Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

Инвестиция есебінен 25 мың пәтер салынады

113 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов баспасөз мәслихатын өткізіп, 2016 жылғы және 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысын баяндады.

Инвестиция есебінен 25 мың пәтер салынады

«Тұрғын үй саласына салын­ған инвестиция 2015 жылғы 740 миллиард теңгеден 2016 жылы 830 миллиард теңгеге артты. Ал, биылғы жылдың ал­ғашқы тоқсанында 174 млрд теңге бағытталды. 2016 жылы респуб­ликаның тұрғын үй қоры 10,5 млн шаршы метрге көбейді. Бұл – шамамен 90 мың баспана. Биылғы есепті кезеңде жалпы алаңы 3,1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 25 мың баспана салынды. Бұл көр­сеткіш өткен жылдың осы кезе­ңімен са­лыстырғанда 25,3 па­йызға артық. Айта кету керек, жыл а­яғына дейін «Нұрлы жер» бағ­дарламасы аясында 100 мың пәтер, оның ішінде мемлекеттік ин­вес­тиция есебінен 25 мың пә­тер салынады», деді комитет төрағасы.

Брифинг барысында жеке тұрғын үй құрылысын қолдау және оны дамыту мақсатында об­лыс орталықтарында ұсынылған жаңа қанатқақты жоба жайында және берілетін әлеуметтік баспа­наға қатысты мәселелер де сөз бол­ды. «Халықтың әлеуметтік әл­сіз топтары үшін сатып алу құқы­ғын­сыз арендалық баспана салы­на­ды. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің салымшылары үшін несиелік тұрғын үйлерді пай­да­лануға беру көлемі артатын болады. Жеке құрылыс салушылардың тұр­ғын үй құрылысын және мем­лекеттің субсидиялауы арқылы ипо­текалық несиелендірудің қол­жетімділігін арттыру көзделуде», деді М.Жайымбетов.

Жүргізілген реформалар кәсіпкерлер үшін рұқсат алу ресімдерінің санын 25-тен 8-ге дейін және құрылысқа рұқ­сат алу мерзімін 3 айдан 1 ай­ға дейін қысқартуға мүмкіндік бер­еді екен. «Атқарылған ша­ра­лардың нәтижесінде «Doing Business» рейтингінде Қазақ­станның позициясы жақсарды. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан екі жыл­да 152-орыннан 22 орынға көтеріл­ді. Құрылыс саласындағы са­рап­­­та­малық қызметтің өзін-өзі рет­теуіне көшуі аясында сарап­таманың 60 пайызы нарықтық ортаға берілді, 2020 жылдан бастап жобаларға сараптама жасаудың 90 пайызы жеке нарықта болады», деді комитет төрағасы. Оның айтуынша, технологиялық карталарды әзірлеу негізінде құрылыстағы жаңа технологияларға сметалық бағалау кеңеюде. Құрылыс саласын техникалық реттеудің еуропалық және әлемдік жүйелеріне кірігу шеңберінде 2017 жылдың соңына дейін жалпы құрылыс мәселелері бойынша ескірген құрылыс норма­лары мен ережелерін алып тастау жоспарда бар. 2019 жылдың соңына дейін Еурокод жүйесіне толық ауысу көзделіп отыр.

Баспасөз мәслихатынан ке­йін журналистердің сауалдарына жауап берген Мархабат Жайым­бетов биыл әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған азаматтар үшін арендалық баспана салуға 25 миллиард теңге бөлінгенін айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бөлінген сома 1,5 миллиард теңгеден әрбір өңірге тара­тылып берілді. Бұл – әрбір облыста 180 пәтер салынады деген сөз.


Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024