023