жамбыл
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Жамбыл облысына Ирландиядан асыл тұқымды сиырлар әкелінді
Жамбыл облысының Жалпақтөбе ауылындағы "Жамбыл ет" ЖШС-не Ирландиядан Ангус тұқымды ірі қара малдың алғашқы партиясы жеткізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында 79 жастағы қария коронавирусты жеңіп шықты
Жуалы ауданы Қайрат ауылының 79 жастағы тұрғыны коронавирустан айықты. Бұл туралы Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Бердібек Сапарбаев: Тәртіпсіз тұрақтылық болмайды
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде ұсақ-түйек деген болмайды. Жұмыс орындарының жетіспеушілігі, бағаның өсуі, жер мәселелері, жастардың бос уақыты және басқа да мәселелер тұрақсыздыққа себеп болуы мүмкін. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында ондай олқылықтарға жол бермеу жайы жан-жақты талқыланды, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Қасқабұлақтағы қақтығыс: кінәлілер анықталып, тергеу жүргізілуде
Соңғы уақытта Жамбыл облысында орын алған Қордай қақтығысы қоғамда қызу пікір қалыптастырды. Өзара келіспеушіліктен туған ерегестің соңы жаппай төбелеске ұласып, оған тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласты. Президент пәрменімен нақты тапсырмалар беріліп, тиісті шаралар қабылданып, қақтығыс дер кезінде тоқтатылған болатын. Жуырда Талас ауданының Қасқабұлақ ауылында да бұзақылық әрекет орын алып, абырой болғанда бұл да уақытында ауыздықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында ауруханалар қалыпты жұмысқа көшуде
Соңғы жағдайлар бойынша Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 3889 дерегі тіркелген. Оның ішінде 1693 адамнан коронавирус белгілері анықталса, 2196 жағдай симптомсыз болған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2020
Жамбыл облысының Шу ауданында биыл 128 көше жөнделуде
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Шу ауданына жасаған жұмыс сапары барысында жолдар салу және жөндеу, сондай-ақ суармалы сумен қамтамасыз ету жайы басты назарға алынды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында шешімін күткен мәселе көп
Жамбыл өңірінің бірқатар тұрғыны бейнеконференция режімінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болып, өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандарды жөндеу және ауылдарды абаттандыру мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бейнеконференция режимінде кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандарды жөндеу, ауылдарды абаттандыру мәселелерін көтерді, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Таразда қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарлануда
Облыс аумағындағы стихиялық қоқыстар мен аузына дейін толып, шашылып жатқан контейнерлер тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарының өзегіне айналды. Бұл өзекті мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңестің негізгі тақырыбы ретінде жан-жақты сараланды, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында коронавируспен ауырғандар саны азайып келеді
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус індетімен күрес оң нәтиже беруде. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қауіпті дерттен сауыққан адамдар саны арта түскен. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, соңғы тәуліктегі жағдай бойынша өңірде коронавирус індетінің расталған жағдайларының саны 3724-ке жетсе, бүгінде оның ішінде 3019 адам сауығып, ауруханалардан шығарылған. Бұл көрсеткіш жалпы тіркелген жағдайлар санының 81 пайызын құрайды екен. Сондай-ақ, күн сайын 70-ке жуық науқас стационарлардан шығарылуда, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
"Kaspi bank" жамбылдық дәрігерлерге жедел жәрдем көлігін тарту етті
Коронавирус індеті ел ішіне дендеп енгелі бері жедел жәрдем көліктерінде тыным жоқ. Тіпті дәрігерлердің көмегіне жүгінушілердің көп болғандығы себебінен, кейде тұрғындар тарапынан жедел жәрдем көлігінің уақытында келмейтіндігі де сынға алынған болатын. Дегенмен де Жамбыл өңіріндегі жедел жәрдем көліктерінің тозығының жеткені де талайдан бері айтылуда. Сондай-ақ, қолданыстағы көліктердің қырық пайыздан астамын жаңарту мәселесі де бар, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды
Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қордай ауданында 28-30 жас аралығындағы Аңырақай ауылының 3 тұрғынынан құралған топ анықталған. Олар жақын маңда орналасқан "Райсай" жайылымынан жергілікті "Қалижан" шаруа қожалығына тиесілі 10 бас сиырды ұрлаған, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Жамбылда цифрландыру жұмыстары әлсіз әрі жүйесіз жүргізілуде
Тараз қаласында ағымдағы жылы 1 тамыздан бастап қоғамдық көліктерге төлем жасаудың электронды жүйесі іске қосылу керек болатын. Алайда, оған кедергі келтіріп отырған мәселелер болғандықтан бұл бастама кейінге шегерілді. Аталған мәселені Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев карантинге байланысты техниканы жеткізуде қиындықтар туындағанымен түсіндірді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Татарстан дәрігерлері Жамбыл медицинасын жоғары бағалады
Жуырда тәжірибе алмасу мақсатында Әулиеата өңіріне келген Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесу барысында Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейіне жоғары баға берді. Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев білікті мамандарға шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, әлемдегі күрделі эпидемиялық ахуал жағдайында бауырлас көрші мемлекеттердің қолдауы аса маңызды екенін атап өтті, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Жамбыл облысының аграрлары өз мәселелерін сенаторларға жеткізді
Сенаторлар Әбдәлі Нұралиев пен Мұратбай Жолдасбаев Жамбыл облысына сапары барысында Байзақ ауданы Ақшолақ ауылының шаруашылықтарын аралады. Егінге қажетті су мәселесіне қатысты әңгімеге Меркі мен Жамбыл аудандарының аграрлары да қосылды. Олардың айтуынша өңірдегі сумен қамтамасыз ету мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Егер мәселе созылатын болса, егіс өнім бермеуі мүмкін. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысына келді
Бүгінде әлемді әбігерге салып тұрған қауіпті індетке байланысты медициналық көмек көрсетудің маңызы зор. Осы орайда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан мемлекетінен Жамбыл облысына бір топ дәрігерлер келді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Таразда үйі өртеніп кеткен отбасы баспаналы болды
Биылғы жылғы маусым айының алғашқы күнінде Тараз қаласының Мичурин көшесінде орналасқан үйден өрт шығып, тілсіз жаудың салдарынан бір отбасы далада қалған болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Жамбылда түрмеге есірткі кіргізбек болған тұрғын тұтқындалды
Азық-түлікке есірткі жасырған Тараздық тұрғын түрмедегі досына беріп жібермек болған жерінде қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Руханият • 27 Шілде, 2020
Жамбылдың Баркуаб қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда
Жамбыл облысының Жуалы ауданында орналасқан Бурное-Октябрьск көне қалашығы ұлттың ұлы тарихының бір бөлшегі. Мұнда ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, ежелгі замандағы елдің елдігін танытатын бағалы дүниелер жетерлік. Оны жергілікті тұрғындар Баркуаб деп те атайды. Атақты араб саяхатшысы Убайдалла ибн Абдалла ибн Хордадбек өз жазбаларында бұл елдімекенді Баркуаб деп көрсеткен екен. Ал, 1893 жылы Ұлы Жібек Жолының бойындағы аталған елдімекенді тапқан белгілі ғалым Василий Бартольдтың жазбаларынан да Баркуаб қалашығы туралы кездестіруге болады.
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Тараздағы бірқатар нысан иелеріне айыппұл салынды
Бүгінде өңірдегі карантин талаптарының қаншалықты сақталып отырғанын анықтау мақсатында Тараз қалалық әкімдігінің, полиция және Жамбыл облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдерінен құралған мониторингтік топ облыс орталығында кезекті рейд жұмысын жүргізген, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Жамбыл облысы дәрі сатып алу үшін 1,2 миллиард теңгеге өтінім берген
Бүгінгі таңда Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында коронавирус инфекциясымен және пневмония індетімен ауырған науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің үш апталық қоры қалыптасты, - деп жазады Egemen.kz
Экология • 22 Шілде, 2020
Мойынқұм ауданындағы қызыл жалын төрт тәулік бойы сөндірілуде
Алдыңғы ақпараттарда айтқанымыздай, 18 шілдеден бастап Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта "Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ аумағында құмды жердегі құрғақ шөп пен сексеуілдің жануын сөндіру жалғасуда. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитеті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Жамбыл облысында мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмектер таратылуда
Жамбыл облысында мұқтаж отбасыларға пневмония мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер таратылуда. Тұрғындарға қажетті мыңнан астам медициналық пакет қамтылған. Аталған акция емханаларға бекітілген әлеуметтік қорғалмаған топтардың азаматтарын қолдауға бағытталған, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ірі табиғи өрт ауыздықталды
Бұған дейін 18 шілде күні кешке Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылынан 180 шақырым жерде құрғақ шөп пен сексеуіл жанған. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитеті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 20 Шілде, 2020
Жамбылда бір жасқа толмаған баладан да коронавирус анықталды
Соңғы дерек бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың 104 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 46 жағдай симптомдық болса, 58 дерек симптомсыз болып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 20 Шілде, 2020
Тараздағы ескі мектептер қайта жаңартылуда
Бүгінде Тараз қаласындағы іргетасы 1952 жылы қаланған №4 орта мектептің жаңа ғимараты бой көтеруде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 20 Шілде, 2020
Жамбыл облысында екі ірі табиғи өрт ауыздықталды
18 шілде сағат 9:36-да Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылынан 180 шақырымда, Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта "Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Мойынқұм мекемесі" КММ аумағында құмды жерде алдын ала мәлімет бойынша 10 мың га аумақта құрғақ шөп пен сексеуіл жанған, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 20 Шілде, 2020
Елордалық жас сарбаздар Қарулы Күштер қатарына қосылды
Олар Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімдерде қызмет етеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Жамбылда есірткі ісіне қатысты автокөлік жүргізушісін ұстады
Жамбылда есірткі ісіне қатысты "Ауди-100" маркалы автомашинаны ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Жамбыл облысындағы жергілікті жолдардың шамамен 320 шақырымы жаңартылады
2020 жылы Жамбыл облысында жергілікті жолдардың шамамен 320 шақырымы жаңартылатын болады. Мұнда автомобиль жолдары саласында 20 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.