Ер
Білім • 30 Қараша, 2023
Елімізде мектептер 5 жыл сайын тексерістен өтеді
Қазақстанда жыл сайын апатты мектептер саны артып келеді. Осы олқылықты жою мақсатында бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша» заң жобасы талқыланып, қабылданды. Онда алғаш рет балалардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету үшін салынғанына 30 жылдан асқан білім беру ұйымдарының авариялық жағдайы және сейсмикалық тұрақтылығын 5 жыл сайын тексеріп отыру міндеті қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қараша, 2023
Астанада көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
Астанада бүгін көктайғақ болатыны күтіліп отыр. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жастар • 30 Қараша, 2023
Зерттеу нәтижесі: Биылғы жастар портреті қалай шықты?
Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жастар санатына жатады. Олардың сұранысы мен қажеттілігі жалпы қоғамның жағдайын тікелей көрсете алады. Сондықтан зерттеу жүргізіп, жастардың пікірін талдап отыру аса маңызды.
Тағайындау • 29 Қараша, 2023
Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қараша, 2023
Ақтөбелік оқушы екі күннен бері хабар-ошарсыз жоғалды
Ақтөбе облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған орта мектептің 8-сынып оқушысын іздестіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қараша, 2023
Сенаторлар электр энергетикасы саласын дамыту мәселелерін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы үлгісінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Кеншілерге жаңа арнайы әлеуметтік төлемдер енгізіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағандыға жұмыс сапары аясында кеншілермен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдері туралы айтты. Министр арнайы әлеуметтік төлем ала алатын жұмыскерлердің саны жыл сайын көбейіп отыратынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 29 Қараша, 2023
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Синоптиктер 30 қараша - 2 желтоқсан күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 29 Қараша, 2023
Университеттер ынтымақтастығы: Су құрамы зерттеліп жатыр
М.Дулати атындағы Тараз университетіне АҚШ-тың Линкольн қаласындағы Небраска университетінің профессоры, Су ғылымдары зертханасының директоры Дэниел Дэвидсон Сноу шақырылған. АҚШ профессоры М.Дулати университеті ғалымдарымен бірлескен жобалар шеңберінде тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Елімізде алимент төлемеген 6 мың борышкер жауапқа тартылды
Алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
«Келініңіз көлік апатына ұшырады». Зейнеткердің қомақты қаржысын алып кеткен алаяқ ұсталды
Көкшетаулық полицейлер зейнеткерді алдап, қомақты қаражатын қолды еткен дропперді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Қараша, 2023
Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды
Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатыны белгілі. Осы себепті «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірнеше бағытта қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Қазақстанда саусақ іздерін міндетті тіркеу енгізілмеуі мүмкін
Қолданыстағы ережелерге сай саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек болатын. Алайда елімізде міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр. Құжат Мәжіліс қарауына жіберілген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қараша, 2023
АҚШ-та ядролық қаруға тыйым салу мәселесі талқыланды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның бас ғимаратында 27 қарашада басталған Ядролық қаруға тыйым салу шартына (ЯҚТСШ) қатысушы елдердің екінші конференциясына Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2023
«50 cent»-тің концертіне жалған билет сатқан алаяқ ұсталды
Алматыда «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2023
Ақтөбеде 21 жастағы курсант қаза тапты
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Қараша, 2023
Елімізде мұнай өндіру көлемі күрт қысқарды
Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов ауа райының қолайсыздығына және Каспий құбыр консорциумында қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты еліміздің ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі күрт қысқарғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысты
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысқанын айтты, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 28 Қараша, 2023
Қырғыз Республикасының туы өзгереді
Қырғызстан парламентінің комитеті елдің мемлекеттік туының дизайнын өзгертуді көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Автобусты басып алған лаңкестерге қарсы «Набат» операциясын басқарған қазақ
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары дүйім жұрттың назарын өзіне аударған «Набат» антитеррорлық операциясын кім басқарғанын білесіздер ме? Қаншама адамның өмірін қаруланған қылмыскерлердің бұғауынан арашалап қалған ержүрек сардар кім? Бұл сәтті аяқталған операция бүгінгі күнге дейін қарсы барлаудың отандық үлгісі ретінде жас офицерлер буынына оқытылып келеді. Осы және басқа да сауалымыздың жауабын іздеп біз әскер және қоғам қайраткері, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, ҰҚК органдарының еңбек сіңірген ардагері генерал-майор Михаил Юсупович Дәуеновтың өмірімен жақынырақ таныса түссек.
Медицина • 28 Қараша, 2023
Ұйқысыздық әйелдердің денсаулығына қалай әсер етеді?
Ұйқының қанбауы жүрек ауруынан бастап, депрессияға дейінгі дертке шалдықтыратыны бұрыннан белгілі. Соңғы кезде ғалымдар ұйқы режимінің дұрыс сақталмауы когнитивті қабілеттерге, яғни, есте сақтау, жад қалыптастыру құрылымына да кері әсер тигізетінін дәлелдеді. Әсіресе, әйелдер қауымына ұйқының қанбауы тіпті қатерлі.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Риддер ЖЭО қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Риддер ЖЭО-да болып, жүргізілген жұмыстардың нәтижесін бақылады.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Байланыс сапасының нашарлығын ауыл тұрғындары сезінеді – министр
Ақмоба облысы, Аршалы ауданының, Жібек жолы және Жалтыркөл ауылдарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің төрағалығымен ауылдағы байланыс пен интернет сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Әскерилер күзгі бал мерекесін атап өтті
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Абай гарнизонындағы 54770 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің «Алтын күз» атты күзгі бал мерекесі ерекше қызықты көріністерімен көз тартты. Патриоттық-мәдени шараға әскери бөлімдегі ең мықты сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Абай өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат • 27 Қараша, 2023
Ақжол Герой «Ел қорғаны» медалімен марапатталды
Ақжол Геройға аталған награданы қорғаныс ведомствосы басшысының атынан десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыс етті. Іс-шараға десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы, А.Геройдың ата-анасы және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Инновация • 27 Қараша, 2023
Пойыз бен ұшаққа бірдей жарамды билет әзірленді
United Airlines серіктесі Lufthansa Group және Deutsche Bahn компанияларымен бірге бірыңғай билет ұсынды. Билет Германияда әуе рейстері мен теміржол арқылы саяхат жасауға бірдей жарамды, деп хабарлайды Egemen.kz Travel + Leisure порталына сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Полиция қызметкері 81 жастағы зейнеткерді құтқарды
Қостанай облысында учаскелік полиция қызметкері 81 жастағы зейнеткерді түтіндеген пәтерінен алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2023
«Қазақмыс» кенішінде тағы да апат: Екі жұмысшы қаза тапты
Бүгін Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде жұмысшылар қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Hi-Tech: Республика аумағында 125-тен аса киберқылмыс тіркелді
Бүгінгі таңда Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде киберқылмыс, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтық өзекті мәселеге айналды. Ішкі істер министрлігі Қазақстанда күрт көбейген киберқылмысты тоқтату мақсатында 20-22 қараша аралығында «Hi-tech» ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Қараша, 2023
Қазақстан ғалымы радиация өткізбейтін ерекше материал ойлап тапты
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғалымы Анатолий Протопопов радиация өткізбейтін теңдесі жоқ материал ойлап тапқан. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram арнасында жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.