Оқи отырыңыз
Биыл елорданың 7 елді мекені газға қосылады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында газдандыруды жүргізу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Қарағанды облысы «қызыл аймақта» екі айға жуық уақыт болды. Мұның өзі өңірдегі эпидемиялық жағдайдың қаншалықты күрделеніп кеткенін көрсетті. Әйтсе де, кешенді түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалыптасқан жағдай оңалып, өңір «сары аймаққа» өтті.
17 Маусым, 2021
Дипломаттар Жоғарғы сотта пікір алмасты
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ұйытқы болуымен алғаш рет дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшылары қатысқан брифинг өтті.
17 Маусым, 2021
Қымбат дәрі, сертификатсыз Спутник V
Атырауда былтыр қауіпті вирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне байланысты күрделі ахуал қалыптасқан еді. Сол кезде тұрғындар жергілікті дәріханалардан дәрі-дәрмектерді сабылып іздегенмен, таба алған жоқ. Таңның атысынан кеш батқанға дейін шұбатылған кезекке тұрып, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі туындаған. Тіпті кей тұрғындар дәрі-дәрмектерді Атыраумен шекаралас Ресейдің Астрахань өңірінен алдыруға мәжбүр болған.
17 Маусым, 2021
Қазақстандықтар жаңа көліктерді белсенді түрде сатып ала бастаған. Арнайы ресми деректер осыны растайды. Статистикаға сүйенер болсақ, мамыр айында сатылған жаңа автокөліктер саны осымен екінші ай қатарынан 10 мың бірліктен асып түскен.
17 Маусым, 2021
Көркіне Зерендінің көзің тоймас...
Үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдер мен қолдың саласындай ақ қайыңдар, мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген көрікті Көкше өңірінің құйқалы бір пұшпағы – табиғаттың зергер қолымен зерленген, жылдың қай маусымында да он бесінде толған айдай толықсып жататын Зеренді аймағы.
17 Маусым, 2021
EURO-2020: Уэльс Түркияны 2:0 есебімен жеңді
Уэльс құрамасымен кездескен Түркия екінші ойында да жеңіліп қалды. Бұл жолы Шенол Гүнештің шәкірттері Бэйл бастаған жігіттерден айласын асыра алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Облыстық экология департаменті екі ай бұрын «Теңіз» кенішінде шыққан «сары» түтінге қатысты тексерісті аяқтап, әкімшілік іс қозғады. Департамент басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің ақпаратына сүйенсек, биылғы 7 сәуірде «сары» түтін кен орнындағы КТЛ-2 нысанында орнатылған «У-500» қондырғысының гидрогенизациялау пешінен шыққаны анықталыпты.
17 Маусым, 2021
Құнды жәдігерлер – көне тарихтың куәсі
Ұлы дала тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі туралы Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында баса айтылған болатын.
17 Маусым, 2021
17 жылдық дауға нүкте қойылды. ЕО мен АҚШ авиация саласында уағдаластыққа қол жеткізді
АҚШ пен Еуропалық одақ ұшақ өндірісін субсидиялауға қатысты ортақ келісімге келді. Бұған дейін тараптар мәмілеге келе алмай, дау 17 жылға созылған еді. Осылайша, әлемдегі авиация саласындағы трансатланттық бақталастық бәсеңдеді.
16 Маусым, 2021
Вивисекцияға алғашқы тосқауыл. Израиль жүн мен жануар терісін пайдаланудан бас тартты
Израиль үкіметі жануар терісінен дайындалған киім-кешек сатуға тыйым салды. Осылайша, жүн мен жануар терісінен бас тартқан алғашқы елге айналып отыр.
16 Маусым, 2021
Қарағай иісі бұрқыраған бұйра таулар етегімен сырғып, асығып келе жатқан бала Қасымның аңғары – Семей жұрты, Шығыс жақ, Абай елі.
16 Маусым, 2021
Ұлы даланы мыңдаған жыл мекен еткен қазақ ұлысы өзінің тарих жолын сайын сахара төсіндегі тас бітіктерге ғана таңбалаған жоқ, ескі жыр-дастандар мен күй шежірелерге де аңыз астарлап, ұлт рухын бұзбай бүгінге жеткізді. Солардың ішінде күн түбіне жортқан көшпелі жұрттың баға жетпес байлығы – көне күйлері біздің сарқылмас қазынамыз десек болады.
16 Маусым, 2021
Эйнштейннің фотосын тоңазытқышқа жабыстырып қойыпты. Әжем ғой баяғы, ырымшыл. Көрші үйдің баласы Берлинге барып келгелі апам осы бір «оқымысты шалды» айналсоқтап шықпайды. Немеренің тұңғышы болған соң ба, әйтеуір болашағыма немкетті қарамайтын әдеті. Онысын жатқа білемін. Әйтсе де тілін иегіне дейін созған «шалды» маған несіне үлгі етеді екен. Түсінсем бұйырмасын. Енді қараптан қарап отырмай, Эйнштейннен әжемді қызғанатын болдым. Әрі-бері өткенде құлағымды екі жаққа қарай соза тартып, мен де тілімді шығарамын. Әй, содан ғалым болғанымды қайдам, қалқан құлақ бола жаздағаным есімде.
16 Маусым, 2021
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ұлттық бейнелеу өнеріне теңіздей буырқанған талантты бір буын келді. Осы буынға өнертанушылар «Қатаң стиль» өкілдері деп баға берген. Сол үркердей шоғырдың ішінде дарынды қылқалам шебері Салихитдин Айтбаевтың ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы анық байқалды. Әсіресе, автордың 1966 жылы салған «Бақыт» деген картинасы бейнелеу өнерін жоғары бағалайтын талғампаз жұрттың көңілінен шықты. Бұл кезең кеңестік дәуірдің дүбірлеп тұрған шағы болғандықтан, қазақтың биік болмысын бедерлеген туынды «Молодая гвардия» журналында сыналып, авторға «ұлтшыл, түрікшіл» деген айып тағылды.
16 Маусым, 2021
Отбасы құндылығы Адам ата Хауа анадан бастап, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан кең ауқымды, құнды, құпиялы, нәзік те, айтулы, ұлағатты құндылық. Отбасы құндылығы – баға жетпес асыл қасиет. Жас ұрпаққа жанды тәрбие, өмір бойы өзекті өнеге екенін әрбір ұлтым дейтін есті ата-ана, өскелең ұрпақ, естен шығармай шыңдай түсуіміз ләзім. Отбасында үнемі тазалық, тәртіп, ар-ұят, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге мейірім, әрбір мүшеге ынтымақты береке, бірлік ауадай қажет. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен отбасы құндылығы, жан-жақты тәрбиесімен бір дәуірлік ұрпақ қана емес, тұтас ұлт өмір бойы ұстанатын қағида.
16 Маусым, 2021
Шырайлым, шашыңды жая көрмеші!
– Астапыралла! Мына шайтан ербиіп қайдан келді? Кет-ай, кет! – Тоты жеңгем Нұргүлді көргенде бетін шымшып, түсі бұзылып кетті.
16 Маусым, 2021
EURO-2020: Ресей турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Еуро-2020 турнирінің екінші турында Ресей құрамасы Финляндияны жеңіп, байрақты додадағы алғашқы үш ұпайын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай әуежайға қайта қонды
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан әуе кемесі көп ұзамай елорда әуежайына оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Маусым, 2021
«ҚазАвтоЖол» Алматы облыстық филиалының директоры қайтыс болды
Осыдан бір ай бұрын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалған Жаңабай Қобыландин 62 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Маусым, 2021