Оқи отырыңыз
Жасанды интелектінің мақсаты қандай?
ChatGPT - ең жылдам дамып келе жатқан қолданба, себебі ол іске қосылғаннан кейін 2 айдан кейін 100 миллионнан астам рет жүктелген.
16 Мамыр, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мәселелері талқыланды.
16 Мамыр, 2023
Инвестиция тартудан Орталық Азияда көшбасшымыз
Әлемнің 40-тан астам елінен келген ірі инвесторлар инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту мәселесін, бұл бағыттағы Орталық Азия мен Қазақстанның мүмкіндіктерін Азия және Тынық мұхит аймақтық даму институттарының қауымдастығы (ADFIAP) мүшелерінің 46-кездесуінде талқыға салды. Өңірдегі ауқымды жобалардың атқарушысы – Еуразия Даму Банкі (ЕАДБ) қабылдаушы ұйым ретінде жұмыс істеді. Халықаралық конференция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен ашылды.
16 Мамыр, 2023
Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді.
16 Мамыр, 2023
Қызылорда қаласы мен 7 аудан орталығы күре жол мен теміржолды жағалай қоныс тепкен Сыр өңірінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі іске қосылғалы бері алыс-беріс, барыс-келіс артып, тіршілік жандана түсті. Одан бөлек, жылдан-жылға облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу аясы ұлғайып, қазір көп елді мекенге қиналмай жетуге мүмкіндік туды.
16 Мамыр, 2023
Ерлікпен қаза тапқан құтқарушы «Айбын» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Мамыр, 2023
Қатардағы жауынгерден генералға дейін
1991 жылғы тамыз дағдарысы жетпіс жыл үстемдік құрған кеңес одағының құлауына алып келді. Осы тұста еліміз де егемендік алып, 1992 жылдың 7 мамырында Қарулы күштеріміз құрылды. Содан бері 31 жыл өтті. Осы уақыт ішінде елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін қаншама қыруар шаруа атқарылды. Ол кезең де бүгінде тарих қойнауына енді.
15 Мамыр, 2023
Бақытты шаңырақ – берекелі ұлт тірегі
Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті. Іс-шараға ата-аналар комитеттері, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымының өкілдері қатысты. Алқалы жиынның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және рухани-адамгершілікке негізделген отбасылық құндылықтарды дамыту мен насихаттауда ата-аналар қауымының белсенділігін арттыру.
15 Мамыр, 2023
Елордалық көрермен үшін өткен демалыс күндерінің тартуы мол болды. Соның бірі де бірегейі – «Астана Опера» театры сахнасында тұсауы кесілген Иржи Килианның «Кішкентай өлім» балетінің премьерасы десек, артық айтқандығымыз емес. Заманауи хореографиядағы ең әсерлі балеттердің бірі саналатын айтулы өнер туындысы театрсүйер қауым арасында үлкен резонанс туғызды.
15 Мамыр, 2023
Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында атой салып, Көк туды биікте желбіреткен қазақтың батыр ұлдарын жанкүйер қауым елорда әуежайынан сый-құрмет көрсетіп күтіп алды. Жаһандық жарыста жасындай жарқылдаған жерлестеріміздің жеңісіне ортақтасқан дүйім жұртшылық спортшыларға ізгі тілектерін жолдады.
15 Мамыр, 2023
Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның 1933 жылы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаны туралы куәлігі сақталған. Куәлік бланкісі орыс тілінде жазылған. Сол жағында көрнекті қайраткердің 6 х 4,5 суреті мен куәліктің соңында институт директорының, тіл және әдебиет бөлімі меңгерушісінің және секретардың қолы қойылып, мөрі басылған.
15 Мамыр, 2023
Күннен де, желден де қуат алады
Жезқазғанның жанында қуаты 1,2 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталды. Бұл нысанның құрылысына 378 млн теңгеден аса қаржы тартылды.
15 Мамыр, 2023
Астанада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қазақстан машина жасаушылар одағының ұйымдастыруымен ONDEU EXPO өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі ашылды. Көрмеге Аустрия, Германия, Израиль, Италия, Канада, Қытай, Түркия, Франция және Швейцарияны қоса алғанда әлемнің 17 елінен 250-ден аса делегат қатысты.
15 Мамыр, 2023
Астанада әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасы газға тегін қосылады. Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар, көпбалалы және тағы басқа санаттағы тұрғындар бар.
15 Мамыр, 2023
Тіршілік нәрінен тарыққан ауыл тұрғындары суға зарығып, шу шығарды. Әбілхайыр ауылы халқының сапалы ауыз суға зәру боп жүргеніне отыз жылдан асып барады. Шешілмеген ескі мәселені елдің жаңарған шенеуніктері біржақты етсе дейді ауыл халқы ашынып. Айтудан аузы талған ағайынның базынасына билік басындағылар назар аудара ма?
15 Мамыр, 2023
Бұрында бабаларымыз қолынан өнер тамған, еті тірі жігіттерге «сегіз қырлы» деп баға беретін. Яғни адам баласы тек бір саламен шектелмей, әртүрлі өнерді тізгіндеп, өзін жан-жақты дамытуын нұсқаса керек. Кейіпкеріміз – сержант Сырым Ақшекин сондай жан.
15 Мамыр, 2023
Президент: Халықты ауызсумен қамтамасыз ету - тікелей міндетіміз
Жиын барысында су қауіпсіздігі саласындағы қауіп-қатер деңгейі артып келе жатқаны атап өтілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Мамыр, 2023
Ташкенттен оралған боксшыларымызды Астана әуежайында сән-салтанатпен күтіп алды
Қазақстандық жанкүйерлер Астана әуежайында әлем чемпиондары атанған Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырханды және күміс жүлде иеленген Дулат Бекбауовты, сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановты сән салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Мамыр, 2023
Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін боксшыларымыз 1,3 млн доллар алады
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Оның төртеуі - алтын және біреуі - күміс, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап.
15 Мамыр, 2023
Дәстүр: Қазақта жиеннің орны қандай?
«Жиендік жасап кетті» деген тіркесті естіп жататынымыз бар. Оның шығуы дәстүрмен тікелей байланысты. Қазақта туысқандар арасында түрлі дәстүр болған. Соның бірі жиен құрық.
15 Мамыр, 2023