е
Қоғам • 27 Тамыз, 2020
42 500 теңгені 2 млн 390,9 мың қазақстандық алды
27 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 599 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 390,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 384,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 27 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте 3 адам коронавирустық белгілері бар пневмониядан көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 558 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 27 Тамыз, 2020
Әлеуметтік-экономика саласының даму барысы қалай?
Мемлекет басшысы өткен жылы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнады. Жолдауда айтылған мәселелердің кей тұсын сарапшылар көзімен зерделеп берелік.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2020
"Ашық аспан" режімі нарықта бәсекелестік орнатуға ықпал етеді
Осыдан тура бір жыл бұрын 2 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнаған болатын. Жолдауда Қ.Тоқаев: «Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның жоғары екені жасырын емес. Мысалы, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 пайызға артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?» дей келіп, соның салдарынан Қазақстан авиациясы халықаралық бәсекеге қабілеттілігінен айрылып, транзиттік әлеуеті төмендеп кеткенін тілге тиек еткен-ді. Содан бері әуе тасымалы саласында да бірнеше өзгерістер болды.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2020
Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің әлеуеті артуда
2019 жылдың 2 қыркүйегінде Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнаған еді. Бір жыл ішінде Президент Жолдауында айтылған аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің әлеуеті қаншалықты артты? Атқарылған жұмыстар барысына шолу жасап көрелік.
Коронавирус • 27 Тамыз, 2020
Елімізде өткен тәулікте 723 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 723 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Жетісай ауданында имамдар 47 балаға планшет пен смартфон үлестірді
Түркістан облысы Жетісай ауданында "Мектепке жол" атты ерекше республикалық акциясы бастау алды. Игі іс аясында аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорынсыз қалған 34 бүлдіршінге планшеттер мен 13 жоғары сынып оқушыларына смартфондар тегін үлестірілді, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
Сенатор: Ұлттық ұлан пандемия кезінде азаматтарға көмек көрсетуге дайын
Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайрат Қожамжаров Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміне барды. Соның аясында сенаторға бөлімдегі қару-жарақ түрлері туралы және пандемия кезінде Ұлттық ұланның күшейтілген режимде қызмет көрсетуге дайын екені жөнінде ақпарат берілді, - деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 26 Тамыз, 2020
Е.Тоғжанов медициналық бұйымдар мен жабдықтар шығаратын өндірістік кәсіпорындарды аралады
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Қазақстан Аселсан Инжиниринг" ЖШС, "Болашақ 2019" ЖШС жұмысымен және Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Спорт • 26 Тамыз, 2020
28-30 тамызда елордада жүгіру мен веложүгіруден онлайн жарыс өтеді
28-30 тамыз күндері елордада ҚР Конституция күніне орай жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 26 Тамыз, 2020
Арнайы білім беру ұйымдары қалай жұмыс істейді?
Жаңа оқу жылында арнайы білім беру ұйымдарының жұмысын 9700-ден астам педагог интернет-платформаларды пайдалана отырып қашықтан оқыту форматында, сондай-ақ штаттық режимде жеке және топтарда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып қамтамасыз ететін болады, - деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Ертіс ауданының тұрғыны тракторды мас күйде басқарған
2020 жылғы 25 тамыз күні сағат 11:30 шамасында Ертіс ауылының маңында Т-40 тракторы тоқтатылды. Жүргізуші тракторды масаң күйде басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 26 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда суару жүйесі 90%-ға дейін жақсартылды
Көктемнің басынан елордалық саябақтарда, бульварлар мен гүлзарларда суару жүйесі 20%-дан 90%-ға дейін жақсарды. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Солтүстікте 64 ата-ана жауапқа тартылды
Железин ауданында жыл басынан бастап тәртіп сақшыларымен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін 64 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 26 Тамыз, 2020
Қазақстанда "Күзгі әскерге шақыру" науқаны басталады
Апта басында өткен аппараттық кеңесте қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев министрліктегі кадрлық өзгерістер туралы хабарлап, Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының бастығы болып тағайындалған полковник Әділ Бековты таныстырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
"Nur Otan" праймериздің алғашқы 10 күндік қорытындысын шығарды
Осыдан 10 күн бұрын елімізде "Nur Otan"-ның партияішілік іріктеуі – праймеризге қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды. Қысқа мерзім ішінде 9 мыңнан астам адам өз өтініштерін жолдап үлгерді. Олардың 34,7%-ы – әйелдер, 26,7%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 2905 адам ұсынылса, 6258 кандидат – өзін-өзі ұсынғандар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Тамыз, 2020
Әлемдегі ең бай адам анықталды
Әлемдегі ең бай адам - Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос тарихтағы алғашқы миллиардер болды, оның байлығы 200 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Egemen.kz Forbes журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Білім • 26 Тамыз, 2020
Интернетке қолжетімсіз ауыл оқушылары мектепте оқитын болады
Интернетке қолжетімсіз ауыл оқушылары мектепте оқитын болады. Аталған мәселені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда көпір астында тағы бір жаңа арт-кеңістік пайда болады
Нұр-Сұлтанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпір астында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2020
Президент "Ұлттық ғылыми медицина орталығының" басқарма төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық ғылыми медицина орталығы" АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 26 Тамыз, 2020
Елордада Конституцияның 25 жылдығына орай қандай іс-шаралар өтеді?
Конституция күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта ұйымдастырылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
900-ге жуық медицина қызметкері бір жолдық әлеуметтік төлем алды
COVID-19-бен күресуге тартылған 899 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды. Бұл туралы Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда • 26 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда жайлы қоғамдық орындарға сұраныс артты
Карантин шаралары енгізілгеннен кейін Нұр-Сұлтанда жайлы қоғамдық орындарға сұраныс артты. Тұрғындар таза ауада серуендеуге көбірек мән бере бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
"Жанұя" отбасы орталығына бір жылда 23 мыңнан астам адам жүгінді
Қолдау орталығында елордадағы отбасыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Хоккей • 26 Тамыз, 2020
Тамирлан Гайтамиров "Барыс" хоккей клубына қосылды
"Барыс" хоккей клубының сапы тағы бір қорғаушымен толықты. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Елорда • 26 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Елордада жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Отырар ауданында екі той ұйымдастырушысы жауапқа тартылды
Карантин кезінде санитарлық-эпидемиялық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында Отырар АПБ полицейлері бірден екі үйлену тойын тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Білім • 26 Тамыз, 2020
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн мектеп ашылды
Қазақстанда "LIDER Z" мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби онлайн мектеп әлеуметтік жобасы басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Тамыз, 2020
Қазақстан жастар құрамасының Черногория және Израильге қарсы құрамы белгілі болды
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Алматыда жалған 10 мыңдық купюраларды өткізгендер құрықталды
Алматы қаласында жалған ақша өткізушілер ұсталды. Бұл туралы ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.