Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 06 Қараша, 2019
Қазақстаннан Ресейге жарты тонна қара уылдырық экспорттауға тырысқан
Ақтөбе облысы бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге әрекет жасаған кезде «Жайсан-авто» өткізу пунктінде тауарға ілеспе құжаттарда жалған мәліметтер беру фактісі бойынша автокөлікті ұстады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Тағайындау • 06 Қараша, 2019
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылық құрамына Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарын таныстырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 06 Қараша, 2019
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) атқару комитетінің отырысы өтіп жатыр
Польшаның Котовице қаласында Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің алқалы жиыны өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет жане спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 06 Қараша, 2019
Н. Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуға тиіс
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Жастарға жалдамалы пәтер: Елордада 3 орталықта көмек береді
Нұр-Сұлтан қаласында ЭЦҚ мен жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға құжаттар тізімін беретін 3 қосымша орын ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Алматыда 32 бағыт бойынша жаңа автобустар жүре бастады
Тұрғындардан түскен өтініштер бойынша 32 бағыттың паркі 100 пайызға жаңартылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Қарағанды облысында әлем чемпионы жастармен кездесті
Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, спорттық акробатикадан әлем чемпионы Никита Амоскин жастармен кездесті. Сондай-ақ бұл кездесуге спортшының анасы мен әжесі және жаттықтырушысы Ботагөз Байбақушева да қатысты.
Үкімет • 06 Қараша, 2019
2020 жылы Үкімет Парламенттің қарауына 16 заң жобасын ұсынады
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Зияткерлік сайыста қарағандылық оқушылар жүлдегер атанды
Алматыда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің базасында өткен республикалық «Менің кіші Отаным» зияткерлік сайысында қарағандылық оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Қазақстан Дінтанушыларының IX форумы өтіп жатыр
Бүгін елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен Қазақстан Дінтанушыларының кезекті IX форумы өтіп жатыр.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Ақтөбеде «Жасыл ел» жасақтарының еңбек маусымы қорытындыланды
Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымының жабылуы салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелі жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Оңдасын Оразалин шараны ресми түрде ғана өткізіп қоймай, жастарды өткенге ой салуға, артық-кемімізді саралап, осы бағыттағы жұмысты дамытуға ақыл қосуға шақырды.
Үкімет • 06 Қараша, 2019
2020 жылға жоспарланған заң жобаларының тізімі ұсынылды
Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының жобасы туралы Үкімет отырысында әділет вице-министрі Н. Пан баяндама жасады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Үкімет • 06 Қараша, 2019
2020 жылы ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға 80 млрд теңге бағытталады – Р. Скляр
А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуы туралы баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Үкімет • 06 Қараша, 2019
А. Мамин: «Ауыл – ел бесігі» жобасы 7 млн тұрғынның өмір сүру сапасын арттырады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Маңғыстауда жыл басынан бері газбен уланудың 3 оқиғасы тіркелді
Маңғыстау облысының аумағында 2019 жылдың басынан тұрмыста тұншықтырғыш газбен уланумен 3 оқиға тіркелді, оның ішінде 5 адам зардап шекті, 1 адам мерт болды. Ал 2018 жылы 3 оқиға тіркеліп, оның ішінде 5 адам зардап шекті және 4 адам мерт болды, олардың 2-і бала. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Мұнайлыда «Медицина жанымызда» акциясы басталды
Маңғыстау өңірінде халық саны бойынша ең үлкен аудан Мұнайлы саналады. Мұнда 160 000 астам адам тұрады. Орталық аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен «Медицина жанымызда» әлеуметтік акциясы бастау алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 06 Қараша, 2019
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына 421 млрд тг бөлінеді
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және бизнесті қолдаудың 2025 жылға дейінгі жаңа тәсілдері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
АҚШ Ұлттық зертханалары жоғары баға берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталық қазіргі кезде халықаралық аренада жоғары дәрежеге жетіп отыр. Қазақстан әлем қауіпсіздігі алдында тағы бір тың қадамға барып, болашақта ядролық қалдықтардың пайдаланылмауының және ядролық терроризмді болдырмаудың сақтық шараларын да жасады.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Мас күйінде көлік жүргізген 22 мың жүргізуші анықталды
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Уақыт – әр адам үшін әртүрлі өтеді ғой. Қаламгер уақыты – қат-қабат, қарбаласқан, дәуірлер мен замандарды сапырылыстыра, араластыра, кейде тарихи шегініс жасап, кейде алдағы ғасырларға ой күшімен қарғып өтіп жететін құбылыс секілді көрінеді. Сол аласұрған уақытпен арпалыса жазған қаламының ізіне күллі дүние ілесе көшіп жүргендей сезіледі. Сол қалам бір сәтке тоқтап қалса, бүкіл әлем тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Ал мәңгілікке тоқтаса ше? Тоқтаған қалам – үзілген демнен де ауыр.
Кино • 06 Қараша, 2019
Қазақстанда IV Еуропа кинофестивалі ашылды
Бүгін Алматыда Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі ұйымдастырған IV Еуропа кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
БҚО-да терроризмнен сақтанбаған 13 басшыға айыппұл салынды
Батыс Қазақстан облысында түрлі нысандардың терроризм қаупіне дайындығы, оған қарсы іс-қимыл алгоритмі тексеріліп жатыр. Сақтық және алдын алу шараларын ақсатқан кейбір басшыларға шара қолданылған.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Рудныйда кеншілер мінген автобус жол апатына ұшырады
Бұл жөнінде Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
СҚО-да ұрланған 300 жылқы иелеріне қайтарылды
Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда жыл басынан бері өңірде 80-нен артық мал ұрлығы тіркелген. Жоғалған малдың көпшілігі жайылымнан қуылып кеткендер. Облыста «Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға ведомстволық бағдарламаны іске асыру аясында Полиция департаменті мал ұрлығын ашу және оның алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Субсидия төлеу ісі созыла бере ме?
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауға ең бірінші кезекте өңірдегі мал өсірумен айналысатын агроқұрылымдар зәру екені айқын байқалады. Соның ең басты көрінісі осы мақсатта берілетін субсидиялық қаражаттың уақытында төленбеуі. Сондықтан облыстағы бірқатар шаруақожалықтардың иелері көптеген кедергілерге кезігуде.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Алматыда шешендер сөз сайысы өтті
Алматыда еліміздің 10 облысынан келген 40 оқушы би-шешендердің толғауларын жатқа айтып жарысты. Биыл екінші жыл қатарынан өтіп жатқан байқаудың басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге үйрету. Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі баспасөз бөлімі таратты.
Саясат • 06 Қараша, 2019
Азаматтық қоғамды дамыту жайы қаралды
Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының «АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жағдайы және даму перспективалары» атты азаматтық форумы өтті.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Үздік әлеуметтік жобалар анықталды
Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Марапаттау рәсімі Тәуелсіздік сарайында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің, Президент Әкімшілігінің және Үкімет өкілдерінің, Парламент депутаттарының және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Үкімет • 06 Қараша, 2019
«Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет». Халыққа Жолдауында осылай деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Үкімет пен халық арасындағы диалогты қамтамасыз етуді көздейтінін баса айтқан болатын. Тұжырымдаманың іске асуы үшін министрлер де атқа қонған-ды. Әсіресе халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды мақсат екені анық.
Саясат • 06 Қараша, 2019
Халықаралық кездесуде мүмкіндіктеріміз таныстырылды
Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми 2019 жылғы 2-5 қараша аралығында Индонезияда өтіп жатқан Азия елдерінің конституциялық бақылау органдарының кездесуіне және басқа да іс-шараларға қатысты.