01 Қаңтар, 2013

Өмірдің сәні мен мәні

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өмірдің сәні мен мәні

Сейсенбі, 1 қаңтар 2013 8:23

Адам баласының барлығы жылдан жақ­сылық күтеді. Мен де сол әр күннен, әр айдан, әр жылдан жақсылық күткен қарапайым жандардың бірімін.

Еліміз тәуелсіздік алғалы, міне, жиырма екі жаңа жылды қарсы алыппыз. Құдайға шүкір, осы жылдардың ішінде қазақ елінің береке-бірлігі жер-жаһанға танылып, әлем саясаткерлерінің жылы лебіздеріне ие бола бастады. Бұл табысқа, әрине, елдегі сарабдал саясаттың да оң әсері болды.

Сейсенбі, 1 қаңтар 2013 8:23

Адам баласының барлығы жылдан жақ­сылық күтеді. Мен де сол әр күннен, әр айдан, әр жылдан жақсылық күткен қарапайым жандардың бірімін.

Еліміз тәуелсіздік алғалы, міне, жиырма екі жаңа жылды қарсы алыппыз. Құдайға шүкір, осы жылдардың ішінде қазақ елінің береке-бірлігі жер-жаһанға танылып, әлем саясаткерлерінің жылы лебіздеріне ие бола бастады. Бұл табысқа, әрине, елдегі сарабдал саясаттың да оң әсері болды.

Өйткені, өнбейтін даудан, болмайтын сөзден бұқара халық бойын аулақ салып, нақты іспен, оның ішінде елдің экономикасын көтеруге белсене атсалысып, еңсесін тіктеп алды. Соның нәтижесінде, елдегі білім мен ғылым дамып, бір ғана денсаулық сақтау саласының өзінде ұлан-ғайыр жұмыс атқарылды.

Елімізде халық денсаулығын көтеруге ба­ғыт­талған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде, әсіресе, жүрек-қан тамыр ауруларын емдеу саласы жақсы нәтиже бере бастады. Бұл мәселе елімізде кардиохирургияны дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылдау жөніндегі тапсырмадан бастау алып отыр. Осыдан бес жыл бұрын, яғни облыс орталығындағы кардиохирургия орталығы ашылғаннан бүгінге дейін клиникада жүрекке арналған мыңдаған оталар жасалды. Тіпті, сәбилерге де күрделі хирургиялық оталар жасала бастады. Бұл жетістік емей немене?

Халқымызда «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші бай­лық – он саулық» деген жақсы сөз бар. Сол айт­қандай, денсаулық болмаса ақ жау­­лықтың да, он саулықтың да сәні мен мә­ні болмайды. Сондықтан болар, Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясында да елдің ең бірінші байлығы – халық ден­саулығын жақсарту туралы баса айтылған.

Дана халқымыз, тағы бір қанатты сөзінде «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» дейді. Сондай-ақ, үйіне қапелімде кіріп кеткен жыланның басын ақ құйып, шығарып жібереді. Мен де еліміздің босағасынан «басыма ақ құяр ма екен» деген үмітпен кіріп келе жатқан жаңа жыл – Жылан жылынан ежелгі ата-бабалар дәстүрімен жүрегімді жарып шыққан жылы сөзіммен «Қазақстан халқының денсаулығы мықты болып, жастары ұзарған үстіне ұзара түссе екен» деп тілеймін.

Сейітхан ЖОШЫБАЕВ,

Тараз қаласындағы «Кардиохирургия орталығының»

директоры, «Қазақстан жүрек-қан тамырлары

хирургтері Ассоциациясының» төрағасы.

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025