Оқи отырыңыз
Қостанайдағы өрт: Елордадан сегіз жүк көлігі жөнелтілді
Қостанай өңіріне гуманитарлық жүгі бар сегіз жүк көлігі жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2022
Елімізде күзгі әскерге шақыру басталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес, 1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2022
Ұлт ұстазы халықаралық деңгейде ұлықталды
Бүгін ұлт ұстазы, Алаш ардагері, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы және Тіл мерекесі аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің құрылысына жер бөлінді. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2022
Елордалық талғампаз көрерменді елең еткізген елеулі жаңалық биыл небәрі екінші маусымының шымылдығын түргелі отырған еліміздегі ең жас өнер ордасы – Түркістан музыкалық драма театрының бас шаһар төріндегі табысты өткен гастрольдік сапары десек, қателеспейміз. Алыстан ат арытып жеткен жас өнер ұжымы «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында екі күн қатарынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосына қойылған белгілі ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семеновтың «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін ұсынды.
05 Қыркүйек, 2022
Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кеш болып өтті. Оның жұмысына кітапхана қызметкерлерімен қатар облыстық Полиция департаменті кадр саясаты басқармасының басшысы, полковник Абылғазы Ғабдуллин бастаған жеке құрамның белсенділері, М.Қозыбаев атындағы университеттің оқытушылары мен студенттері, ардагерлер ұйымы, БАҚ өкілдері қатысты.
05 Қыркүйек, 2022
Көз ұшынан мұнартып Жаман Жалғызтау көрінеді. Тау етегін жанай өтетін Қамысақты өзенінің қос қапталы сыңсыған егін. Бейне бір шет-шегі жоқ сары теңіз тәрізді толықсып жатыр. Таспа жолдың қамшылар жақ беті де етек-жеңі кең пішілген егін алқаптары. Биыл көктем мен күзде жауын жиі болды. Шілдедегі қара қарғаның миы қайнайтын аптап ыстықта құнарлы жерге сіңірілген дәннің күнге бой сап өсуіне, уақтылы пісуіне әсер еткен болуы керек, сабақтағы дән қарсақтың құйрығындай бұлғақтап, басын көтере алмай тұр.
05 Қыркүйек, 2022
Біртұтас ұлт болудың жаңа кезеңі
Еліміздегі реформалар республика жұртшылығының өмір сапасына оң ықпалын тигізеді. «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры директорының орынбасары, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі Қоғам» Жолдауын талқылау барысында осындай пікір білдіріп, жүктелген мақсат-міндеттерді іске асыру тетіктеріне тоқталды.
05 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысында үйлері өртеніп кеткен отбасыларға Halyk Bank-тен 1 млн теңге беріледі. Бұл жөнінде банктің баспасөз қызметі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарлады.
05 Қыркүйек, 2022
Транзиттік көліктер дизель отынын құйып әкетуде
Өңірдегі жанармай құю стансалары (ЖҚС) өкілдерінің айтуынша, бүгінде ішкі нарықта дизель отынына шамадан тыс жоғары сұраныс байқалады. Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда трактор отынына сұраныс артып кеткен. Сұраныстың еселенуінен Қазақстанда жанар-жағармайды тұтыну көлемі өсуде. Бұл мәселе аталған мемлекеттерден транзитпен өтетін ауыр жүк көліктерінің дизельді көп мөлшерде құйып әкетуі салдарынан туындап отыр. Контрабандалық жолмен шығару фактілері де аз емес.
04 Қыркүйек, 2022
Amanat партиясының барлық өңірлік филиалында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пунктері жұмысқа кірісті. Гуманитарлық көмекке бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек.
04 Қыркүйек, 2022
Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі мол
Премьер-Министр өткен жұмада Атырау облысын кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев, Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсенбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев баяндама жасады.
04 Қыркүйек, 2022
Әулиекөлдегі алапат өрт 43 мың гектар аумақты шарпыған
Сыңсыған қарағайы аспанмен таласқан Аманқарағай орманы Қостанай өңірінің көркі, Әулиекөлдің асыл алқасы еді. Апат айтып келмейді, Қазанбасының маңынан тұтанған өрт әп-сәтте алапат аждаһаға айналып, онсыз да соңғы бір ай бойы тапжылмай тұрып алған аптап ыстыққа қақталып, қау еткелі тұрған қалың орманның жартысына жуығын бір күннің ішінде жалмап өтіп, үш елді мекенді ойсыратып кетті.
04 Қыркүйек, 2022
Табыстан айырған жол белгісін орнатқан кім?
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына «Рахат – Шымкент», «ДАНИ-НАН», «Алтын дән», «Эхз №1» және «Реннисан» ЖШС өкілдері шағымын арқалап барды.
04 Қыркүйек, 2022
Театр әлеміндегі елеулі оқиғаның бірі – «Астана Опера» театрының Х мерейтойлық маусымы 9 қыркүйекте шымылдық түреді. Осыған орай әлемдік сахнаның примадоннасы, «Грэмми» сыйлығының иегері Суми Чо қазақ сахнасында өнер көрсетеді. «Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен өтетін Гала-операның көрерменіне ұсынар жаңалығы көп.
04 Қыркүйек, 2022
Қаумалдар жануарларға қорған болады
Жамбыл өңірінің сартап даласы да, жусанды қыры да, асқақ тауларының бөктері де табиғи байлыққа толы. Мұндағы пейзажға жұртшылық көзін суарудан жалыққан емес. Сылдырлап аққан өзен үні мен таудың таңғажайып самалы жаныңды рахатқа бөлейді. Ал байтақ даланың байлығы – жан-жануарлар...
04 Қыркүйек, 2022
Жүлде қоры – 200 миллион теңге
17 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда шахматтан Women Grand Prix-2022 деп аталатын аса ірі халықаралық турнирдің тұсауы кесіледі. Жүлде қоры 200 млн теңгені құрайтын жарыста әлемнің таңдаулы 12 ойыншысы бақ сынайды. Бұл ақпаратты «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі таратып отыр.
04 Қыркүйек, 2022
Осыдан дәл жарты ғасыр бұрын, яғни 1972 жылдың 5 қыркүйегінде әлемдік спорт тарихындағы болған қаралы оқиға төрткүл дүние жұртшылығын дүр сілкіндірді. Ол кезде Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Олимпия ойындары нағыз қызған шағына жеткен еді.
04 Қыркүйек, 2022
Қазыналы Көкшенің қойнауындағы із
Бурабай баурайындағы Құмдыкөл ауылының маңында ғалымдардың пайымдауына қарағанда, сонау темір дәуіріне, орта ғасырлық кезеңдерге тиесілі археологиялық жәдігерлер табылды.
04 Қыркүйек, 2022
Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы бұл жәдігерді бір қарағанда киіз үй деп ойлап қалғанбыз. Өйткені пішіні соған келіп тұр. Десе де бұл киіз үй пішіндес жәдігеріміз шырағдан болып шықты. Музейге келушілердің басым көпшілігі әуелде киіз үй деп ойлап қалады екен.
04 Қыркүйек, 2022