30 Қараша, 2013

Ұлттық мұра ұлағаты

1107 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында мақтанышпен айты­латын осындай жолдар бар. Ын­тымағы жарасып, бей­біт тір­шілік кешіп жүрген этнос­тардың қай-қайсысының да өз қа­лауларынша өмір сүруіне, ұлттық мәдениеті мен әдебиетін дамытуына, сапалы білім алуына, жеке кәсіппен ай­налысуына, басқа да мол мүм­кіндіктерді пайдалануына мемлекет тарапынан барынша қолдау көр­сетіліп, еркіндік берілуде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында мақтанышпен айты­латын осындай жолдар бар. Ын­тымағы жарасып, бей­біт тір­шілік кешіп жүрген этнос­тардың қай-қайсысының да өз қа­лауларынша өмір сүруіне, ұлттық мәдениеті мен әдебиетін дамытуына, сапалы білім алуына, жеке кәсіппен ай­налысуына, басқа да мол мүм­кіндіктерді пайдалануына мемлекет тарапынан барынша қолдау көр­сетіліп, еркіндік берілуде.

Осылайша, ұрпақтарын өз ұл­­ты­ның туған тілімен, әдеп-ғұр­­пымен, салт-дәстүрлерімен су­сын­датып жатқан өзге ұлт өкіл­­дерінің ішінде қырғыз бауыр­ларымыз да бар. Олардың осы ба­ғыт­тағы мақсаттарын жүзеге асы­­руға Алматы қаласының «Дос­­тық үйі» этносаралық қаты­нас­­тар проблемаларын зерттеу орта­лығы ұйытқы болып отыр. Бұл ме­кеменің қарамағында айыр қал­пақты ағайындарымыз 1996 жылы «Мекен» атты қыр­ғыз этномәдени бірлестігін ашты, кейін бірлестік мүшелері ақыл­даса келе, оны «Мурас» деп өзгерт­ті. «Мурас» деген сөзді қазақ­шаға аударғанда «мирас» болады.

Осы ұстаныммен ата-баба дәс­түрін мирас етіп алған «М­у­рас» мүшелері қазақ жерінде қызмет етіп, өз өнерлері мен дәстүрін насихаттап келеді. Туған мекенінде тұрған барлық ұлттарды бауырына басып келе жатқан қазақтың мұн­дай ниет танытуын бұл қыр­ғыз этномәдени бірлестігінің же­текшісі Руслан Мамыров та оң ықыласпен ауызға алады. «Қыр­ғыз­дар – сауықшыл халық, бүкіл әлем халқы көз тіккен халық ауыз әдебиетінің кесек туындысы, тарихи эпос – «Манас» даста­нын, халық музыкасы мен би өнерін, қырғыз ұлтына ғана тән дәстүрлі музыка аспаптарын, яғни қомыз, қыл-қыяқ, чоор, керней, сурнай, добулбас және, т.б. көзінің қарашығындай сақтап келеді», – деген Руслан Мамыров этномәдени бірлестігі мүшелері «Түркі әлемі мәдени қорымен» бірлестікте Наурыз мерекесінде киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар көрмесін жасағанын, Алматы қалалық алаңында достық күніне орай ұйымдастырылған көрмеге атсалысқанын М.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында мерекеге арналған кеште өнер көрсеткенін, «Тілдерді қорғау және дамыту» аясында өткен Алматы қалалық ұйымдар байқауында ұлттық бұйымдар көрмесінен 3-орын иеленгендерін ауыз толтырып айтты.

Күрделі іс-шаралардың қа­та­рында «Мурас» орталығы М.Әуе­зов атындағы Әдебиет және өнер инс­титутымен бірлес­тік­те Ш.Айт­матов пен М.Әуе­зов шы­ғар­машылығына ар­налған дөңге­лек үстел, Қырғыз Рес­публи­касының тәуелсіздік күні­не орай мерекелік жиын, Ш.Айт­ма­товтың рухына арналған еске алу кешін ұйымдастырып, Біш­кекте және Ыстықкөлде қырғыз­стандықтардың және мекен­дестердің 1 дүниежүзілік фору­мына Қазақстан қырғыздары аты­нан қатысқан. Сондай-ақ жоға­ры оқу орындарында, яғни Қ.Сәт­баев атындағы ҚазҰТУ-де өткен «Қазақстан − татулық бесігі!» және Абай атындағы Қазақ мем­ле­кеттік университетінде ұйым­дас­тырылған «Тіл күні» іс-шара­ларында қырғыз этномәдени бір­лес­тігінің мүшелері ұлттық дәс­түр­дегі жетістіктерімен бөліс­кен.

Осылардың біріне тоқталып өтсек, Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің тапсырмасы бой­ынша Алматы қаласының «Дос­тық үйі» этносаралық қаты­настар проблемаларын зерттеу орталығының қолдауымен «Му­рас» қырғыз этномәдени бір­лестігі ұйымдастырған кезекті сал­танатты мерекеде Алматы қаласында тұратын қырғыздар бас қосты. Мерекелік іс-шара ресми және бейресми түрде өтті. Ресми бөлімде «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Руслан Мамыров кіріспе сөз сөйлеп: «Қазақ пен қырғыз – бауырлас халық. Бұл ұлттардың дәстүрі де, тілі де ұқсас. Сон­дық­тан біздің ынтымағымыз баянды бола бертініне күмән жоқ», – деді.

Бұл басқосуда сөз сөйлеп, пікір білдіргендердің қатарында Қырғыз Республикасының Ал­маты қаласындағы Консул­ды­ғы­ның бас өкілі Э.Насиров, Қа­зақстан халқы Ассамблеясы хат­шылығының төрайымы М.Аб­дралиева, «Мурас» Қыр­ғыз этно­­мәдени бірлестігінің қа­лып­тасып, дамуына үлесін қосқан С.Ша­мы­ратова, Р.Акматов және, т.б. болды. Іс-шарада қырғыз елі­нің тәуелсіздігі, өткені мен болаша­ғы, қазақ пен қырғыздың мәдени және тарихи байланысы, дәстүр жалғастығы сияқты мәселелер қамтылды. Осы ретте қырғыздар әлемнің 38 мемлекетін мекен ететінін айтып, «Аспанда жұлдыз көп пе? Жерде қырғыз көп пе?» деп мақалдап, мұны мақтан ететіндері де анық көрінді.

Ресми бөлімнің соңында талай жылдар бойы осы бірлестікте қызмет атқарып, қырғыздың мәртебесін биіктетіп көрсеткен ақсақалдары мен ежелері мақтау қағаздарымен марапатталып, дастарқан басында өтетін концертке шақырылды. Екі бөлімді басынан аяғына дейін жүргізген осы бірлестіктің ең жас мүшесі Тілек Сұлтан бұл кешті қырғыз елі ғасырлар бойы кешкен тарихи уақиғалардан мысалдар келтіріп, халық даналығынан нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтып көркейте білді.

Кештің қонағы ретінде арнайы келген Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұр­мағамбетова қырғыздың «Қырғыз жері», «Жүрегім сенің қолыңда» деген ырларымен бірге қазақтың «Тулайды жүрек» атты әнін тарту етті. Жұрттың сүйіспеншілігіне бө­леніп жүрген әншінің орын­дауындағы әндерді халық үлкен ықыласпен қабылдады.

Артта қалған тарихымызға көз жүгіртсек, Қазақ елі қай ке­зеңде де қонақжайлылық танытып, сырттан келген жолаушыны құшақ жайып қарсы алған. Ал ауы­лы аралас, қойы қоралас жатқан қырғыз бауырларын бауырына басып, қиын-қыстау кезеңде қол ұшын беріп, әрдайым қолдап, сүйеп жүрген қазақ халқының кең пейілін бүгініміз бен кешегіміз дәлелдейді. Бүгінімізді көпұлтты мемлекеттің ауызбіршілігін арт­­тырып, берекесін келтіріп отыр­­ған Елбасы Нұрсұлтан На­зар­­баев­тың ерен еңбегі мен сали­қа­лы саясатының арқасы деп баға­лауымыз керек.

Айнұр ҚАЗТУҒАНОВА,

өнертану кандидаты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері.

Алматы.

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025