Өнер • 23 Мамыр, 2023
Мың жүректе күмбірлеген күй-әуен
Қазақ домбырадан әсте жалықпайды екен. Әйгілі концерт арасында атты қосын лап бергендей Құрманғазы «Сарыарқасының» үзіндісі залды күңіренте барғанда, тыңдарман орнынан тұрып кетердей қошемет үсті-үстіне үдей түсті. Бұл мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Астана Опера» театрында қойылған Марат Бисенғалиевтің «Ұлы дала әуені» атты салтанатты одасының ортасындағы сәт қана. Теңіздей найқалған тыңдарман ықыласын тамшыдай сәтінен-ақ аңғара беріңіз. Домбыраға, ұзақ сарынды күй мен әуенге, жалпы мәдениетке деген сүйіспеншілігі осындай халықтың.
Жастар • 21 Мамыр, 2023
«Juzz band» – жас өнерпаздар бастамасы
Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» деген ұғым бар. Қазақстан жастарының идеясы, сана-сезімі, көзқарасы, өнері, білім-білігі, тағы басқа қабілеттері сынға түсіп, арасынан үздіктері екшеліп, қоғам игілігіне жарап жатса нұр үстіне нұр емей не? Осы идеяны көтерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екенін атап айтқымыз келеді.
Жануарлар • 18 Мамыр, 2023
Арқа жайлы болмай тұр киіктерге...
Ақ киіктерді алғаш көруім. Пойызбен өтіп бара жатып көзден таса болғанша аңдап үлгердім. Киіктер жалтаң-жалтаң етіп жайылады екен. Басын оңды-солды шұлғығанда, ауада жеңіл қалқып жүргендей сүйкімді көрінеді. Наурыздың 21-і күні Қарағанды облысындағы Дария мен Бұрма ауылын басып өтетін теміржол бойында жалтаң-жалтаң етіп жайылып жүрді. Ішінде мүйізді текесі бар. Мұндай сұлу жаратылысты көрсемші! Жер алашабыр, бір жерде бар, бір жерде қар жоқ. Сонда жайылып жүрген киіктерді көріп қуанған жүрегім, өткенде Жаңаарқаның жазығында шашылып қалған бөкендердің өлексесін көріп күл-парша болды.
Әдебиет • 17 Мамыр, 2023
Қазақ ақын-жазушыларының көшпелілер өміріне, түркі дәуіріне соқпағаны кемде-кем шығар. Бергі күннің суретіне жан бітіргеннің өзінде тамырды, негізгі өзекті сол замандардан тартып жатады. Шәкәрім Құдайбердіұлының «қазақтың арғы атасы батыр Түрік» деуі, Мағжан Жұмабаевтың «Түркістаны», Ұлықбек Есдәулеттің «Біз – түркілерміз» деп сарнап ала жөнелетін жыр сарыны, тізе берсе көп. Тәңір текті түркілер дәуірі айдай ақиқаттың өзі бола тұра, шынында да тарихтың ертегісі сияқты. «Тұранды түгелімен билеп тұрған, ертеде ертегі хан Афрасияб» дейтіні сондықтан шығар Мағжан ақынның.
Поэзия • 16 Мамыр, 2023
Жастар поэзиясы – неміс тілінде
Орталық Азия, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан топырағында түлеген жырлар кәрі құрлықта қанатын қомдап, Алмания руханиятына ат ізін салды. Түбі бір түркі халықтары жас шайырларының шоғыр-шоғыр жырлары тұтасқан қалың антологияға енген әр елдің жыры ана тілінде һәм неміс тіліне тәржімәланған нұсқасы қоса жариялануымен де құнды. Уақыт өткен сайын тамыры терең қазақ жырларының өрісі кеңіп-ақ келеді. Соның бір мысалы, Гёте топырағына барып, неміс оқырмандарымен сырласатын осы антология.
Мәдениет • 15 Мамыр, 2023
Қазір көрермен қауым Астанадағы Ұлттық музейдің аузы-мұрнынан шығып тұр. Мұнда атақты суретші, «Парасат» орденінің иегері Алпысбай Қазығұлдың «Көктемгі самғау» атты көрмесі өтіп жатыр. Мамырдың басында суретші артынып-тартынып Алматыдан Астанаға жеткізген 140 картинасына көз суарып жүргендер де аз емес. Біз де сол қатардан табылып, көркем туындыларды көзбен «жұтып» қайтпақ едік, алайда ұлт пен жұрттың болмысы мен тұрмысынан сыр шерткен бояулар бізді «жұтып қойған» сыңайлы.
Тарих • 14 Мамыр, 2023
Өткен күндері Ерлан Төлеутай шырқаған Біржан салдың атақты туындысы «Теміртасты» әлеуметтік желіден тыңдадым. «Абай» арнасындағы бір бағдарламада арнайы шырқаған екен. Әншінің дауысынан атақты салдың қамырықты мұңы құлаққа келгендей әсерлендім. Ақынның терең мұңы шиыршық атқан шабыт күшімен асқақтап естілгені болмаса, аса қамырықты ән секілді сезілді. Зар, мұң, қамырықты қайғы қабаржып жатқанға ұқсайды түбінде. Осы жолы осылай сезіліп, әсер етті, бұған дейін бұл әнді қанша естісем де, әсерленбегеніме қайран қалдым. Екі-үш қайыра тыңдадым, аса қамырықты туынды. Көкейге осындай сөз орала берді.
Әдебиет • 08 Мамыр, 2023
Ақынның жүрегі – батырдың мінезі
Соғыс туралы өлеңдердің ішінен Сырбай Мәуленовтің жырларын ұнатып оқысам да, алдымнан Қасым Аманжолов шыға береді. Сұрапыл жылдардың рухын сезінгің келсе, бәлкім сәп-пәл жақындағыңыз келсе, Қасым мен Сырбайды қатар оқу керек шығар деп білемін.
Әдебиет • 28 Сәуір, 2023
Кітап оқымайды деген – бос сөз
Астанада бес күнге жалғасып, апта соңында аяқталған «Eurasian Book Fair-2023» Еуразия кітап көрме-жәрмеңкесі елімізде қаншама жылдан бері айтылып келе жатқан «қазір ешкім кітап оқымайды» деген дәйексіз сөздің сеңін бұзды. Мұнда кітап саудасы ғана емес, қазақ мәдениеті мен руханиятында қордаланып қалған мәселелердің шеті қылтиып, көптеген сұрақтың жауабы табылды. «Фолиант» баспасы осымен алтыншы рет ұйымдастырып отырған рух тойына пара-пар кітап көрмесіне мемлекеттік деңгейде мән беріліп, кең ауқым алғаны көңіл көншітті. Бірақ айтарымыз басқа.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2023
Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Тобаяқтың 70 жасқа толуына орай «Арқа мен Жетісу айбозы» атты шығармашылық кеш өтті. Ақынның замандастары, зиялы қауым мен оқырмандар қатысқан іс-шарада кеш иесінің шығармашылығы төңірегінде әңгіме айтылып, қазақ өнерінің көрігі қыза түсті.