Оқи отырыңыз
Өткен жылдың желтоқсан айында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң шықты. Аталған заң осы жылдың 2 наурызында толыққанды күшіне енді. Жаңа заң қараусыз қалған иттерге жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Иесі табылғанша төрт аяқтыны өлтіруге тыйым салынады. Тіпті екі айға дейін оны уақытша ұстап, бағып-қағу қажеттігі де ескерілген. Алайда ересектер түгілі балаларды талап жатқан қаңғыбас иттер туралы қоғамда жиі айтылып жүр. Ит иелерінің жауапкершіліктен жалтаруы да талай рет талқыланды.
12 Қыркүйек, 2022
Егер Қазақстанның оңтүстігінде 2-3 ай ғана қыс болып, жылыту маусымы да осы мерзімге ғана созылса, еліміздің солтүстігінде бұл 7 айға созылады. Соның ішінде ең суық өңір – Солтүстік Қазақстанда оның ұзақтығы сегіз айға дейін барады. Әрине, қысы қытымыр, ауасы суық болғаннан кейін бұл жердің халқының өмір сүру шығындары да көбірек. Үстінен тастамай киетін болғандықтан олар қысқы жылы киімдерін жиі ауыстыруға мәжбүр. Жылу, ыстық су шығындары да жоғары. Жекеменшік үйде тұратындар үйдің көлеміне қарай 10 тоннаға дейін көмір, 7-8 текше метр отын сатып алуға мәжбүр. Аязды күндерге шыдау үшін азық-түлікті де жылы жаққа қарағанда көбірек тұтынады. Ауыл адамдары малын қыстан шығаруға да оңтүстікке қарағанда әлдеқайда көп шығынданады. Осының бәрін ескеріп Кеңес өкіметі еңбекақыға 15 пайыздық үстеме төлейтін...
12 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында автомобиль жолдарының құрылысына, оның ішінде жергілікті жерлердің сапасына айрықша мән берілді.
12 Қыркүйек, 2022
Жангелдин ауданында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ресми іс-шаралар үш күн бойы өтеді деп жоспарланған еді. Үшінші қыркүйекте Торғайда екі қатар етіп тізілген 50 шақты ақ шаңқан киіз үй бой көтеріп, алыс-жақыннан ағылып келіп жатқан жұрттың біразы Ақкөлге, біразы аудан орталығына тоқтап жатқан. Бесін ауа Торғайдағы «Топжарған» стадионында «Бабалар аманаты» республикалық айтысы басталды.
12 Қыркүйек, 2022
Ес білгелі ел ішінде жүріп, бірде Қордай, бірде Таразда тұрып, қазақ әдебиетінде өшпес образдар қалдырған жазушы Несіпбек Дәутайұлының ортамыздан кеткеніне, бақиға көшкеніне де жыл толды. Шерхан Мұртазаның өзі «Қордайдың қоңыр құлжасы» деп атаған қаламгер рухына арналған дөңгелек үстел отырысы Нескеңнің туған жерінде өтті.
12 Қыркүйек, 2022
Су қорын ластаушыларға айыппұл салынды
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі «Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде қабылданып жатқан шаралар және Көкжиде кен орнының мәселелері туралы» брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлпықар Жолдасов баяндады. Ол Темір ауданындағы Көкжиде кенішінде мұнай өндіретін бес компания өкілдерімен кездесіп, табиғи қорықтағы жағдайды көріп қайтты.
12 Қыркүйек, 2022
Расында да, табиғаттың тамашасына тамсанудан жалықпайсың. Меркі ауданындағы Қарақыстақ жайлауында тұрған Көккөлдің құпиясы таңдай қақтырмай қоймайды. Жергілікті жұрт «Әулиекөл» атап кеткен Көккөлде айдаһар бар деген аңызды да жиі естиміз. Өзге елден келген туристер де Көккөлді көруге құлшынып тұрады.
12 Қыркүйек, 2022
Нью-Йоркте жүлде қоры 60 102 000 АҚШ долларын құраған US Open-2022 турнирі аяқталды. Түрлі себептерге байланысты атағы алысқа жайылған теннисшілердің біразы аталған жарысқа қатыспаса, жұлдыздардың тағы бір шоғыры жарыс бел ортасына жетпей сүрінді. Осылайша, екі апта бойы жер-жаһан жанкүйерлерінің назарын өзіне аударған дүбірлі додада тосын нәтижелер өте көп тіркелді.
12 Қыркүйек, 2022
Елордада өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жәрмеңке маусымы жалғасуда. Дәстүр бойынша өткен демалыс күндері Қызылорда облысының кәсіпкерлері өнімдерін жеткізді. Облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін делдалсыз тікелей сатады, соның нәтижесінде өнімнің бағасы 10-20%-ға төмен.
12 Қыркүйек, 2022
Облыс орталығынан да, аудан орталығынан да шалғайда орналасқан Шұға шағын ауыл болса да, іргесі сөгілмеген, ырысы төгілмеген елді мекен. Жуырда осыған тағы бір мәрте көзіміз жеткендей болды.
12 Қыркүйек, 2022
Көптің көңілінде жүрген түйткіл де тарқады. Талдықорғандағы №9 мектепке жазушы Сайын Мұратбековтың есімі беріліп, оқушылардың қуанышын еселеді. Классик жазушының атын арқалаған білім ордасы қаланың қақ ортасында орналасқан. Жетісулық қаламгерлер жақсы жаңалықтан бір желпініп қалды.
12 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар Астрахань мемлекеттік опера және балет театрында үлкен мерекелік концертпен басталып, басқа қалаларда жалғасты.
12 Қыркүйек, 2022
Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері Қайырлы Жонқабаев 101 жасқа толды
Өткен сенбі, 2022 жылдың 10 қыркүйегінде әйгілі Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаев 101 жасқа жетті.
12 Қыркүйек, 2022
Алматыдағы «Рахат» фабрикасына 20 гектар жер беріледі
Алматыдағы «Рахат» фабрикасы қаланың индустриялық аймағына көшіріледі. Жоба аясында 20 гектар жер бөлу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
Алматыда тағы бір теміржол вокзалы салынады
Алматы қаласының Боралдай кентінде үшінші теміржол вокзалы ашылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалалық мәслихаттың XXV сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
БҚО-да 153 адамды алдаған алаяқ сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда екпе салдырғандар саны 10 миллионнан асты
Денсаулық сақтау министрлігі 12 қыркүйек бойынша вакцинацияның жаңартылған дерегін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
Белградтағы белдесулер басталды
Сербияда күрес түрлерінен әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Жарысты әдеттегідей грек-рим күресі шеберлері бастады. Алғашқы күні төрт салмақ дәрежесі бойынша түрлі түсті медальдар сарапқа салынды.
12 Қыркүйек, 2022
Бюджетке 45,1 млрд теңге өндірілді
Қытаймен кедендік шекарада тәртіп орнатуға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүргізілген тексерулер нәтижесінде бүгінгі таңда 10 уәкілетті экономикалық оператордан бюджетке 45,1 млрд теңге өндірілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
12 Қыркүйек, 2022