Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
330 материал табылды

Таным • 11 Қазан, 2023

Әлемді сақтап қалған қолдар

Алдыңыздан әртүрлі ниет көлбеңдейді. Жалт-жалт етіп немесе тұнжырап, болмаса бір қалыпта шыға келген ет пен сүйек­тің қосындысы ғана емес, пейілдер төбе көрсетеді. Болмыс пен сана, көңіл мен жүрек иелері. Ақылды бастар, сезімтал жандар, өркөкірек кеуделер Алланың алдына барғанда бірдей ғой, бірақ. Қай-қайсысы болсын, қолдарын жайып мінәжат етеді. Жүрегі мен көңілін жайып құлшылық ете ме? Мәселе сонда сияқты. Сана-сезімі мен көкірегі қалай әмір етсе, соны қолымен істейді. Демек, қол... Аялы алақан болып маңдайыңнан сипаған да, өз жа­ныңдай аяулылардың жағасында кеткен де, сөйте тұра Тәңіріне жалбарынғанда жайылған да осы қолдар емес пе?

Әдебиет • 08 Қазан, 2023

Өмірдің өзін жазғандар

«Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп Мағжан емес, басқа ақын айтса жұрт нанбауы мүмкін. Бәлкім еленбей қалады. Тағдырымен кешпеген адам жазған күнде оны жұртқа дәлелдеу үшін томдықтарын шығарып, ғылыми зерттеулер жаз­ғызып, кітаптарының тұсау­кесерін жасап, мерейтойын тойлау керек, тағысын тағы дегендей. Ал Мағжан сендіреді. Ақынды тірі алып қалу үшін жарнама да, өңге әрекеттер де қажет емес.

Таным • 28 Қыркүйек, 2023

Құдайсыздық құрдымы

«Шыңға шық – өлгің келсе егер, шыңға шық – өлгің келмесе» деп аяқталады Жұматай Жақыпбаевтың бір өлеңі. Бұл қандай шың? Бір шыңға шықса, екіншісін бағындырғысы келіп тұратын адам емес пе? Жүрегін Құдайға байлағандарға шың да күлкілі болып қалуы мүмкін. Өйткені бұл дүниедегі өлшем мен межені белгілеушілердің көбі жұмырбасты пенде. Сондықтан белгілі бір деңгейге барғанда кейбір шығармалар бұлдырап кете барады. Былайша айтқанда, «құйрығын» ұстатпай әртараптанып, нақты бірдеңе деп айту қиынға соғады. Оны автор біліп, бәлкім білмей істеді. Өйткені адам ұстағанымен, қаламды белгілі бір деңгейде бір құдіреттің тербейтінін жоққа шығаруға болмайды. Автор ойламаған жерден бұрылыс жасап, бұрылысынан құбылыс туып, сонысына кейін өзі де сенбей қарап отыруы кәдік.

Ән • 27 Қыркүйек, 2023

Қайрекеңнің қуанышы

Әннен басқа арманы болмаған адамдар бар өмірде. Сонау дәуірлерден, есте жоқ ескі күн­дерден адамның өзі емес, ән кө­шеді болашаққа. Бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы халықтың рухы мен жанының көрінісі, сөз бен саздың қосындысы – ән. Ұлт­тың қаны мен жаны, нәрі мен бары. Одан асқан, одан өткен не бар дүниеде? Неше­леген замандардың иінін талды­рып келген ән құдірет кезеңнен ке­зеңге, уақыттан уақытқа оңай көше ме? Алтын жүрек­тер, кіршіксіз күміс кеуделер ар­қылы көшпей ме? Кісісін таң­дап, тұлпарын талғап қонады.

Басылым • 26 Қыркүйек, 2023

Сан қырлы Мәшһүр әлемі

Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен шыққан кітапқа байланысты мәслихатты Сенат депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп жүргізді.

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023

Таласбектің ұлтқа аманаттаған мұрасы

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармаларының 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі өтіп, республикалық Таласбек сыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Аталған томдықтар – қаламгердің көптомдық шығармаларының жалғасы.

Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2023

«Сары өзен» сарыны

«Күй алды Бақанастың қара өзегін,Дауылдай бұрқыратып ебелегін,Қара жер қалқып барып қата қалды,Саймақтың суырғанда «Сары өзенін», демей ме қазақ жырының құлагері Ілияс Жан­­сүгіров. 

Басылым • 21 Қыркүйек, 2023

Балдырғанға – тәбәрік

Ақын Болат Үсенбаевтың кезекті жыр кітабы қолы­мызға тиді. Бұл жолғысы «Тәуелсіздік деген не?» ата­лыпты. Балаларға ар­налған өлеңдер мен ерте­гілер топтастырылған жи­нақ мемлекеттік тапсырыс­пен былтыр шығыпты.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023

Қорғауға зәру құндылықтар

О заманда, бұ заман біздің қоғам домбыраны дауға айналдырады деп кім ойлаған? Әйтеуір жаз ортасында әлеуметтік желіні шулатқанын ұмыта қойғанымыз жоқ. Іле-шала, міне, кеше ғана «домбыра харам» деп кергіген діни жат ағымдағылар әлеуметтік желіні тағы шулатты.

Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023

Болмысы бөлек туынды

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Меценат.кз» тәуелсіз әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты, жазушы, публицист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесер рәсімі жасалды. Онда автордың аталған шығар­масы жан-жақты талданып, әдебиетшілер мен сыншылар пікір бөлісті.