Әлем • 12 Тамыз, 2020

АҚШ Бейруттегі жарылғыш заттар туралы 2016 жылдан бері хабардар болған

489 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бейрутте жұмыс істеген америкалық шенеуніктер 2016 жылдан бері жарылысты тудыратын жарылғыш заттар туралы білгендерін айтты. Бұл туралы The New York Times-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

АҚШ Бейруттегі жарылғыш заттар туралы 2016 жылдан бері хабардар болған

Агенттіктің ақпараты бойынша АҚШ-тың дипломатиялық жеделхатына сәйкес, америкалық мердігер төрт жыл бұрын Бейрут портында қауіпті жағдайда сақталған жарылғыш химикаттары бар үлкен ангар туралы АҚШ билігіне ескерту жасағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ жеделхатта америкалық сарапшы порттың қауіпсіздігін тексеру кезінде химиялық заттарды тапқаны айтылған.

АҚШ-тың химиялық заттар туралы білетіні және ешкімге ескертпегені көпшіліктың ызасын туғызды. Жарылыс салдарынан екі әріптесінен айырылған Американың бұл әрекетіне Батыс дипломаттары таңданыстарымен қоса, ашулы екендерін де жасырмады. Олар: Нидерланды елшісінің әйелі Хедвиг Вальтманс-Молиер және түсін түстемеуді өтінген Германия консулдығының қызметкері болып шықты.

Алайда, АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қызметкері АҚШ билігі химиялық заттар туралы білетінін жоққа шығарады және оларға хабарланбағанын айтты.

"Мердігер портқа шамамен төрт жыл бұрын бейресми түрде келді және сол кезде АҚШ үкіметімен немесе мемлекеттік Департаментпен жұмыс істемеді", деді шенеунік. Сонымен қатар, жоғары лауазымды тұлға өткен аптаға дейін мекемеге мердігердің хабарламасы туралы ешқандай жазба болмағанын айтты.

Агенттіктің хабарлауынша, дипломатиялық жеделхат жөнінде АҚШ-тың Ливандағы елшілігі 7 тамызда жібергенін айтады. Жеделхатта алдымен аммоний нитраты туралы білетін Ливан билігінің есімдері көрсетілген. Содан кейін жеделхатта АҚШ Қарулы Күштері жалдаған америкалық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің портты тексеру кезінде химиялық заттардың қауіпсіз күйде сақталғанын анықтады.

Сөйте тұра, мердігердің Америка тарапына ақпаратты қашан бергені әлі белгісіз. Бұған дейін де жарылыстан зардап шеккен елдің дипломаттары Америка Құрама Штаттарына шағым түсірген. Бұл жағдайда Ливандық порт жұмысшылары бірнеше рет аммоний нитратын және қауіпті заттардың орнын ауыстыру жөнінде ешқандай жұмыстар атқарылмағанын айтып өтті.

Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан 171 адам қайтыс болды, 30-40 адам хабар-ошарсыз кетті. Жойқын жарылыстан 7 мыңнан аса адам ауыр жарақат алғаны айтылды. Сондай-ақ жарылыс салдарынан Қазақстанның Ливандағы дипломатиялық миссиясының ғимаратына нұқсан келіп, Қазақстанның Ливандағы консулы да зардап шекті.

Жарылыстан кейін Бейрут порты жаппай тәртіпсіздіктерге ұшырады. Наразылық білдірушілер үкімет ғимараттарына шабуыл жасады. Келесі кезекте ливандықтар Француз бақылауына өту туралы өтінішті бастады. Бұдан бөлек, 10 тамызда Ливан үкіметі отставкаға кеткені белгілі болды.