05 Сәуір, 2019

НЗМ оқушысы Гарвард университетінің білім грантына ие болды

1103 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Селімжан Чалышкан Гарвард университетінің білім грантына ие болды деп хабарлайды egemen.kz тілшісі НЗМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

НЗМ оқушысы Гарвард университетінің білім грантына ие болды

Селімжан Чалышкан – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ең талантты оқушыларының бірі. Оқушы биологиядан Қазақстан олимпиадалық командасының құрамына кіреді. Бүгінде Селімжанның қоржынында – Тегерандағы International Biology Olympiad – 2018 сайысының қола медалі, сондай-ақ, республикалық алтын және қола медальдар бар. Ғылыми жетістіктерінен бөлек инновациялық жобалар жасаудан табысты тәжірибелері көп. 2017 жылдың аяғында ол Любовь Дудченкомен бірге «Әлеуметтік маңызды инновациялар» жобасымен республикалық NURINTECH республикалық жастар конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болған. Қос таланттың «Оqyp kör» атты өнертабысы - мәтіндерді Брайль қарпінде камера арқылы көрсететін құрылғылары зағип жандардың ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді екен. Селімжанның марапаттары тек бұл емес. Мейкатон жеңімпазының «ТОМ:АLMATY» және  Kazrobotics – 2018-дің дипломдары да бар. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы волонтерлікпен де айналысып, «Қаланың эко-батыры» атағына ие болған. ASU Жасыл ел қозғалысын қолдағаны үшін халықаралық IT-стартап Astana Hub технопаркінің ашылуында балалардың оқу-робототехникасының дамуына белсенді түрде қатысқан.    

SAT Subject Tests халықаралық емтиханынан алған жоғарғы көрсеткіші мен жетістігі үшін әлемнің ең беделді оқу орнында оқуға мүмкіндік алды. Гарвардтың қабылдау комиссиясының өкілдері үміткердің «кешенді» білім алу саясатын ұстанады. мәселен, өткен жылы Гарвардта оқуға ниет еткен 43 000 үміткердің тек 2000-ы ғана сынақтан сүрінбей өтіп, шақырту алған.

Сондай-ақ 2018 жылдың соңында Алматы физика-математика бағытындағы Назарбаев мектебінің тағы бір оқушысы Ақназар Қажымұрат та Гарвард университетіне тегін оқуға мүмкіндік алған болатын. Ол SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында ең жоғарғы – 36/36 және 2400/2400 ұпай жинады.

Сондай-ақ Селімжан оқуға түсу талаптары ең жоғарғы оқу орындарының бірі Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің 100 пайыздық грантына ие болды.  Ғылыми-зерттеу университетіне түсуге ынталы студенттердің тек 3% -ы ғана өз арманына қол жеткізеді. Мұнда әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған талапты балалар оқиды. Наурыз айында университеттің шақыртуымен қазақстандық жас талант оқу ордасымен және оның ұжымымен танысып қайтқан еді.

– Қазіргі таңда оқитын университет пен мамандығымды таңдаған жоқпын. Ата-анама және мектебіме мені қолдап, сенгендері үшін зор алғысымды білдіремін. Бірінші сыныптан бастап үздік оқыдым. Бірақ НЗМ-де баға үшін емес, өзің үшін және білім үшін оқу керектігін түсіндім, – деп ағынан жарылды Селімжан Чалышкан.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024